ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайыс. 11 класс

Мақсаты: 1. Оқушылардың әір түрлі пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін  жарыста көрсете білуге үйрету.  Ұйымдастыру: сәлемдесу, шарттарымен таныстыру, Жеңімпазды анықтау Мұғалімнің кіріспе сөзі:  XXI - ғасыр көшбасшысы «Егемен елге - білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 10 - сынып оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! 1. Байгельдинова  Жансая 2. Орынқұлов...
Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысы

Мақсаты:

1. Оқушылардың әір түрлі пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін жарыста көрсете білуге үйрету.

Ұйымдастыру: сәлемдесу, шарттарымен таныстыру,
Жеңімпазды анықтау
Мұғалімнің кіріспе сөзі: XXI - ғасыр көшбасшысы «Егемен елге - білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 10 - сынып оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Байгельдинова Жансая

2. Орынқұлова Индира

3. Қосымова Жаннұр

4. Әбуталип Гүлдәурен

5. Көптілеуова Қамажай
Ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін есепшімізбен таныс болыңыздар

Ойын төрт кезеңнен тұрады.

І тур. Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
I - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 15 сұрақ беріледі
2. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
3. Әр толық жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
4."Бәйгенің" сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары
есептелінеді.

1.Microsoft фирмасын құрған адам?

А) Блез Паскаль

Ә) Джон Фон Нейман

Б) Билл Гейтс

2. ОЖ міндетіне қарай нешеге бөлінеді?

А) 5

ә) 2

б) 4

3. Утилиттер - бұл

А) редакторлар

ә) компиляторлар

б) көмекші программалар

4. Баяндау , түсіндіру, мәлімет дегенді білдіреді:

А) кесте;

ә) Ақпарат;

б) бағдарлама.

5. Жүйелік қорап - бұл..

А) компьютердің негізгі қызметтік элементтері тұратын қорап:*

Ә) мәтіндік және сызбалық ақпаратты сақтауға арналған құрылғы;

Б) басып шығарғыш

6. Кітап , газет журналдар оқығанда адам ақпаратты...

А) жеткізеді;

ә) Сақтайды;

Б) Өңдейді.

7. Windows операциялық жүйесінің қазақша атауы:

А) Терезелер

ә) Есік

б) Ұяшық

8. Объектілер қоймасына не жатады?

А) Символ

ә) Жад

б) Қапшық

9. Компьютер бұл...

А) сандық ақпаратты автоматтық өңдеуге арналған құрылғы;

Ә) ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

Б) ақпаратты іздестіруге, жинауға , сақтауға түрлендіруге және пайдалануға арналған құрылғы

10. Баяндау , түсіндіру, мәлімет дегенді білдіреді:

А) кесте;

ә) Ақпарат;

б) бағдарлама.

11. транслятор деген не?

А)шығарылатын есептің алгоритмі

ә) арнайы құрылғы

Б) бағдарламаны машина тіліне аударатын бағдарлама

12. Құрылымы бойынша алгоритмнің түрлері

А) қарапайым, күрделі, скаляр

ә) жергілікті , ауқымды, жалпы

б)сызықтық , тармақталған, циклдік

13. Программа деген не?

А)белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәлімет.

ә) алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі

б) арнайы мәтін көмегімен компьютерге берілетін тапсырма орындалуының анықталған реттілігінің нұсқаулары мен ережелері

14. бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан желілер

А) жергілікті

Ә) ғаламдық

Б) жаңашыл

15. кабель арқылы өзара жалғанған бірнеше компьютерлер тобы - бұл...

А) жергілікті желі*

Ә) желілік бейімдеуіш

б) компьютер сыныбы

ІІ тур

К Ө К П А Р

1.Бұл сайыста 5 ойыншыға мына экрандағы 10 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды.

3. Алғашқы алты тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.

4.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.

5. 10 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.

Қазақ тілі.
1. Сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы?екпін
2. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы (сын есім)
3. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді? Құрмалас сөйлем
4.Қимылдың түрлі белгісін , мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы . /Үстеу
5. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? /диалект

Қазақ әдебиеті
1. "Оянған өлке" романының авторы Ғ. Мүсірепов

2. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек кімдер? Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин

3. Қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиеттерінің ортақ кейіпкер? Қожанасыр

4. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман? М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»
5. Ілияс Есенберлиннің атақты трилогиясы. Көшпенділер

Биология
1. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3 - ке бөлінетін денешіктер?
/пластидтер/
2. Сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан сұйықтығын түзетін ұлпа? /дәнекер/
3. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы. Герпетология
4. Тимус безі орналасады? кеуде бөлімінде

5. Қан тоқтатанын элемент ( ИОД)

Математика
1. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең? /Гипотенузаның жартысына тең/
2. Өзіне және 1-ге бөлінетін сандар қалай аталады?
3. Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр?(ҮШ)

4. 2 қатынастың теңдігі /пропорция/
5. У=Х2 функциясының графигі қалай аталады? /парабола/

Русский язык
1. Часть слова без окончания? (основа)

2. Как называется слово или сочетание слов, называющее лицо, к которому обращена речь? /обращение/
3. Сколько в русском языке падежей? /6/
4. Что находится между небом и землей /Союз и/
5. Какие слова употребляются в речи для выражения различных чувств: восторга, удивления, страха /междометие/

Информатика

1. Жергілікті желінің сипаттамасын көрсет (Өзара жақын орналасқан мекемелердің түрлі мекемелерінде орналасқан компьютерлерді табу)

2. Кішігірім дыбыстық файлдарды дискіге жазуға мүмкіндік беретін программа

Фонограф

3.Фонограф программасында жазудың максималды ұзақтығы 80 секунд

4. 1 килобайтта неше байт бар? 1000байт

5. Инфармация сөзі қай тілден ауыстырғанда баяндау, түсіндіру, деген ұғымды білдіреді (Латын)

Физика

  1. Жылдамдықтың уақыт бірлігіндегі өзгерісін сипаттайтын шама( үдеу )

  2. Акустика деген тарауда не оқылады? Дыбыс, дыбыстың таралуы, жылдамдығы , дыбыстың қасиеттері.

  3. Электр станцияларының қай түрінің жұмысы экологиялық таза (атом )

  4. Конденсация дегеніміз не? (Будың температура төмендегенде суға айналуы)

  5. . Денелердің аққыштығы дегеніміз не? денелерге неғұрлым ауа мен , сумен жанасқанда , ауаның , судың кедергісіне қарсы тұра алатындай пішін беру)

Қазақстан тарихы

1. Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан? САҚ

2. "Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды? 1997 жыл

3. Көне түрік жазба ескерткіштерін ата? Күлтегін, білге қаған

4. Азамат соғысы деген не? ( мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы )

5. 50 мың жоңғар әскеріне Жәңгір ханның 600 сарбазбен қарсы тұрған Орбұлақ шайқасы қай жылы болды? ( 1643 жыл)

Жалпы тарих

1.Ұлы Қытай қорғаны кімдерден қорғану үшін салынды? ғұндардан

2. Англия мен Франция арасында 100 жылдық соғыс болған жыл? (1337-1453ж.ж

3. 1370-1405 жылдары Орта Азияда билік құрған мемлекет( Әмір Темір)

4. І Наполенның соңғы шайқасы болған жер (Ватерлоо )

5. Үштік одақ қашан құрылды? (1882 жылы )

География

1. Американың жергілікті байырғы тұрғындары қалай аталады? Үндістер

2. 1498ж Африканың оңтүстік мүйісін айналып өтіп , Үнді мұхитына шыққан кім? Васко да Гама

3. "Үш теңіздің ар жағына саяхат" шығармасының авторы? А.Никитин

4. Миграция дегеніміз не? көшіп-қону

5."Отты жерді" ашқан саяхатшы кім? Ф. Магеллан

Дода

1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Әр тақырып 10,20,30,40 санды ұяшықтарға бөлінген.

3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

САЛТ - ДӘСТҮР
10. Айтыстың ең көне түрі Бәдік
20. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген? Жаңа түскен келін
30. Өмілдірік деген не? Ер - тұрман әбзелі
40 Шыралғы деген не? Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына қоянды немесе түлкіні байлап сүйрететін болған. Сол сүйретпені шыралғы деп атаған.
ӨНЕР
10.«Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы сыбызғы» Операсының авторы,
36 жасқа жетпей қайтыс болған атақты неміс композиторы. Амадей Моцарт
20. «Қыз Жібек» фильмінің қоюшы режиссері. С Қожықов
30. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ. Ұлытау
40. "Одиссея " поэмасының авторы. Гомер

Спорт
10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы.

30. ХІХ жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді? ( Пекин 2008ж)

20. 2008ж Австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? (Испания)

40. Футболдан әлемнің 5 дүркін чемпионы атанған командасы? Бразилия

Еркін тақырып
10. .Антарктида жерінің неше пайызын мұз басып жатыр? 99 пайызын

20. .Үйлердің жобасын сызып, үйлерді салатын өнерді не деп атайды (Сәулет өнері)

30. Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген? (Барыс)

40. Жеті санына байланысты салт-дәстүрді білесіз бе?( жеті ата,жеті қазына, жеті нан, жеті күн )

Жорға

шарты: Ойыншыларға экранда тақырыпты таңдау ұсынылады.

Әр тақырып 8 сұрақтан тұрады.

Сұрақтарға тез жауап қайтару керек

  1. Асан 2 сағатта 12 шабақ аулады,3 сағатта неше шабақ аулады (18)

  2. Қиылыспайтын екі түзу (параллель )

  3. Бағдарламада көбейтудің жазылуы? ( * жұлдызша)

  4. Бірінші қазақ киностудиясы кімнің атымен аталды?( Шәкен Айманов)

  5. Оян, қазақ! өлеңінің авторы ( Ахмет Байтұрсынов )

  6. Заттың қимылын білдіретін сөз табы . (Етістік)

  7. Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр)

  8. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға (президент)


  1. Дәм сезу мүшесі ( Тіл )

  2. . Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)

  3. 1 кг қанша грамм бар? ( 1000 г)

  4. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

  5. Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі? ( Иткөйлек )

  6. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым? ( экология )

  7. Ақпаратты экранға шығару құрылғысы? (монитор)

  8. Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс )




© 2010-2022