Алгоритм және оның атқарушылары

ОҚО, Мақтарал ауданы, "Шұғыла" ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Темиров Абжаппар Бактыбекович ОҚО, Мақтарал ауданына қарасты «Шұғыла» жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Темиров Абжаппар   Сынып: 6 Тақырып:  Алгоритм  және оның атқарушылары Оқыту  мен тәрбиелеудің міндеттері: Мақсаты: оқушылардың алгоритм ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру,  қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру. 1.  Білімділік: Оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп ,негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек. 2.  Дамытушылық: Қарапайым алгоритм құра білу, оның нә... Бұйрық нөмірі Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі 1 Көк қарындашты ал   2 Шардың суретін сал   3 Шарды боя   4 Қарындашты орнына қой   5 Соңы     Сабақты қорытындылау: «Көкпар» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады. «Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар: 1. Алгоритм дегеніміз не? 2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер 3. Алгоритмнің ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгоритм және оның атқарушылары

ОҚО, Мақтарал ауданына қарасты «Шұғыла» жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Темиров Абжаппар

Сынып: 6

Тақырып: Алгоритм және оның атқарушылары

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Мақсаты: оқушылардың алгоритм ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.

1. Білімділік: Оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп ,негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек.

2. Дамытушылық: Қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру және еңбекке баулу.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары

Сабақ түрі: Лекция сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

Шаттық шеңбері

2. Үй тапсырмасын пысықтау

1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А)Шоттар Б)Арифмометр

С)Калькулятор Д)Соробан

2. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:

А)Арифмометр Б) Холлерит машинасы

С)Шоттар Д)Беббидж машинасы

3. Бірінші программалаушы кім?

А)Чарльз Беббидж Б)Герман Холлерит

С)Ада Августа Лавлейс Д)Блес Паскаль

4. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А)1946ж Б)1949ж

С)1980ж Д)1956ж

5. USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады?

А)оптикалық дискілерді Б)флэш - дискілерді

С)жұмсақ магнитті дискілерді Д)DVD дискілерді

Жаңа сабақ

Анықтама. Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қалааралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.

Мысал: Шәйді демдеу алгоритмі

  • Басы

  • Ыстық сумен шәйнекті шаю

  • Шәйнекке шәй салу

  • Қайнаған су құю

  • 3-5 минут күту

  • Шәйді шыныаяққа құю

  • Соңы

Алгоритмнің қасиеттері:

1. Айқын,дәл өрнектелуі.

2. Үзіктілігі.

3. Нәтижелілігі.

4. Жалпыламалығы.

5. Формалды орындалуы.

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгортмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет .

4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.

Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.

5.Алгоритмнің формалды орындалуы.

Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.

Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән - жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп аталады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.

Бекіту: «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар

Бұйрық нөмірі

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарындашты ал

2

Шардың суретін сал

3

Шарды боя

4

Қарындашты орнына қой

5

Соңы

Сабақты қорытындылау: «Көкпар» ойыны.

Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.

«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер

3. Алгоритмнің қасиеттері қандай?

«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, жылдамдыққа дағдыландырып,есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылыған арттырады.

Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.

© 2010-2022