Тақырыбы: Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігіТақырыбы: Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі


Ү.Ш.Малдыбаева,

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі


Сабақ тақырыбы:

Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі

Жалпы мақсат пен міндеттері

Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, мәліметтердің ақпараттық көлемін анықтайтын есептерді шығаруды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйрету.

Оқыту нәтижесі:

Жұмыс орнын ұйымдастыра алады. Ақпараттың өлшем бірліктерімен танысады, ақпарат көлемін есептеуді, ақпарат өлшемін кішіден үлкенге және керісінше үлкеннен кішіге ауыстыру алгоритмін біледі, ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылады.

Ресурстар:

Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов,-«Информатика 5 сынып» оқулығы, Астана:Арман ПВ, 2013ж. Презентация «Ақпараттың өлшем бірліктері»

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс, СТО, АКТ - ны пайдалану, диалог, дарынды және талантты балалармен жұмыс, бағалау.

Құрал-жабдықтар:

проектор, мультимедиапрезентация (көзге жаттығулары), ДК, топтарға арналған тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, дәптер, оқулық, стикер, түрлі-түсті маркерлер мен постерлер.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

  1. Ұйымдастыру.(2 мин)

Амандасу «Бір қолмен амандасу», оқушылар бір-біріне жақсы тілектер, көңіл-күй тілейді. Топқа бөлу үшін «Фото суреттің қиындыларын құрастыру» (Кітап, ДК, планшет). Топ ережесін құруТақырыбы: Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі

1.Оқушылар тренингке белсенді, көңілді қатысады.

Топқа бөлуде оқушылар жарысып, бірігіп құрастырды. Оқушылар топ ережесін құру кезінде ойланып өз ұсыныстарын айтады

  1. Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру.(4 мин)

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

  1. Адам ақпаратпен не істей алады?

  2. Ақпаратты адам қалай сақтайды?

  3. Ақпараттарды қайда сақтауға болады?

Смайликтер арқылы формативті бағалау.

2. Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.Сақтайды, өңдейді, қабылдайды, бере алады.

2.Адам ақпаратты «Сыртқы сақтау құрылғыларында» сақтай алады. (қойын дәптерінде, флешкаларда, дискілерде т.б).

3.Электронды құрылғыларда.(СD, DVD дискілерде, флешккаларда)

Дұрыс жауаптарға смайликтер алады. Тақырыбы: Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі

  1. Білімді өзектендіру.Тақырыпты ашу. (6 мин)

1. Жоғарғы сынып оқушыларының сабақта жасаған жобаларындағы ақпаратты сақтаудың түрлі әдістерін көрсету арқылы жаңа сабақты бастаймын.

2.Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

3.Оқушылар алдына мәселе тудырамын: тарих пәнінен беретін әріптесім менен көмек сұрады. Ол сабақ тақырыбына байланысты бейнесабақты бір флешкадан екінші флешкаға көшіре алмай отырғанын айтты. Қалай ойлайсыздар неге? Яғни ақпаратты өлшеу керек шығар?

4.Сұрақ қоямын: балалар сендер ақпаратты қалай өлшеуге болатынын білесіңдер ме, қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

3. Оқушылар осы материалдарды көре отырып, мәселенің шешу жолдарын айтады.

Ақпарат флешкаға сыймайды, флешкада орын аз. Көлемі үлкен флешка алу керек немесе дискіге жазуға болады....

Байт, гигабайт, мегабайт….

Дәптерге сабақ тақырыбын жазады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен міндеттері анықталады

  1. Мағынаны тану.(8 мин)

Презентация көрсете отырып жаңа сабақтың түйінді идеяларын түсіндіремін

Тақырыбы: Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігіТақырыбы: Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі

4. Оқушылар жаңа түсініктерді дәптерге жазып алады.

  1. Тақырыпты бекіту. (15 мин)

- Топтар бойынша жұмыс жасау ұсынылады. Топтарға (1 қосымша. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.26-28б.) беріледі. Қосымша білімді бекітуге арналған 3 тапсырмадан тұрады. (3 деңгейлі).

- Жауаптарды «Табыс критерийлері» стратегиясы бойынша құрылған жауап парағына жазып отыру керек.

- Мұғалім ауызша жауаптары үшін алған смайликтер бойынша оқушылардың алған балдарын тақтаға жазып қояды.

- Топтар жұмысына қорытынды жасалады.

5. Топтар (1 қосымша) тапсырмасын алады. Топ спикерлері орындалған жұмыстарды қорғайды. Топ мүшелері сұрақтар қояды, хатшы мұғалім рөлінде болып,топтарға балдарын қойып отырады.

Бағалау бірігіп жасаған табыс критерийлері бойынша жүргізіледі.

1 қате - 5 бал

2-3 қате - 4 бал

3-4 қате - 3 бал

4 қатеден артық болса - 2 бал

Практикалық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірлерімен бірлесе отырып жұмыс істеді

6. Сергіту сәті. (2 мин)

Презентацияға қарап бойын еркін ұстау және көзге арналған жаттығуды жасау.

Оқушылар әр түрлі фигуралардың қозғалуы бойынша көздерін қозғай отырып жаттығулар жасайды.

Көзге арналған жаттығулар:Тақырыбы: Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі

7. Жеке жұмыс. (6 мин)

Сандарды бір өлшем бірліктен басқа өлшемдерге ауыстыру. Кілт бойынша жұп бірін-бірі бағалайды.

_______________________(Аты-жөні)

Бір өлшем бірліктен екінші өлшемге ауыстырыңыз:

7 байт = _______________бит

6 килобайт = ___________байт

1 мегабайт = _________________ байт

88 бит = ___________________ байт

5120 терабайт = ___________ гигабайт

Оқушылар тапсырманы орындайды. Калькулятор программасын қолданады.

Жұптар бір-бірімен парақтарын ауыстырып бір-бірін бағалайды.

8. Үй тапсырмасы.(2 мин)

1. Оқулық - §4,.23-26 беттерді оқу

Тест «Өзіңді тексер» 29 бет дәптерде орындау

2. Өз Атыңыз, Фамилияңыз, Тегіңіздің ақпараттық көлемін анықтаңыз. (байты, Кбайты,Мбайты)

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Сұрақтары болса сұрайды.

9. Рефлексия. (2 мин)

Тақтаға үш көңіл күйдегі смайлик ілінеді. Мұғалім оқушыларға осы смайликтер астына стикерге бүгінгі сабақ бойынша жазған:

1. Тақырып маған түсінікті, барлық тапсырманы орындадым

2. Маған барлық тапсырма түсінікті болған жоқ, кейбір тапсырманы орындамадым

3. Мен ештеңе түсінбедім. Ілуді сұрайды.

Таңдаған смайликтер астына оқушылар өз стикерлерін іледі.



© 2010-2022