Графикалық редакторда сурет салу

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Мақсаты: Оқушыларға қисық сызықты, көпбұрыштарды салуды және де құю құралын қолдануды үйрету.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Paint графикалық редакторының құралдарымен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары.

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Сабақ әдісі: Практика элементтері бар түсіндңрмелі баяндау сабағы

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақты бекіту (практикалық тапсырма).

Үйге тапсырма

Бағалау

I.Үй тапсырмасы:

II.Жаңа сабақ.

Қисық сызықты салу реті.

Сызық батырмасын шерту

Сызықтың қажетті қалыңдығын таңдау.

Түзу сызықтты салу әрекеттерін орындау керек.

Маустың сол жақ батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанына басыңдар да, оны иіліс жаққа апарыңдар.

Осы әрекеттерді екінші иіліс үшін де қайталаңдар.

Егер қисық көңілдегідей иілмесе, онда екінші иілісті аяқтамай тұрып, оны жоюға болады. Ол үшін маустың екі батырмасын қатар басу керек.

Көпбұрышттарды салу.

Көпбұрыш батырмасында мауспен шерту

Көпбұрыш типін таңдау.

Бірінші сызықты салу

Екінші сызықты салу және т.с.с.

Құю құралын пайдалану.

Құю батырмасында маусты шерту

Түс палитрасынан түс таңдау

Бояғыларың келетін тұйық контурдың ішінде мауспен шертіңдер

Бүріккіш құралын пайдалану

Бүріккіш батырмасын мауспен шертіңдер

Түс палитрасында түс таңдаңдар

Бүріккіш дағының өлшемін таңдаңдар

Бояуды қажетті жерге бүркіңдер.

Қылқаламмен сурет салу

Қылқаламды шертіп, пішінін, түсін, өлшемін таңдап қылқаламмен сурет сала беруге болады.

Өшіргіш құралын пайдалану

Өшіргіш құралын басып, оның өлшемін таңдап, өшіретін сызықтың үстінде маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, жүргізсе сызық өшеді.

Жаңа тақырып бойынша бекіту сұрақтар.

Қисық сызық салу құралын пайдалану реті қандай?

Көпбұрыштарды салу құралын пайдалану реті қандай?

Құю құралын пайдалану реті қандай?

Бүріккіш құралын пайдалану реті қандай?

Қылқалам құралын пайдалану реті қандай?

Өшіргіш құралын пайдалану реті қандай?

III.Тақырыпты бекітуге практикалық жұмыс. Аталған құралдарды қолданып мына суретті

салып шығу. Сурет мұғалімнің компьютерінің мониторында бейнеленіп тұрады. Жұмыстың мазмұны оқушыларға үлестіріледі.

Тік төртбұрыш, эллипс, сызық құралдарын қолданып, үй сал.

Заливка құралымен үйді боя.

Горизонт сыз. (экранды көлденеңінен екіге бөл.)

Суреттің жоғары бөлігі - аспанды көгілдір түспен, ал төменгі бөлігі - шөпті жасыл түспен боя.

Жоғары сол жақтағы бұрышқа күннің суретін сал.

Бүріккіш көмегімен бұлттарды ақ түспен сал.

Графикалық редакторда сурет салу

IV.Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

V.Бағалау.



© 2010-2022