Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік (6 класс)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы

Информатика пәні мұғалімі ( 6 сынып бойынша)

Бергали Маржан

С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығы

Сабақтыңтақырыбы. Мәтіндік процессоры туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі.


Сабақтыңмақсаты: Оқушыларға мәтіндік процессор жайлы түсінік бере отырып, алған білімдерін кеңейтіп, қажет кезінде пайдалана білуге үйрету ;

мәтіндік процессорде емін- еркін құжаттарды құруға, сақтауға үйрету.

Білімділігі: Оқушылардың білімділігін , сауаттылығын, ойлау ұшқырлығын дамыту

Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа , тиянақтылыққа баулу

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру ; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақтың типі. Аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер, MS Word прогаммасы, электронды оқыту жүйесіндегі е-кітапханасының қорынан бейне-сабақ, тапсырма жазылған бетшелер, оқулық, слайд-шоу.

Сабақтың өту барысы.
I. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысын және дайындығын тексеру.
Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сұрақтарға жауап беру ( слайд 1 ):
1.Модель дегеніміз не?
2. Динамикалық модель дегеніміз не?
3. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
4. Модельдеудің неше кезеңі бар?

III. Жаңа сабақ.

MSWord - бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

Жаңа тақырыпты электронды оқыту жүйесіндегі е-кітапханасының қорынан бейне-сабақты көрсету арқылы түсіндіру.

(бейне 1)

Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)

MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:

  • құжаттарды құру және теру;

  • қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

  • кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

  • емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

  • іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын және т.б дайындауға Шеберді (Мастер) және Шаблонды пайдалану

Сонымен қатар мәтіндік процессордың кемшіліктері де бар:

  • математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  • растрлық графикаларға арналмаған.

Мәтіндік процессорларды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

  1. Негізгі менюден Жіберу → Бағдарламалар→ Microsoft Office → MS Word командаларын орындау арқылы;

  2. Жұмыс үстеліндегі Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс) таңбашасынан;

  3. Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік процессордан шығу жолдары мынадай:

  1. Файл → Шығу командаларын таңдау арқылы;

  2. Alt + F4 батырмаларын қатар басу арқылы;

  3. Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс) батырмасын басу арқылы.

Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтық терезе шығады. Осы диалогтық терезе арқылы біз файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз.

Мәтіндік процессорды іске қосқан кезде экранда 1-суреттегідей терезе пайда болады.

Word терезесінің негізгі элементтері Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Мұның жоғарғы бөлігінде негізгі меню орналасқан. Онда: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама орналасқан.

Жалпы терезе мынадай бөліктерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, «Стандартты» құрал-саймандар тақтасы, «Форматтау» құрал-саймандар тақтасы, сызғыш, жұмыс алаңы, бейнелеу режимін таңдау батырмаларынан, қалып-күй жолынан.

1-сурет

Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)

Жаңа құжатты құру.

Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс) белгісін басу арқылы ашамыз. MSWord құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc және Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс) таңбасымен белгіленеді.

Құжатты ашу.

Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс) батырмасын шертуміз қажет, сонан кейін Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалады.

Құжатты сақтау.

Құжатты сақтау үшін Файл менюінен Сақтау командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс) батырмасын шертеміз.

Құжатты бірінші рет сақтағанда Файл менюінен Қалай сақтау... командасын таңдаймыз, сонда мынадай Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады.

Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)



Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)



Мұндағы Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналасқан өрістен құжат сақталатын буманы, ал Файл типі (Тип файла) өрісінде құжат сақталатын форматты таңдаумызға болады. Ал Файл аты өрісінде файлдың атын жазамыз содан кейін барып қана Сақтау батырмасын басамыз.

Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды. Құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

1) Жаңа тақырыпты бекіту үшін электронды оқыту жүйесіндегі е-кітапханасының қорынан дайын 3 жаттығуды оқушылармен орындау.

Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)



2)Практикалық жұмыс.Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)

Тапсырмалар:
А)Жасыл карточкадағы ауызша сұрақтарға жауап беру
Ә)Қызыл карточкадағы техникалық диктант жазбаша орындау
Б)Көк карточка компьютермен жұмыс



Жасыл карточка сұрақтары:

  1. ЭЕМ -мен жұмыс жасау кезінде қандай қашықтықта отыру керек.

2. Сақталған құжатты ашу үшін орындалатын әрекеттер

3. Құжатты қайтадан сақтау үшін орындалатын әрекеттер

4. Негізгі (Главная) қосымша бетінде қандай құралдар орналасқан?

5. Қалып күй жолын көрсетініз

Қызыл карточка сұрақтары:

Техникалық диктант
.......кез келген басып шығарылатын ..... ты жасап шығаруға арналған .... компьютерлік программаның түрі.
Жолақтың алдында .... батырмасы орналасқан.
....мәзірде бірнеше бұйрық орналасқан.
Экрандағы төменгі жол қалып -күй жолы немесе .... деп аталады.
1. ақпарат
2. ақпараттық жол
3. программа
4. Мәтіндік процессор
5. қолданбалы
6. Тақырып
6. Жанама
7. Оffice

Көк карточка сұрақтары:
№1
1. Жаңа құжат құрыңыз . Вставка - Клип-өзіңе ұнаған суретке қысқаша сипаттама бер
2. 3 жол 2 бағаннан тұратын кесте құрып, оның үстіне екі рет шертіп, түрлі стилге келтір.


№2
1. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt жиынтығынан біреуін таңдап, «Информатика» сөзін жазып шығыңыз.
2. "Информатика" сөзін әр түрлі бағытта бұрып отырып , өзіңізге ұнаған күйде қалдырыңыз.
3. Абак Ежелгі Римде пайда болды. Ол calculi деп аталды. Оны тастардан, қоладан, түрлі түсті әйнектерден және пілдің сүйектерінен жасады. Кейінірек ол сөзден calculatore-есептеу деген сөз шықты. Одан бізге таныс калькулятор сөзі пайда болды.
- Мәтінді көрсетілгендей етіп тер.
- Мәтін әрпінің өлшемі-14.


V. Сергітусәті.

Оқушылармен ән ырғағымен қол саусақтарына арналған жаттығулар жасау

Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)

VI. Ой қорыту.

Ой қорыту кезеңінде электронды оқыту жүйесіндегі е-кітапханасының қорындағы дайын тест жұмысын оқушылармен орындаймыз.






Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)

Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)

VII. Үйгетапсырмаберу

$ 41 Мәтіндік процессоры туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі .48 бет оқып мазмұн айту.

VII. Сабақты қортындылау

Мұғалім сабақты қортындылап, оқушылардың өткен сабақ туралы ойларын тыңдайды (рефлексия);.

Поурочный план по информатике на тему Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік(6 класс)


.









© 2010-2022