План по информатике ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ДК - дің негізгі бөліктерімен және даму сәулетімен таныстыру. ДК құрылғыларының архитектурасын қарастыру. Джон фон Нейман принциптерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын толық айтуға, дебатқа, жаңа коммуникативтік технологияларды меңгерту және білімдерін дамыту.
Тәрбиелілік: Ұшқырлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, сөз мәнеріне тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар: оқулықтар, интерактивті тақта, слайд, компьютерлер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Журнал бойынша түгендеу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Сандар не дейді?» ойыны. Бұл ойында оқушылар слайдта көрсетілген сандарға байланысты ақпараттарды айтады.

1. б.д.д 300 жыл

2. 1673 жыл

3. 1833 жыл

4. 1843 жыл

5. ХХ ғасырдың 30-жылдарында

6. 1946 жылы 15 ақпан

7. 1946-1958 жылдары

8. 1958-1964 жылдары

9. 1964-1972 жылдары

10. 1970 жыл

Жауабы: 1.Абак, жапон, қытай шоттары пайда болды.

2.Механикалық арифмометр ойлап шығарылды.

3.Аналитикалық машина пайда болды.

4.Аналитикалық машинасы үшін алғашқы программа жазды

5. ЭЕМ кезеңі

6. Алғашқы ЭЕМ ENIAC құрастырылды

7. Электрондық лампалар қолданыла бастады.

8.Жартылайөткізгіш транзисторлар қолданыла бастады.

9.Интегралдық сызбалар негізі қаланды.

10.Үлкен интегралды сызбалар алғаш қолданыла бастады.

«Суреттер сыр шертеді» суреттік ойыны

1-сурет 2-сурет 3-сурет

4-сурет 5-сурет 6-сурет

7-сурет 8-сурет 9-сурет

Жауабы: 1-сурет. Римдік абак 2-сурет. Шот 3-сурет. «Феликс» арифмометр 4-сурет. Аналитикалық машина

5-сурет. Бірінші буын, ENIAC 6-сурет. Екінші буын, жартылай өткізгіш транзисторлар

7-сурет. Үшінші буын, микросызбалар 8-сурет. Төртінші буын, IBM PC IV, үлкен интегралдық сызбалар

9-сурет. Төртінші буын, суперкомпьютерлер

ІІІ.Жаңа сабақ «ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары».

Компьютердің сәулеті - компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.
Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды.
Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады.
Джон фон Нейманның принциптері:
o Екілік принципі - деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.
o Программалық басқару принципі - программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.
o Жадтың біртектілік принципі - бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады.
o Жадтың мекенжай принципі - жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.
o Тізбектеп программалық басқару принципі - барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.
o Шартты көшу принципі - программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы мүмкін.
Дербес компьютердің (ДК) сәулеті - прцессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.
ДК-нің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол 3 түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Шинаның сипаттамасы - разрядтылығы.
Аналық тақша - заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі - екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады.

Ұяшықтарды таңдау арқылы оқушыларды екі топқа бөлемін.

І-топ - «Жүйелік қорап»

ІІ-топ - «Монитор»

Екі топқа постерде жоба құруға үш минут беріледі. Жобаның тақырыбы: «6а сынып оқушыларының заманауи сәулеттегі Ү буын компьютерлері». Олардың мақсаттары екі топ плакатқа жаңа заманауи компьютерлерді Нейманның принциптері сияқты принцип құра отырып ойлап тапқыштардың қатарына қосылу. Ал қорғауға екі топқа үш минуттан беріледі. Жоба тақырыбы «Болашақтың ашық саулетті компьютері. Нейман принципімен»

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыны. Бұл ойында оқушыларға мәтін беріледі. Сол мәтінді 2 минут ішінде компьютерге теріп шығулары қажет. Сонымен қатар ойын шартында тінтуірсіз мәтін теруге арналған редакторды қосулары қажет.

ІҮ.Сергіту сәті.

  • Оқушылар компьютерден теріс қарап отырамыз, тұрмаймыз. Сдайдта көрсетілген әрекеттерді орындаймыз.

1.Компьютерді қосамыз.

2.Мониторды қосамыз.

3.Пернетақтаны алдымызға ыңғайлап қоямыз.

4.Орындығымызды ыңғайлап қоямыз.

5.Пернетақтада мәтін тереміз.

Ү. Бекіту. «Әр сұраққа-бір жауап» ойыны

1. Конфигурация дегеніміз не?

2. Компьютердің сәулеті дегеніміз не?

3. Ашық сәулет принципінің мәні не?

4. Шиналар дегеніміз не?

5. 1946 жылғы үш ғалымды ата

6. Артур Беркс, Герман Голдтайн, Джон фон Нейманның мақаласы қалай аталады?

ҮІ.Үйге тапсырма. §7, 46-бет оқу. Тақырыпқа сай реферат жазып келу.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.



© 2010-2022