Сабақтың тақырыбы Циклдік алгоритм

Раздел Информатика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4а сыныбы.

Пән мұғалімі. Қуанышбайқызы Л

Сабақтың тақырыбы: Циклдiк алгоритм.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға циклдiк алгоритм түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды циклдiк алгоритмдердi құрып, жаза бiлуге үйрету.

  3. Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Командалары бiрнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм циклдiк деп аталады. Мысалы, қыз моншақтарды жинайды. Ол моншақтарды мынадай қозғалыстарды қайталау арқылы орындайды: моншақты алу, оны жiпке тiзу.

4-тапсырмада шарты алдын ала тексерілетін циклге мысал келтiрiлген, яғни алдымен шарт тексерiледi, содан кейiн цикл командалары орындалады.

Тапсырмалар.

  1. Сурет салу алгоритмiн тiлсызықтар арқылы жаз.

Сабақтың тақырыбы Циклдік алгоритм

↑ → ↓ ←

Қайталанылатын тiлсызықтар тобын белгiле. Мұндай топтар нешеу? - 4.

2. Кестедегi ○ ∆ □ фигураларының тiзбегiн қорша.

Дөңгелектi - қызыл, үшбұрышты - көк, шаршыны - жасыл түстермен боя.

Қанша тiзбек алынды? - 5.

3.Қатарды жалғастыр. Қайталанатын әрекеттердi көрсет.

а) 2 4 6 8 10 12

әрекет: санға 2-нi қос.

ә) 1 3 9 27

әрекет: санды 3-ке көбейт.

б) 1 2 4 8 16

әрекет: санды 2-ге көбейт.

4. Кестеде берiлген әрiптердiң әрқайсысы үшiн алгоритм орындай отырып, хабарламаның мағынасын анықта.

1. Кестенiң бiрiншi жолындағы әрiптi ал.

2. Алфавит бойынша одан кейiн тұратын әрiптi анықта.

3. Табылған әрiптi кестенiң екiншi жолына жаз.

Әрiптердi iздеу аяқталғанша, 1 - 3 пункттерiн қайтала.

Сабақтың тақырыбы Циклдік алгоритмСабақтың тақырыбы Циклдік алгоритмСабақтың тақырыбы Циклдік алгоритм

а)


Хабарлама

Ә

А

П

Д

Й

Д

Қ

Ғ

Ы

Мағынасы

Б

Ә

Е

Д

I

ә)


Хабарлама

А

С

Г

Ұ

Ң

Ә

I

Л

М

Мағынасы




Үйге: 3-тапсырма

Қорытынды: Мадақтау. Бағалау.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар





© 2010-2022