Сабақ жоспары 6 класс

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бағандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға беттерді бағандарға бөлуді үйрету, білімдерін одан ары жетілдіру

Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

Оқушылармен сәлемдесіп, сабақты бастаймын. Оқушыларды қима қағаз арқылы 2 топқа бөліп аламын. (2 мин)

1 топ: Тізімдер

2 топ:Бағандар

Оқушылардың осы уақытқа дейінгі алған білімдерін сайыс ойын арқылы тексеру.

Сабақта қолданылатын ойын түрлері:

  1. «Өзіңді тексер» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру).(8 мин)

  2. «Білгенге маржан» аялдамасы (өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары)(4мин)

  3. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы (Жаңа сабақ).(8 мин)

  4. «Өзің орында» аялдамасы .(компьютермен жұмыс). (15 мин)

  5. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті).(2 мин)

  6. «Кім көп біледі »Бекіту сұрақтары (4 мин)

ІІ. «Өзіңді тексер» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру).

Нөмірленген және таңбаланған тізімдер құрап келу.

Ал балалар үй тапсырмасы бойынша қолдарыңа постер беремін. Постерге жазып, қорғап шығады.

  1. Тізімдер тобына :

Нөмерленгенген тізімге:

  1. Сабақ кестесін құру.

  2. Оқушылар тізімін құру.

  3. Компьютермен жұмыс барысында қөзді шаршатпау үшін мына талаптарды орындау керек:

2. Бағандар тобына

Маркерленген тізімге:

  • Кабинеттегі техника қауіпсіздігін сақтау әрекеттері

  • Азық -түліктің тізімін құру

  • Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері:

ІІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары)

  1. Тізім деп нені түсінесіңдер?

  2. Тізімнің түрлерін атаңдар.

  3. Мәтіндік процессорда тізімнің неше түрі бар?

  4. Тізім жасау бізге не үшін қажет?


IV.Мақсаты: Оқушыларға баған дегеннің не екенін, бағанның түрлерін, баған түрлерін орнатуды үйрету.

  1. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы (Жаңа сабақ). (8 минут)
    Балалар! Біз өткен сабақтарда Microsoft Office - 2007 пакеті құрамындағы Microsoft Word - мәтіндік редакторымен танысуды бастап, ол қандай программа, не үшін арналған, оны қалай қосамыз, оның терезесі құрылымымен, онда құжат құру және оны сақтау жолдарын үйрендік.

Ал балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бағандар.

Бұл тақырыпта балалар біз бағандарға бөлуді үйренеміз. Ал қанеки жұмыс дәптерімізді ашамыз.Тақырыпты жазып қоямыз. Көп бағанды мәтіндерді сирек болса да, кітаптар мен баспа құжаттарыннан кездестіреміз. Құжаттың абзацтары қысқа жолдан болған жағдайда көп бағанды қолданған дұрыс.Мысалы: заттардың тізімінен немесе өлең мәтінінен тұратын жолдарды еске алайықМұндай құжаттардың оң жағы толтырылмай қаладыда артық шығын болады.Мұндай құжат естетикалық жағынан көріксіздеу болып көрінеді. MS Word-тың мүмкіндіктерін пайдаланып, құжатты ықшамды етіп орналастыруға болады.

Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағандарға орналастыру үшін : Разметка страницы(Бетбелгі) ге барып Бетті белгілеу Бағандар батырмасын яғни колонки батырмасын пайдаланамыз.

Бағандарға бөлудің 2 түрі бар:1 сі Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да,

2 сі алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.

Әдетте бағандарға бөлерде беттің альбомдық теру бағытын таңдайды себебі көлденеңінен орналасқан параққа бөлінген мәтін көп сияды. Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау)батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.Бағандар мөлшерін бір -бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу-Бағандар-Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар. Мәтіннің дұрыс бөлінбеуіне әкелетін кез келген әрекетті түзетуге тырысқаннан гөрі , оданТез қол жеткізу тақтасы-Бас тарту бұйрығы көмегімен бас тартқан жөн.

Бағандарды анықтауға болатын ең үлкен мүмкіндік мәні 12 бағанға дейін бөлуге болады.

  1. «Өзің орында» аялдамасы .(компьютермен жұмыс).

А) деңгейі

Өлеңді теріп жазып, 2 бағанға бөліп жазыңыз. Екінші шумақты сары түске, бірінші шумақты жасыл түске бояңыз.

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,

Қызыл қанатты көбелек,

Бақшамызға келе кет.

Гүлдер ,гүлдер көктесін

Көбелектер көп келсін,

Ақ қанатты көбелек,

Бақшамыздан кетпесін

көбелек-ау көбелек,

Бақшамызға келіп кет

В) деңгейі

Кез келген өзің білетін өлеңді тер. 2 бағанға орналастыр. Сурет кірістір.

«Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті). Оқушыларға бейне ролик арқылы билету.

VIІ. «Кім көп біледі »Бекіту сұрақтары:

Тест

1.Мыналардың қайсысын бірнеше бағанға орналастыруға болады: а) әңгіме ә)өлең б)баяндама

2 .Бағандарды құрудың алғашқы кезеңдері :а) мәтінді теру ә)бағанды құру бұйрығын таңдау

б) алдымен мәтінді теруге де, бағандарға бөлу бұйрығын да беруге болады

  1. Бағандарды анықтауға болатын ең үлкен мәні:

а) 10 ә) 12 б)3

4.Мәтінді бағанға бөлу үшін қандай бұйрық орындалады:

а)Бетті белгілеу -Бағандар ә) Бетті белгілеу - Бас тарту б) Бетті белгілеу - Тізім

  1. Бағандардың мөлшерін қалай баптауға болады:а) Бетті белгілеу- - Бағандар ә) Бетті белгілеу-Бағандар-Басқа тізімдер б) Бетті белгілеу-Бағандар-Басқа бағандар

  2. Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін :а) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада бір бағанды таңдау керек ә) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада екі бағанды таңдау керек б) Бетті белгілеу-Бағандар бұйрығынада үш бағанды таңдау керек

VIІІ. Бағалау. Топ басшылары және топ бірлесе отырып, бағалайды.

Үйге тапсырма: тақырыпты қайталап оқып, кітаптың 125 бетіндегі сұрақтарға жауап беру.



© 2010-2022