Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 2 Есенова Д.Б.

Тақырыбы: Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Мерзімі ____ / ____

____ / ____

Сынып ____ «____»

____ «____»

Мақсаты: Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру

Сабақ түрі

Кіріспе сабақ

Жаңа материалды меңгеру сабағы

Қайталау білімді жүйелеу сабағы

Білімді тиянақтау сабағы

Кіріктірілген сабақ

ББД-ны дамыту ж/е бекіту сабағы

Бинарлы сабақ

+

Аралас сабақ

ББД-ны бекіту ж/е қалыптастыру сабағы

ББД-ны тексеру,бағалау сабағы

Міндет

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Ақпарат анықтамасын біледі.

Ақпарат қасиеттерін атап шығады.

Шығу облысына қарай ақпарат түрлерін түсінеді.

Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлерін түсінеді.

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

тері:

Сабақтың жабдықталуы мен дидактикалық материалдар:

АКТ, ЖИГСО - 1, диалогтық оқыту

кестелер

жаттығулар жинағы

иллюстрация, ұлы тұлғалар портреті, оқулық

стикер

сызба

таратпа материалдар

дидактикалық жинақтама

ТСО

+

оқулық

+

тапсырмалар карточкасы

маркерлер, А-4, А-3 парақтары,

тесттер

Жаңа түсінік: •Ақпарат, визуальді, аудиальді, тактильді, машиналық, аналогтік ақпарат, дискретті процесс, эргономдық қасиет, ақпарат көлемі.

Күтілетін нәтиже:


  • Шығу облысына қарай ақпарат түрлерін түсінеді.

  • Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлерін түсінеді.

Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін айырып таниды.

Сабақтың барысы

  • Ақпарат алмасу (10 мин.).

  • Алғашқы бекіту (5 мин.).

  • Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

  • Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

  • Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Сабақтың мазмұны

  1. Ақпарат

  2. Ақпарат түрлері

  3. Ақпарат қасиеттері

Белсенді оқытуда қолданылатын формалар.Оқытудың стратегиялары мен техникалары.

Бағалау

I. Ояту

Ұйымдастыру кезеңі // Жағымды ахуал тудыру

Сыныпты Пирамида, Бәйтерек суреттер қиындысы арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
Сыныпты топтарға бөлу. (топтық) // Топта жұмыс істеу ережесі

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

Миға шабуыл

Сұрақ, жауап

Әр бір дұрыс жауапқа 1 баллдан қойылып отырады

II. Мағынаны тану

1. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау

  • 5- сынып тақырыптарын жалпы шолу

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

2. Жаңа материалды таныстыру:

1-слайд Ақпарат

Ақпарат термині латынның informatio - түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз - ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.

Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.

Ақпарат - қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.

2-слайд Шығу облысына қарай ақпарат

  • қарапайым - жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

  • биологиялық - өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.

  • әлеуметтік - қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді.

    • Көпшілік

    • Жеке

3-слайд Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат

  • визуальды - көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады.

  • аудиальды - дыбыс арқылы таратылады.

  • тактильді - сезім арқылы таратылады.

  • иіс арқылы таратылады

  • дәм арқылы таратылады.

  • машиналық - есептеу техникасының көмегімен таратылады.

4-слайд Информатикадағы ақпарат

Ақпарат

  • Аналогтік - кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар)

  • Үзілісті - дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).

5- слайд Информатикадағы ақпарат (Мысал)

Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

6- слайд Ақпараттың сыртқы қасиеттері

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті.
Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.

7- слайд Ақпараттың ішкі қасиеттері

Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.

Хабардағы ақпарат көлемі - ондағы таңбалардың санымен анықталады.
Хабар бір мазмұнды әртүрлі тәсілдермен (әртүрлі алфавиттерді қолдана отырып) беруі мүмкін, мысалы: «он үш» 13 XIII

Мысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады.

Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит - ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса, байт - негізгі өлшем бірлігі. Байт - 8 биттен тұратын топ.- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер?

8- слайд Ақпаратты кодтау тілдері

Табиғи тіл (ауызша не жазбаша)

Ым- ишара тілі

Жол белгілері тілі

География тілі

Математика тілі

Нота сауаты

Морзе әліпбиі, т. б.

9- слайд Ақпараттық технологиялар (видео)

5. Бекіту


іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Ақпарат анықтамасы

Ақпарат түрлері

Ақпараттың сыртқы қасиеттері

Ақпарат - қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.

Ақпарат термині латынның informatio - түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз - ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.

Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.

Шығу облысына қарай ақпарат

  • қарапайым

  • биологиялық

  • әлеуметтік:

    • Көпшілік

    • Жеке

Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат

  • визуальды - көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады

  • аудиальды - дыбыс арқылы таратылады.

  • тактильді - сезім арқылы таратылады.

  • иіс арқылы таратылады

  • дәм арқылы таратылады

  • машиналық - есептеу техникасының көмегімен таратылады.

  • Объектілік және субъектілік қасиеті

  • Толықтық қасиеті

  • Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті

  • Ақиқаттық қасиеті

  • Қатынау мүмкіндігі қасиеті

  • Адекваттық қасиеті

  • Эргономдық қасиеті.

ДЖИГСО әдісі,

Практикалық тапсырма

Екі жұлдыз, бір тілек

Өзін-өзі бағалау

III. Рефлексия

1) Сабақты қорытындылау:

Өтілген материалды тиянақтау


ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Шығу облысына қарай ақпарат түрлері

  3. Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлері

  4. Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлері

  5. Ақпараттың сыртқы қасиеттерін ата.

  6. Ақпараттың ішкі қасиеттерін ата.

ІІ деңгей тапсырмалары

Төмендегі сөздерді пайдаланып, кестені толықтырыңыз:

адекваттық қасиеті, толықтық қасиеті, қатынау мүмкіндігі қасиеті, эргономдық қасиеті, өзектілік (дәл уақыттылық) қасиеті, объектілік және субъектілік қасиеті, ақиқаттық қасиеті

Ақпарат қасиеті

Анықтама

ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиеті

ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті

ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиеті

ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті

пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиеті

ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиеті

белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиеті

ІІІ деңгей тапсырмалары

Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырып жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

0

1

2

3

4

5

6

7

8

A

ә

і

ң

ғ

ү

ұ

қ

ө

Һ

й

ц

у

к

е

н

г

ш

щ

C

з

х

ф

ы

в

а

п

р

о

D

л

д

ж

э

я

ч

с

м

и

E

т

ь

б

ю

ъ

ё


Берілген кесте арқылы информатика, ақпарат, компьютер сөздерін кодтаңыз.

Мысал:

Мектеп сөзі: М- D7 Е- В4 К- В3 Т- Е0 Е-В4 П-С6

Топтардың жұмысын бағалау // Бағалау парақтарын толтыру // Бағалау

2) Үй тапсырмасы: Бонус - балл тапсырмасы

Ақпараттың сыртқы қасиеттері бұзылған жағдайларға 5 мысал келтіріңіз. (Мысалы, маған менің сүйікті тобым бүгін концерт беретіні белгілі болды. Алайды, бұл ақпарат маған концертке билеттердің бәрі сатылып кеткеннен кейін жетті. Яғни, ақпараттың өзектілігі бұзылды.)

Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындаған топқа қызыл карталар таратылады

Топтық бағалау екі жұлдыз, бір тілек



© 2010-2022