5 сынып Мәтін теру және түзету ережелері. Мәтін бойымен жылжыту

Сабақтың тақырыбы:Мәтін теру және түзету  ережелері.Мәтін бойымен жылжыту. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға  Мәтін  теру  және  түзету   ережелері.Мәтін бойымен жылжыту туралы мағлұмат беру.Мәтін теріп оны өңдеуді үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың  мәтін теру мен өңдеу білімдерін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды  ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа ,тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,электронды оқулық,презентация. Пәнаралық байланыс:Математика,Бейнелеу. Сабақтың  типі:Жаңа  сабақ. Сабақтың әдісі:Сұра...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Мәтін теру және түзету ережелері.Мәтін бойымен жылжыту.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Мәтін теру және түзету ережелері.Мәтін бойымен жылжыту туралы мағлұмат беру.Мәтін теріп оны өңдеуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтін теру мен өңдеу білімдерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа ,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,электронды оқулық,презентация.

Пәнаралық байланыс:Математика,Бейнелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ -жауап,көрсете отырып түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Үйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.

4.Қорытындылау.Деңгейлік тапсырмалар.

5.Бағалау.

Жаңа сабақ.

Мысалы,сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой?Кітаптардында ондайды көрмейсіңдер.Тырнақшаларды,жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу,осының бәрі маңызды.

1.Бас әріпті немесе символды жоғары регистрден енгізу керек болса shift пернесін басып жібермей үстап түру керек.

2.Егер бас әріптен бірнеше сөз енгізу керек болса Caps-Lock пернесін қос.

3.Бір бос орын сөздердің арасына жіне тыныс белгілерінен кейін қойылады.

4.Дефис бос орынсыз қойылады.Мысалы:жан-жақты,бетпе-бет т.б.

5.Ұзын сызықша (тире) алдынан да артынан да бос орынмен қойылад Мысалы: «Блокнот - қарапайым мәтіндік редактор» .

6.Даталар Мысалы: 2014ж.,1 қыркүйек,Ш.Уәлиханов.

7.Тырнақшалармен жақшаларға алынған сөздер бос орынмен ажыратылмайды.

Мысалы: «Информатика » журналы,Целиноград қаласы (қазіргі Астана қ.).

8.Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.Мысалы:ХХІ ғасырдың басы.

9.Enter пернесін абзацтың соңында басады.

Мәтін бойынша жылжу.

Home- жолдың басына апарады.

End- жолдың соңына апарады.

Page Up,Page Down- бір бетке жоғары немесе төмен.

Егер құжат беті көп болса онда мәтіннің соңына жету мына пернелермен орындалады Ctrl+End

Сабақты қорытындылау:

Компьютермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Бақылау сұрақтары.

1.Бас әріпті қалай енгіземіз?

2.Бос орын қай кезде қойылады?

3. Enter пернесін қай кезде басу керек?

4.Ұзын сызықша (тире) қалай қойылады.

5.Мітңн бойнша жылжыту пернелерін атаңдар.

Үйге тапсырма: Мәтін теру және түзету ережелері.Мәтін бойымен жылжыту.Пернелерді жаттау.Сөзжұмбақ құрастыру.



© 2010-2022