Конспект по информатике на тему Программа және оның құрылымы

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәнінің қысқа мерзімдегі жоспары

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы

Сабақтың мақсаты: Pascal тіліндегі программаның құрылымымен танысу;

Write және Writeln шығару операторларын қолданып, қарапайым программаны жасап үйрену.

Негізгі идеялар: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын және танымдық қабілеттерін дамыту, программалау тілін келешекте өзінше пайдалана алуы.

Оқыту нәтижелері: Өз бетінше қарапайым программа құра алады.

Әдіс-тәсілдер: практикалық, сұрақ-жауап.

Ресурстар: Pascal программасы, интереактивті тақта, маркерлер, стикерлер.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Көрнекіліктер

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушылар амандасады, кезекшілік оқушыны атайды.

Амандасады, сабақ басталады.

3 мин

Оқушылардың бүгінгі сабаққа дайындығын смайлик арқылы білу

Конспект по информатике на тему Программа және оның құрылымыКонспект по информатике на тему Программа және оның құрылымы

Алдыңда тұрған смайликтерді көрсетеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді, дұрыс бағалайды.

смайликтер

2 мин

Оқушыларды 3 топқа бөлу, компьютердің негізгі құрылғыларына бөлу

Оқушылар таңдаған суреттеріне қарай бөлінеді.

Топқа бөлінеді, байланыс артады.

Компьютердің негізгі құрылғыларының суреттері

4 мин

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

Интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Түсінеді, ойланады, қызығушылығы оянады.

Слайд

17 мин

Жаңа сабақты ашу.

Сұрақ қою: Программаның нақты құрылымын анықтаңдар?
Pascal программасы құрылымы:
Program Аты ;
Var

Айнымалы сипаттамасы

begin
атқарылу бөлімі

end.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.

Әдетте программа мәтіні end сөзімен аяқталып, одан кейін нүкте қойылады. Егер программада бір емес, бірнеше операторлық жақшалар қолданылатын болса, онда нүктені тек ең соңғы орналасқан end сөзінен кейін қою қажет. Басқа end сөздерінен кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Паскаль тілінде программа құрған кезде программада қолданылатын барлық компоненттер (айнымалылар, олардың типтері, тұрақтылар, белгілер т.б. ) сипаттау бөлімінде көрсетіліп кетуі қажет. Олай болмаған жағдайда программа қате деген мәлімет береді.

Операторлар бөлімінде программа мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше оператордың болуы мүмкін. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылады. Операторлар бөлімі begin түйінді сөзінен басталап, end сөзімен аяқталады. Begin мен end сөздерін операторлық жақшалар деп те атайды. Сәйкесінше begin - ашылатын, end - жабылатын жақшалар. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі.
Операторлардың жалпы жазылу түрі төмендегідей болады:
BEGIN
1-оператор;
2-оператор;
.................;
n-1-оператор;
n-оператор
END.

Программа құрады, постер қорғайды.

Проблеманы анықтап шешім жасайды, ой туады.

Флипчарт, маркерлер

8 мин

Ой толғаныс.

Монитор экранына программаның атауы мен авторын шығаратын программа құрастырады.

Begin

Write ('Менің бірінші программам');

Writeln ('Ахметов');

End.

Оқушылар программа құрастырады, түсіндіреді.

Ой қорытады, білімін тұжырымдай алады.

карточкалар

3 мин

Бағалау.

Оқушыларды сабақ барысында білімдеріне қарап бағалау.

Оқушылар топ-топпен бір-бірін бағалайды.

Бір-бірін бағалауға үйренеді.

3 мин

Ой қорыту.

Сабақ қорытындылау.

Оқушылар алған білімдерін стикерге жазып тақтаға іледі.

Қорытады және жинақтай отырып, ой-толғанысын білдіреді.

Түрлі - түсті стикерлер

2 мин

Рефлексия.

Кері байланыс - сабақтағы көңіл - күйді смайликтер арқылы анықтау.

«Көңілді, көңілсіз» деп сабақты смайлик арқылы бағалайды.

Сабаққа деген көңіл күйін білдіреді.

смайликтер



© 2010-2022