Сабақ жоспары Кеңейтілген алмастыру буфері 10 - сынып

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: _______________

Сыныбы:____________

Сабақтың тақырыбы: Кеңейтілген алмастыру буфері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Алмастыру буфері

Қию немесе Көшіру кезінде ерекшеленген үзінді (немесе объект) Алмастыру буферіне орналасады. Сіз Интернет- беттерден немесе басқада қосымшалардан көшірілген мәтін, басқа да деректерді Word құжатына қоя аласыз. Алмастыру буферіне байланысты операциялар тек мәтіндік деректерге ғана қатысты емес, графикалық объектілерге де гиперсілтемелерге де қатысты.

Егер сіз қарапайым режимде жұмыс жасап отырсаңыз, онда буферде соңғы көшірілген деректер ғана сақталады. Кеңейтілген режимде деректің 24 үзіндісімен бір уақытта жұмыс жасауға болады.

Кеңейтілген режимді қосу үшін, Басты қосымшада Алмастыру буфері тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шерту қажет

Сабақ жоспары Кеңейтілген алмастыру буфері 10 - сынып

Алмастыру буферінің тапсырмалар аймағын шакыру батырмасы

Сіз Алмастыру буферінің тапсырмалар аймағынан мәтіндік үзіндінің бірінші сөзін және графикалық объектінің кішірейтілген кескінін көресіз Қолданушыға жеңіл болуы үшін әрбір объектінің қасында объектінің типін көрсететін пиктограмма бар (Word құжаты, Excel кестесін т.б.).

Сабақ жоспары Кеңейтілген алмастыру буфері 10 - сыныпСабақ жоспары Кеңейтілген алмастыру буфері 10 - сынып

Сабақ жоспары Кеңейтілген алмастыру буфері 10 - сынып

Алмастыру буферінің тапсырмалар аймағы

Алмастыру буферімен кеңейтілген режимде жұмыс жасауды өшіру үшін келесі әрекеттерді орныдаңыз:

Алмастыру буферінің тапсырмалар аймағындағы Жабу батырмасы · Тапсырмалар аймағының параметрлері батырмасына шертіп, Жабу пунктін таңдау арқылы Алмастыру буферінің тапсырмалар аймағын жабыңыз Сабақ жоспары Кеңейтілген алмастыру буфері 10 - сынып

Хабарландыру аймағында (Тапсырмалар аймағының оң жағында орналасқан) орналасқан Алмастыру буфері таңбашасына тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, Деректерді жинауды тоқтату командасын таңдаңыз


Сабақ жоспары Кеңейтілген алмастыру буфері 10 - сынып

Алмастыру буферінің кеңейтілген режимдегі жұмысын өшіру

Алмастыру буферін пайдалану

1. Терминдерді көшіріп алу қажет құжатты ашыңыз. , Басты қосымшада Алмастыру буфері тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз. Егер алмастыру буферінде қандай да бір деректер болса, онда Бәрін тазалау батырмасына басыңыз (3.15. Сурет)

Үйге тапсырма

Кеңейтілген алмастыру буфері

Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Бағалау.




© 2010-2022