• Преподавателю
  • Информатика
  • Доклад «Информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін үздіксіз арттыру үшін ақпараттық білім кеңістігін құру»

Доклад «Информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін үздіксіз арттыру үшін ақпараттық білім кеңістігін құру»

Раздел Информатика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін үздіксіз арттыру үшін ақпараттық білім кеңістігін құру.



Айтып берсең-ұмытып қалармын,

Көрсетіп берсең-есте сақтармын,

Өзіме жасатсаң-мен үйренемін.

Конфуций

КІРІСПЕ

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

  1. өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;

  2. құбылыстарға модельдер кұра біледі.

Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Мақсаты:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;

  • мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;

  • білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

  • педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

  • педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРОГРАММАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ

ИНТЕРНЕТ-ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ






Мазмұндық құрылым информатика мұғалімдері үшін келесі деңгейлер бойынша беріледі:

  1. Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.

  2. Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.

  3. Арнайы. Бұл "Информатика және ақпараттық технология" пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады

І.ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛIМДЕРIНIҢ БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.

Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.

Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:

  1. Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

  2. Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.

  3. Ұйымдастырушылық - оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

  4. Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм - Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.

  5. Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

  6. Ынталық/психологиялық - психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.

  7. Жобалық - мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.

  8. Ғылыми-iзденiстiк - мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.


Педагог мамандардың құзырлық қалыптастыру деңгейлерi

Пәндiк

Коммуникативтiк

Ұйымдастырушылық

Аналитикалық бақылау

Бейiмделген

Ғылыми-iзденiстiк

Жобалық

Ынталық/психологиялық


СКТ технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын көтеру, мәселелеріне көп көңіл бөлемін. 2012 жылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру кусында осы аталған технологиямен облыстық «Үздік авторлық үйірме бағдарламасы» байқауында «Шебер мұғалім» номинациясына ілендім. Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Диплом III дәрежелі «Компьютерлік педагогикалық бағдарлама» іленді, кітапшасы шықты «Использование электронной модели обучения в LCDS на уроках информатики» 2012 жылы. 2012 курс переподготовки «Теория, практики и педагогические технологии в обучении информатике»




videouroki.net

metod-kopilka.ru - Методическая копилка учителя информатики.

klyaksa.net - Портал Клякс@.net.

Обучение программированию. Тесты по информатике. Полезные программы.

it-n.ru - Сеть творческих учителей создана для педагогов, которые интересуются возможностями

улучшения качества обучения с помощью применения информационных и коммуникационных технологий (ИКТ).

informic.narod.ru/info.html - Сайт учителя информатики, технологии и ОБЖ Разумова В.Н. Нормативные документы.

Планирование уроков. Конспекты. Задания. Презентации. infoschool.narod.ru/index.htm - Информатика в школе.

Қолданған әдібиетер

Информатика негіздері

№3-2009 Раева Г. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.

Информатика негіздері

№3-2009 Е.Бидайбеков. Білім беруді ақпараттандыру және информатика мамандарын даярлау мәселелері

Проблемы и перпективы развития школы в условиях перехода на 12-летние образование 2010г. АОИПРК





© 2010-2022