Информатика пәнінен Тест тапсырмалары (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тест 5 сынып

Аты жөні:______________________

Күні:___________________________

Класы:_________________________

1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

С) Пернелерді ақырын басу

Д) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу.

2. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсіру үшін не істеу керек?

А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10 - 15 минут сайын жасап отыру

В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

Д) Арасында мониторды өшіріп отыру.

3. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?

А) 10 - 15 см

В) 20 - 30 см

С) 40 - 50 см

Д) 55 - 65 см.

4. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?

А) сезу және көрудің

В) иіскеу мен естудің

С) есту мен көрудің

Д) көру және дәмін тату арқылы.

5. Сендер электронды хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

А) есту

В) сезу

С) көру

Д) жазбаша.

6. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) қағазды

В) дискіні

С) тасты

Д) суды.

7. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?

А) биді

В) суреттерді

С) қимылды

Д) дыбысты.

8. Адам үшін ұялы телефон - ол:

А) Ақпарат көзі

В) Ақпарат қабылдаушы

С) Ақпаратты өңдеу құралы

Д) Байланыс құралы.

9. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А) Бит

В) Байт

С) 1

Д) Әріп.

10. Бір байт - ол:

А) 10 бит

В) 16 бит

С) 8 бит

Д) 4 бит.

11. 1 Кбайт - ол:

А) 100 бит

В) 1000 байт

С) 1024 байт

Д) 1500 байт.

12. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?

А) Процессор

В) Принтер

С) Дискжетек

Д) Жедел жады.

13.Ақпаратты енгізу құрылғысы?

А) Процессор

В) Принтер

С) Пернетақта

Д) Компьютердің жады.

14.Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін... керек.

А) Дыбыс картасы

В) Желі картасы

С) Видеокартасы

Д) Процессор.

15. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

А) Alt

В) Tab

С) CapsLock

Д) NumLock.

16. Enter пернесі не үшін керек?

А) Енгізу

В) Курсорды жылжыту

С) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру

Д) Бас әріптер режимін алмастыру.

17. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:

А) Сканер

В) Принтер

С) Монитор

Д) Пернетақта.

18.Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?

А) Сканер

В) Пернетақта

С) Тышқан

Д) Принтер.

19.Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

А) Монитор

В) Колонкалар

С) Сканер

Д) Микрофон.

20.Принтер қандай құрылғы?

А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын

В) Графикалық ақпаратты енгізетін

С) Ақпаратты қағазға басып шығаратын

Д) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын.



© 2010-2022