Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Power Point - та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

1 - қадам.

Ең бірінші пәнді және тақырыпты таңдаймыз. Содан кейін таңдалған пән бойынша сұрақтар құрастырамыз 4 - нұсқа жауаптарымен.

  1. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі қалай аталады?

А) антивирус

В) командалық жүйе

С) операциялық жүйе

Д) қолданбалы программа

  1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал қалай аталады?

А) сканер

В) принтер

С) компьютер

Д) тышкан

  1. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз.

А) сканер, принтер, монитор

В) сканер, принтер

С) жүйелік блок, монитор, пернетақта

Д) пернетақта, монитор, принтер

  1. Деректерді өңдеудің, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылығыларды қамтамасыз ететін құрылғы атаңыз.

А) монитор

В) пернетақта

С) жүйелік блок

Д) тышқан

  1. Компьютердің ең басты бөлігі, «миы»

А) тұрақты жады

В) жедел жад

С) процессор

Д) монитор

  1. Шина - бұл .....

А) процессордан келіп түскен ақпараттыарды сигналдарға айналдырады

В) компьютердегі маселелерді шешеді

С) Процессор баска кұрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастыратын кеңарна

Д) компьютердің сырткы кұрылғысы

  1. Қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік беретін жады

А) ішкі жады

В) тұракты жады

С) жедел жады

Д) ішкі, тұракты жады

  1. Енгізу құрылғыларына не жатады?

А) принтер, дисплей, графиксалғыш

В) пернетакта, тышкан, джойстик, олшеу аспаптары, сканер

С) пернетакта, сканер, дыбыс колонкасы

Д) монитор, пернетакта, дыбыс колонкасы

  1. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы калай аталады?

А) сканер

В) принтер

С) дисплей

Д) пернетакта

  1. Алдыңғы символдарды өшіру үшін қолданылатын перне қалай аталады?

А)

В)

С)

Д)

2 - қадам.

1Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритміPower Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі) MS Power Point бағдарламасын іске қосамыз. Іске қосу Microsoft Office MS PowerPoint.

2) Слайд құрып, оны өңдейміз. (фон түсі, шрифт).

3) Слайдқа бірінші сұрақты қоямыз.

4Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритміPower Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі) Түр Құралдар тақтасы Басқару элементтері мәзірін таңдаймыз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 1.

5) «Переключатель» элементін таңдап (нұсқағышты үстіне апарып шертеміз), оны слайдқа қоямыз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі


Сурет 2.


5) Переключательдің үстіне апарып тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Ашылған контекстік менюден Қасиет бөлімін таңдаймыз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 3.


6) Қасиет бөлімінде переключательдегі текстті және түрін өзгертеміз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі


Сурет 4.

7) Тағы да үш переключатель қойып, оларға да жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындаймыз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 5.

8) Батырма жасаймыз. Ол үшін Басқару элементтерінен батырманы таңдап оны слайдқа қоямыз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 6.

8) Батырманың үстіне нұсқағышты апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Қасиет бөлімін таңдап, батырмадағы мәтінді және түрін өзгертеміз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 7.

3 - қадам:

Дәл осы командаларды орындау арқылы қажетті сұрақтармен жауап нұсқаларын, батырмамен переключательді қойып келесі слайдтарды құрамыз.

4 - қадам:

Барлық тест қорытындысы шығатын слайдттың соңғы бетін құрамыз.

а) Слайдқа Басқару элементтерінен 4 Label(жазба) элементін қоямыз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі


Сурет 8.

б) Екі батырма жасаймыз:

- тест қорытындысы
- шығу

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 9.

5 - қадам:

Слайдтар құрылды, оған объектілер қойылды. Енді оқиғаны сипаттаймыз. Ол үшін Microsoft фирмасының офистік программасында тұрғызылған Visual Basic for Application (VBA) тілі қолданылады.

Бірінші слайдтан бастаймыз. Бізге жауап нұсқаларының бірін таңдап және «Келесі» батырмасын басқанда автоматты түрде:

  • орындалған тапсырмалардың саны есептелінуі керек;

  • жауап тексеріледі, егер де дұрыс болса, онда санағышқа дұрыс жауаптар санына бір қосылуы керек;

  • келесі слайдқа көшу орындалады.

Бірінші слайдқа барып, нұсқағышты «келесі» батырмасының үстіне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертеміз. Бізге Visual Basic редакторы ашылады. Мұнда біз батырмаға басу процедурасын жазамыз.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 10.



Келесі кодты жазамыз:

Z = 0
L = 0
N = 0
If OptionButton3.Value = True Then
L = L + 1
End If
Z = Z + 1
OptionButton1.Value = False
OptionButton2.Value = False
OptionButton3.Value = False
OptionButton4.Value = False
SlideShowWindows(1).View.Next

Мұндағы:
Z - бұл орындалған тапсырмалардың санағышы. Тесттің басында оған 0-ді меншіктейміз.

L - дұрыс орындалған тапсырмалардың санағышы, оған да 0-ді меншіктейміз.

N - орындалған тапсырманың пайыздық үлесі.

If OptionButton3.Value = True Then - бұл жерде тексеріледі, егер де үшінші жауап таңдалса, онда счетчикке дұрыс орындалған тапсырмаларға 1 қосылады, ал егер дұрыс емес жауап таңдалса қосылмайды.

Z = Z + 1 - орындалған тапсырмалардың саның санайды.

OptionButton1.Value = False
OptionButton2.Value = False
OptionButton3.Value = False
OptionButton4.Value = False

SlideShowWindows(1).View.Next 'Бұл келесі слайдқа өту командасы '

6 - қадам:

Осы әрекеттерді қалған слайдтарға да орындап шығамыз. Бірақта, бұл батырмалардың кодтарынан төмендегі жолдарды алып тастаймыз.

Z = 0
L = 0
N = 0

7 - қадам:

Батырмалар жұмыс жасауы үшін жобаға модельді қосу керек. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:

- бірінші слайдтағы «келесі» батырмасын екі рет шертіп, Visual Basic мәзірінен INSERT - MODULE таңдаймыз.

Редакторда мына кодты жазамыз Public L, Z, N As Integer

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі


Сурет 11.

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 12.

8 - қадам:

«Тест қорытындысы» және «шығу» батырмаларына код жазамыз.

Бірінші «Тест қорытындысы» батырмасын екі рет шертіп ашылған терезеге төмендегі кодты енгіземіз.

Private Sub CommandButton1_Click()
Label1.Caption = Z
Label2.Caption = L
N = (L / Z) * 100
Label3.Caption = N '
If N >= 85 Then
Label4.Caption = «5»
End If
If N < 85 And N >= 60 Then
Label4.Caption = «4»
End If
If N < 60 And N >= 30 Then
Label4.Caption = «3»
End If
If N < 30 Then
Label4.Caption = «2»
End If
End Sub

Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

Сурет 13.


Жазылған кодқа түсініктеме:

Label1.Caption = Z - мұнда орындалған тапсырмалардың саны енгізіледі.

Label2.Caption = L - мұнда дұрыс орындалған тапсырмалар саны енгізіледі.
N = (L / Z) * 100 - тапсырманы орындау пайызы есептелінеді.
Label3.Caption = N - орындалған тапсырманың пайыздық үлесі көрсетіледі.

If N >= 85 Then
Label4.Caption = «5» - Егер де орындалған тапсырманың пайызы 85 %<= болса, «Баға» «5»

End If
If N < 85 And N >= 60 Then
Label4.Caption = «4» -Егер де орындалған тапсырманың пайызы 60- 85% аралығында болса, онда «Баға» «4».

End If
If N < 60 And N >= 30 Then
Label4.Caption = «3» - Егер де орындалған тапсырманың пайызы 30- 60% аралығында болса, онда «Баға» «3».

End If
If N < 30 Then
Label4.Caption = «2» Егер де орындалған тапсырманың пайызы 30-дан төмен болса, онда «Баға» «2».

End If
End Sub

б) Енді «Шығу» батырмасын сипаттаймыз.

Private Sub CommandButton2_Click()
Slide5.Application.Quit
End Sub

Код редактор терезесін жауып бағдарламаны сақтаймыз, содан кейін орындауға жіберіп тексереміз.


© 2010-2022