Ашық сабақ жоспары «Қайталану операторлары» 9 сынып

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қайталану операторлары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Паскаль тілінің операторларын ажырата және қолдана білу, олардың программада жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру , олардың өзіндік ойлау , шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа ақпараттық мәдениетке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қоладанатын әдістер: түсіндірмелі -илюстративті , сұрақ-жауап , баяндау.
Сабақта қолданылатын құрылғылар: флипчарт, Паскаль программасы, үлестірме қағаздар, электронды оқулық.

І. Ұйымдастыру кезеңі .

Психологиялық тренинг жүргізу. Сыныпты үш топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде Паскаль тілінің операторларын қайталадыңыздар. Енді сіздердін операторлар негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен: Слайтар

1. Паскаль тілінің программасы неше бөліктен тұрады?
Жауабы: 3 бөліктен тұрады.

2. Var операторының қызметі қандай?
Жауабы: Айнымаларды сипаттау.

3. Begin
Writeln('х-қа мән бер:'); readln(x);
If x>0 then y:=1 else if x=0 then y:=0 else y:=-1;
Writeln('Y=', y)
End.

Сұрақ Begin мен end аралығы Паскаль программасында қалай аталады
( If x>0 then y:=1 else if x=0 then y:=0 else y:=-1;) мұны қалай түсінеміз?
Жауабы: Begin мен end аралығы операторлар бөлігі Шартты оператор

4. Мына операторлардан Паскаль тілінің программасын құрыңдар.
Program integer then writeln else read repeat
Wnile for var real begin if write end

Жауабы:
Program
var real integer
begin
read
writeln
if<өрнек> then<1 оператор> else<2оператор>
write
end

Осылайша Паскаль тілінің программасын құруға болады. Бізге таныс емес мына операторлар « repeat, wnile, for» циклдік қайталау операторлар.

ІІІ. Жаңа сабақ

Цикл операторы -белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
* қадамдар саны белгілі цикл
* қадамдары саны белгісіз цикл (шартты цикл)

Циклдік оператордың үш түрі бар

параметрлі цикл, шартын алдын ала тексеретін цикл, шартты соңынан тексеретін цикл ағылшынша for, while, repeat
Параметрлі For операторы

Цикл параметрін өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталау ісін атқарады.

1. For i:=n1 to n2 do <оператор>;
2. For i:=2 downto n1 do <оператор >
Мұндағы
downto- кемуі
to-өсуі

Мысалы: Мысалы: 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосыныдысын табу керек.

Program қосынды;
var i, s : integer ;
begin
s:=0
for i:=1 to 100 do ( цикл басы)
s:=s+1; (қайталау операторы)
write ('s=',s);
end .

Цикл -әзір операторы
Шартын алдын ала тексеретін қайталану саны белгісіз операторы WHILE шарт ақиқат болғанда орындалады.

WHILЕ < шарт> DO <оператор >
Мысалы: Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу. ЕҮОБ

Program ЕҮОБ;
var m,n : integer ;
begin
readln (m,n);
WHILЕ m<>n DO
If m>n then m:=m-n;
write ('m=',m);
end .

Цикл-дейін операторы

Шарт цикл соңында тексерілетін REРEAT (қайталану) операторы кем дегенде бір рет орындалады.

REPEAT <оператор> UNTIL<шарт>
Мысалы: S:= 10+9+8+7+6 қосындысын табу

Program esep;
var i,s : integer ;
begin
i:=10 ;
s:=0;
repeat s:=s+1;
i:=i-1;
until i<5;
write ('i=',i, 's=',s);
end .

Жауабы: i:=4 ;
s:=6;

Кітаптан 70 беттегі №2 есеп

1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.

program taps37_11;
var
k:integer;
s1,s2,s:integer;
begin
s1:=0; s2:=0;
for k:=1 to 100 do
begin
if k mod 2 = 0 then s1:=s1+k
else s2:=s2+k;
end;
writeln('жұп сандар қосындысы =',s1);
writeln('тақ сандар қосындысы =',s2);
s:=s1+s2;
writeln('қосынды =',s);
end.

Жауабы:
жұп сандар қосындысы s1=2550
тақ сандар қосындысы s2=2500
қосынды s=5050

Сабақты бекіту:
Есте сақтайық!
Цикл операторларында while , repeat, do түйінді сөздерінен кейін және until сөзінің алдында нүктелі үтір қойылмайды.

Сөздік

қазақша

ағылшынша

қазақша

ағылшынша

Шығару

Write

үшін

for

енгізу

Read

бүтін бөлік

Div

егер

If

қалдықты табу

mod

онда

Then

дейін

Do

әйтпесе

Else

соңы

End

қайталау

Repeat

бастау

begin

әзір

While

Үйге тапсырма: «Қайталану операторлары»
а) Оқуға 63-70 бетке дейін оқу
ә) Мысал есептерді дәптерге жазу.
б) 70 беттегі №4,5 есеп шығару



© 2010-2022