Информатикадан ашық сабақ Сұраныстарды ұйымдастыру

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімі: Науанова Жадра Кошмуратовна

Күні: 25.11.2015ж.

Сыныбы: 11 Пәні: информатика

Тақырыбы: Сұраныстарды ұйымдастыру

Мақсаты:

Білімділік: сұраныс, сұраныстың түрлері, конструктор режимінде және қарапайым сұранысты құру жолдары жайлы білімдер беру;

Дамытушылық: оқушылардың Access-те кестелермен еркін жұмыс жасай білуге, компьютерді кең салалы қолдануға дамыту;

Тәрбиелік: қажырлы, қарапайым, ұқыпты, салауатты болуға және берекелі, ұжымшыл болуға тәрбиелеу.

Қолданылған модульдер Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: "Айна" тренингі, "Түрлі түсті қыстырғыш", "Бір қадам артқа", "Жұптық тапсырма", "Венн диаграммасы", "Бас бармақ", "Бағдаршам", "Бағалау парағы", "БҮБ".

Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар: осы әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

Кіріспе

10 мин



















Психологиялық ахуал

Мақсаты:

тұлғааралық байланысты орнату



"Бір қадам артқа" жұптық тапсырма

Мақсаты:

өткен тақырыпты қайталау

"Айна" тренингін жүргізу


"Алтын ережені" құрғызу


2 жұпқа тапсырма береді.


"Бас бармақ арқылы" бағалау мазмұнын түсіндіреді

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып біреуі қимыл жасап, екіншісі соны қайталайды.


Оқушылар өз ұсыныстарын білдіреді, бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды.

«Алтын ереже» құрастырады.

1) МҚБЖ жайлы постер қорғау

2) Венн диаграммасы

Access пен Ехсеl бағдарламаларын салыстыру

Жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды



«Жақсы»






«Жарайсыңдар!»












"Бас бармақ"




парақшалар, маркерлер

Тұсаукесер

3 мин


«Видео-көрсетілім»

Мақсаты:

түрткі сұрақтар арқылы тақырыптың мазмұнын ашу

Видеокөрсетілім көрсетеді.

Мұғалім слайд арқылы түрткі сұрақтар қояды:

  • Бұл видео не жайында?

Оқушылар слайдты қарайды. Слайдтағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын ашады.

"Бәрекелді!"


Оқулық,

АКТ,


Негізгі бөлім

7 мин

«Жұптық тапсырма»

Мақсаты: ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты оқып, талдау

Тақырыпты 2-ге бөліп

2 жұпқа оқып талдауға, постерге түсіруге тапсырма береді

Жұптаса отырып, белсенді әрекет жасайды. Сыни ойлана отырып, түсінгендерін постерге түсіріп, қорғайды.

Жұптар бір-бірін стаканмен бағалайды

"Критериалды бағалау"

Оқулық, флипчарттар, маркерлер, стикерлер

Стакандар


3 мин

Сергіту сәті

Мақсаты: ынтымақтастық орнатып, қызығушылық-тарын ояту

Интербелсенді тақтадан сегітуге арналған "Көзге жаттығу" көрсетілім көрсетеді

Оқушылар орындарынан тұрып, көрсетілген сергіту бойынша жаттығулар жасайды.

Жақсы

Интербелсенді тақта, колонкалар.

12 мин

Практикалық тапсырма

Мақсаты:

Жаңа тақырыпты практикада қолдану дағдысын дамыту

Жаңа тақырып бойынша практикалық тапсырма береді

ТҚ ережелерімен танысып, қол қояды. Тапсырманы компьютерде орындайды



Компьютер


Қорытынды

10 мин

Тест сұрақтары

Мақсаты:

Жаңа тақырыпты бекіту

«Критериалды бағалау» Мақсаты: топтық іс-әрекетте оқушыларды бағалау

Слайдт арқылы тест сұрақтарын береді

Ехсеl -дегі «Критериалды бағалау» парақшасына өздерінің бағалаларының ортақ балын шығаруды ұсынады

Тест сұрақтарына жауап береді.

Оқушылар бағаларының ортақ балын шығарады


"Критериалды бағалау" парақшасы

Тест тапсырма -лары жазылған слайдтар


Үй тапсырмасы

§11 оқу, мазмұндау, тест

§11 оқиды, мазмұндайды, тест шешеді

оқулық

"Ұшақ ұшыру"

Мақсаты: сабақтан алған әсерлерін анықтау

Сабақтан алған әсерлерін жазу үшін парақ таратады

Қағаздан ұшақ жасап, қанаттарының астына Үйренгенім, Әлі де үйренгім келеді негізінде сабақтан алған әсерін жазып, мұғалімге қарай ұшырады.

Парақтар






1 тапсырма

1.Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту.

2. Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау.

3. Қарапайым сұраныс құру қадамдарын толық орындап шығу.

4. Алынған мәліметтерді қарап шығу.

2 тапсырма

1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау.

2. Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені таңдау (Маркасы,Түсі өрістері секілді).

3. Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін сұхбаттасудың екінші қадамында Қорытындылар (Итоги) батырмасын басу.

4. Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды мәндерді есептеуді енгізу.

5. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек.

6. Бастапқы кесте үшін «Жазбаларды санау» («Подсчет записей») қатарына жалауша қойып, сұраныс құру қажет.

7. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек.

3 тапсырма

1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп , Конструктор режимін таңдау.

2. Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау.

3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету.

4. Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп, сұрыпталатындай етіп орналастыру.

5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау шартын күшейту, мысалы, Түсі өрісі үшін «ақ» мәнін көрсету.

7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

8. Немесе (Или) қатарын қолданып, жазбаларды кестеден таңдау шартын күшейту, Түсі өрісі үшін «ақ» мәнін, ал Маркасы өрісі үшін «Жигули» мәнін көрсету.

9. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

10. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.

© 2010-2022