Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

«Информатика пәнін заманға сай  жаңаша оқыту» Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да т... Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады. Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта дидактикалық принциптерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізілуіне байланысты. Технологиялық оқыту білі... Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ол үшін Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін айта келе, осы технологияны меңгеруде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны тиімді және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология ғана білім берумен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ...   Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін: ü  Ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу; ü  Берілген тапсырмалардың орындалу тәсілдерін біліп, оны ұғыну; ü  Қосымша материалдар арқылы білім деңгейін толықтыру; ü  Ойын элементтерін пайдалану; ü  Бағалау әдістерін меңгерту; ü  Әр сабақта кері байланыс ұйымдастыру (Мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Сабақтан кейінгі ой түйін», «Бүгін мен не үйрендім?» «Өзара әсер», смайликтер салу арқылы көңіл күйлерін... Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем.       Пайдаланған әдебиеттер тізімі   1.     google.kz 2.     Мұғалімге арналған нұсқаулық  ІІІ деңгей 3.     sabaktar.kz 4.     wikipedia.kz 5.     Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы      
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

«Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»




Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту



Қысқа мерзімді курс тыңдаушысының баяндамасы





«Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту»




Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің

информатика пәні мұғалімі Теңсел Үміткер



Жетекші Шокимова С.А., аға оқытушы








Көкшетау - 2015 ж.


Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту












Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Макинск қаласы

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің

информатика пәні мұғалімі

ТЕҢСЕЛ ҮМІТКЕР


















«Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту»

Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді.

Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиялық, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т.б. Ол жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Жаңашылдық - білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыны заман талабына сай етіп дайындап шығару.

Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады. Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта дидактикалық принциптерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізілуіне байланысты.

Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субъектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы - қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану маңызды болмақ. Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді.

Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу - компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

Ол үшін

Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін айта келе, осы технологияны меңгеруде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны тиімді және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология ғана білім берумен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.

Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, білім сапасының өсуіне әр оқушының қабілетіне қарай Кембридждік тәсіл арқылы оқытудың маңызы зор. Мен сабақтарымда осы тәсілді пайдалана отырып, оқытудың 7 модулін пайдална отырып, оқушыларды топтастырып, жұптастырып, жекешелендіріп оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденіп, еркін сөйлеулеріне көп мән бере отырып, оқытудың нәтижелі болғандығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетіндігіне көзім жетіп келеді. Әрине әр сабақта 7 модульдің бәрін пайдалану мүмкін емес. Сондықтан әр сабақтың тақырыбына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қолдануға тырысамын.

Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту


Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін:

  • Ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу;

  • Берілген тапсырмалардың орындалу тәсілдерін біліп, оны ұғыну;

  • Қосымша материалдар арқылы білім деңгейін толықтыру;

  • Ойын элементтерін пайдалану;

  • Бағалау әдістерін меңгерту;

  • Әр сабақта кері байланыс ұйымдастыру (Мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Сабақтан кейінгі ой түйін», «Бүгін мен не үйрендім?» «Өзара әсер», смайликтер салу арқылы көңіл күйлерін көресту) .

Оқушыларды өздеріне бағалату әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік беретін болғандықтан, сабақтарымдағы бағалау бөліміне көп көңіл бөлемін. Ол үшін сабақтың соңында жиналған ұпайларына сәйкес әр оқушы өзінің бағаларын алып шығады. Бағалау әдістеріне мына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Оқулықтағы материал бойынша сұрақтарға жауап алу әдісі. Бұл сұрақтарға оқушылар нақты түрде дұрыс жауаптарын жазулары тиіс.

  • Өтілген материалдар бойынша тест алу әдісі. Бұл тест сұрақтарына оқушылар дұрыс жауаптарын көрсетіп қоюлары тиіс.

  • Оқушылардың ойлау логикасын қалыптастыруға арналған әдістер. Мұнда сөзжұмбақтар, ребус, бесжолды өлең құрастыру, автор орындығы, реферат жазу, топтастыру беріледі, яғни өтілген материалдарға арналып жасалынады.

Жоғарда айтылғандарды қорыта келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:

Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту

Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. google.kz

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей

  3. sabaktar.kz

  4. wikipedia.kz

  5. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы


© 2010-2022