«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі









«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Тәжірибе сабағының

оқу-әдістемелік кешені

Пән: «Информатика»

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Тақырып: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Оқытушы: Бейсенбаева Д.К.





ӘБК мәжілісінде қаралды.

Хаттама №_______________

«____»____________ 201_ ж.

ӘБК төрайымы: ___________



Оқу - әдістемелік кешеннің мазмұны:



1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандартынан көшірме.

2. Оқу жоспарынан көшірме.

3. Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

4. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

5. Сабақтың барысы.







Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме


Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пәннің коды: ЖКП 11

Пәннің атауы: Информатика

Пән мазмұны:

  • материалдық дүниедегі ақпарат;

  • ақпараттың түрлері және оның әдістері;

  • компьютермен танысу және құрылғылар мәнімен таныстыру;

  • қолданбалы және стандартты программаларды дұрыс қолдану;

  • қоғам өміріндегі эем-нің медицинадағы рөлі;

  • жаңа компьютер технологиясын.

Компетенция коды: БҚ6 КҚ 1-9

Біліу керек:

  • компьютер туралы негізгі мағлұмат;

  • wіndows операциялық жүйесінің жұмыс үстелін;

  • қолданбалы және стандартты программалармен жұмыс істеуді;

  • statistics деректер қорын басқаруды;

  • ауқымды және жергілікті желіні;

  • антивирустан қорғау құралдарын;

  • html құжатының негізін;

  • pascal және программалау тілінің алфавитін;

Істей біліу керек:

  • жаңа технологиямен жұмыс жасауды;

  • қолданбалы және стандартты программалармен жұмыс істеуді;

  • медициналық есептерді шығаруда statistics

  • интернет желісімен жұмыс жасауды.









Оқу жоспарынан көшірме:


Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пәннің атауы: Информатика

Пән бойынша барлық сағат: 136 сағат

Теория: 36 сағат

Тәжірибе: 100 сағат


Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пән мазмұны:

3 Бөлім. Microsoft Word мәтіндік редакторы

MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар. Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу құралы, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолы. Мәтінді құру, сақтау, атын ауыстыру, көшіру және құжатты басып шығару. Кесте құру және оны пішімдеу. Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері.


БК1. Оқыту















Жұмыс бағдарламасынан көшірме:


Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пәннің атауы: Информатика

Курс 2 семестр 3

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Тәжірибе: 2сағат

8 сабақ Тақырып: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып

Білім алушы білуі тиіс:

  • MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтарды;

  • Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу құралы, стандартты құралын, мәзір жолағын, күй жолын.

Білім алушы істей білуі тиіс:

- Мәтіндік редакторды жүктеу және жұмысын аяқтау;

- Мәтінмен жұмыс істеу: мәтінді құру, атын ауыстыру, көшіру және жою;

- Кесте құру, оны пішімдеу;

- Титулдік бетті құру;

- Символ регистрларын өзгерту;

- Құжатқа графикалық кескіндерді және WordArt объектілерін қою.

Білім алушылар пайдаланатын оқулықтар:

1. Информатика Симоновича С.В. 2-е издание 2004.

2. Рапаков Г.Г., Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль». 2005.

3. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики: учебное пособие / пер. с англ. Под ред. Кузнецова П.П., Сайткулова К.И. - М., 2011. - 160 с.

4. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы «Білім» 1995.

5. Куделина О.В., Хлынин С.М. Медицинская информатика.Учебное пособие. Томск 2009

6. Гельман В.Я. "Медицинская информатика". Практикум. издат: Питер. 2002г.

7. Байжуманов М.Қ, Жапсарбаева «Информатика» ТОО «Эверо» Астана 2004г.

Оқытушы пайдаланатын оқулықтар:

1. Балапанов Е.Қ., Борибаев Б.Б., ДаулеткуловА.Б. «Новая информационная технология» - Алматы, 2003.

2. Голобуцкий О., Шевчук О «Электронное правительство».

3. Есекеева К.Б, Нургалиевой Г.К. «Учебно-методическое пособие по обучению населения компьютерной грамотности по Программе снижения информационного неравенства в Республике Казахстан» под ред. АО «Национальный центр информатизации» 2007.

4. Информатика Макарова Н.В., Матвеев А., Бройдо В.Л. и др. - 2003.

№ 8 сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Сабақтың типі: тәжірибе

Өткізу әдісі: аралас

Сағат саны: 2 сағат

Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып

Сабақтың тақырыбы: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Сабақтың мақсаты:

MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтарды,құрал-сайман панелімен жұмыс істеуді, пішімдеу құралы, стандартты құралын, мәзір жолағын, күй жолымен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: MS Word редакторында жұмыс жасау ережелерін сарамандық сабақта бекіту, алған теориялық білімдерін практикалық жұмыста тиімді пайдалана білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың жабдықтары: Электрондық оқулық «Sin каз», тақырып бойынша ОӘК.

Пәнаралық байланысы: физика, математика.

Тәжірибелік сабақ барысының технологиялық картасы


  1. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин.

  2. Оқытушының кіріспе сөзі - 3 мин

  3. Үй тапсырмасын тексеру - 10 мин.

  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 25 мин.

  5. Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту-5 мин.

  6. Тәжірибелік дағдыны қалыптастыруда білім алушының өздік жұмысы - 25 мин.

А. Модульмен тест тапсыру-15 мин

  1. Баға қою - 3 мин.

  2. Үй тапсырмасы - 2 мин.



Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу;

- Кезекшімен сұхбат, аудиторияның тазалығын шолу;

- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Оқытушының кіріспе сөзі.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: «Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Бұл тақырып бойынша оқушылар беттерді форматтау әдістерін білу керек.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Жалпы тесеру:

  1. Microsoft Word редакторының міндеті

  2. Microsoft Word редакторының терезесінің құрамы

  3. Құжатты ашу, сақтау, даярлау әдістері

  4. Мәтіндік редактор Microsoft Word компьютердегі қолданылатын бағдарламалардың қай тобына жатады?

  5. Мәтінмен қандай әрекеттерді істеуге болады?


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

  1. MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар

  2. Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу

  3. Пішімдеу құралы, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:

-абзац алдындағы жаңа жол басын;

- беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поле) аумағын;

-мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;

- көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.

Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.

Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.

Microsoft- фирманың аты, оны 1975 жылы Билл Гейтс құрды. Ол алғашқы программаны 13-жасында жазған. Офистік бағдарламалар жазады.

Word-ағылшыннан аударғанда «сөз» дегенді білдіреді.

Текстiк құжаттар редакторы - офистік программалардың кең қолданылатын түрі. Қазіргі кезде кең таралған текстiк редактор - MS Word болып табылады.MS Word - текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы.

Құжаттың тақырыбың сақтау

Құжаттағы түске, қаріпке, тізбек және құюға қолданылған кез келген өзгерістерді пайдаланушылық тақырып ретінде сақтап, басқа да құжаттарға қолдануға болады. Разметка страницы қаттамасындағы Темы тобында Темы батырмасын таңдап, Сохранить текущую тему батырмасын басыңыз. Имя файла өрісіне тақырыптың атын енгізініз. Құжаттың пайдаланушы тақырыбы «Темы документов» бумасында сақталады және автоматты түрде пайдаланушы тақырыптар тізіміне қосады.

Форматты, қаріпті және стилді қолдану алдында қарап шығу.

Мәтінге форматтау параметрлерін, қаріп, экспресс-стилді қолданар алдында тез қарап шығуға болады. Ол үшін алдын ала қарап шығу функциясы қолданылады.

Түрлі форматтау нұсқаларына тышқан бағыттағышын бағыттап, таңдалған мәтінгі немесе аймаққа қолданған нұсқаларды қалай болғандығын тез арада көруге болады. Мысалы, егер Microsoft Office Word мәтінге қаріп таңдау керек болса, онда тышқан нұсқағышын қаріптер тізімінің төменге қараған бағыттағышына бағыттаса болғаны. Форматтармен стилдерді қарап шыққаннан кейін тышқан бағыттағышын таңдалған форматы немесе стилді қолдану үшін басу керек.

Форматтаудың қаріпін өзгертуді қарап шығу.

Microsoft Office жүйесінің 2007 шығарылымының бағдарламадағы келесі іс-әрекеттерінің орындалуы:

  1. Форматтау керек мәтінді енгізініз.

  2. Главная қаттамасындағы Шрифт тобынан келесі іс-әрекеттердің кез келгенің орынданыз:

  • Бағыттағышты Шрифт өрісінің жанынан басып, алдын ала қарап шығу керек қаріптерді тышқан нұсқағышымен қарап шығыныз.

  • Бағыттағышты Размер шрифта өрісінің жанынан басып, алдын ала қарап шығу керек қаріп өлшемдерін тышқан нұсқағышымен қарап шығыныз.

  • Бағыттағышты Цвет выделения текста батырмасының жанынан басып, алдын ала қарап шығу керек белгіленген түстер және құюды тышқан нұсқағышымен қарап шығыныз.

  • Бағыттағышты Цвет шрифта батырмасының жанынан басып, алдын ала қарап шығу керек қаріп түстерін тышқан нұсқағышымен қарап шығыныз.

  1. Форматтаудың нұсқаларын алдын ала қарап шығуды аяқтау үшін келесі іс-әрекеттердің бірін орынданыз:

  • Қаралған форматтауды қолдану үшін тізімдегі қаріп атауын, қаріп өлшемін немесе түсті таңдау керек.

  • Алдын ала қарап шығуды болдырмау үшін ESC.

Абзацты форматтаудағы өзерістерді қарап шығу.

Келесі іс-әрекеттерді орынданыз:

  1. Форматтау керек мәтінді белгілеңіз.

  2. Главная қаттамасының Абзац тобындағы келесі іс-әрекеттердің кез келгенің орынданыз:

  3. Бағыттағышты Маркеры батырмасының жанынан басып, алдын ала қарап шығу керек маркирленген тізім стилін тышқан нұсқағышымен қарап шығыныз.

  4. Бағыттағышты Нумерация батырмасының жанынан басып, алдын ала қарап шығу керек номірленген тізім стилін тышқан нұсқағышымен қарап шығыныз.

  5. Бағыттағышты Затенение батырмасының жанынан басып, алдын ала қарап шығу керек көленке түсін тышқан нұсқағышымен қарап шығыныз.

  6. Форматтаудағы нұсқалардың алдын ала қарап шығуын аяқтап, келесі командалардың біреуін орынданыз:

  • Алдын ала қарап шығылған форматтауды қолдану үшін тізімнен таңдалған стилдер немесе түсті басыныз.

  • Алдын ала қарап шығуды белгілі бір өзгерістерсіз қалдырғыныз келсе ESC батырмасын басыныз.

Құжатты безендіру үшін Разметка страницы (Сурет. 3.) қаттамасының Параметры страницы тобындағы батырмаларды қолданыныз.

«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»


Поля документа - бұл мәтінмен бет арасындағы арақашықтық. Сәйкесінше бос орын көп болса мәтін аз болады.

«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Парақтың бағытын өзгерту үшін Параметры страницы қаттамасындағы Ориентация батырмасын басыныз.

«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Размер батырмасы баспаға шығарылатын беттін параметрін орнатады.

Бағандарды Разметка страницы қаттамасындағы Параметры страницы тобынан Колонки батырмасы арқылы жүзеге асыруға болады.

«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Автоматты түрде нөмірлейтін жолдарды Параметры страницы тобындағы Номера строк батырмасы арқылы жасауға болады.

Расстановка переносов Параметры страницы тобынан таңдалып, сөздерді бір жолдан екінші жолға буынмен орын ауыстыруларына мүмкіндік береді. Группа Фон беттері беттерді безеңдіруге арналған, аңығырақ : подложка - беттің құрамындағы жасырылған мәтінді көрсету; цвет страницы - беттің түсін таңдау ( Web-беттер үшін); границы страниц - белгіленген фрагментке, бетке, мәтіннің шекарасын қоюда қоршаулар орнату.

Құжаттарды безендіруде қосымша аймақ ретінде:

Список -санмен таңба арасындағы айырмашылықтары бар мәтіндегі жол жиыны. Создается: 1) Главная қаттамасындағы Нумерация батырмасы; 2) Главная қаттамасындағы Маркеры батырмасы.

Көпдеңгейлі тізімдер құруға болады. Осыған сәйкес әр деңгейдің өзінің маркері немесе нөмірі болады.

Буквица -абзацтың бірінші әріптері үлкейуі мәтінде үштен онға дейін жол ала алады. Вставка қаттамасында құрылады.

Буквицы өзінше аймақ оларды форматтауға, өлшемдерін өзгертуге болады.

Колонтитулы бұл мәтін немесе графикалық кескін ретінде беріледі. Ол беттін төменгі немесе жоғарғы бөлігінде орналасады. Вставка қаттамасында орналасқан.

«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»

Колонтитулды беттің нөмірі, бөлім атауы, дәріс, аты және тегін немесе сағатпен күнді т.с.с басқаларда қолдануға болады.

Номер Страницы бетті нөмірлеуде қолданылады. Вставка қаттамасында құрылады.

Ленты қаттамасында жиі қолданылатын командалар орналасқан. Жоқ батырмаларды топтардың он жақ төменгі бөлігінде орналасқан бағыттағышты басу арқылы табуға болады.

Басқа командалар нұсқағышты мәзірдегі кез келген батырмаға апарғанда пайда болады (Мысалы. Сурет.5.).

«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»


  1. Т«Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолағы»әжірибелік дағдыны қалыптастыруда оқушылардың өздік жұмысы. Word бағдарламсында жұмыс.

  1. Жаңа файл құрып, оны өзіңіздің папкаңызда 1 атпен сақтаңыз.

  2. Алғашқы бетте өз жұмысыңыздың титулдық бетін жасаңыз. Жұмыс барысында символдарды, абзацты және тақырыпты форматтау тәсілдерін (өлшем, шрифт жазылуы мен типі; абзацтық шегініс, абзацтың тегістелуі және т.б.) қолданыңыз.

  3. Алғашқы бетке рамка қойыңыз.

  4. Екінші бетте төменде көрсетілген мәтінді талаптарды орындай отрыпы теріңіз: шрифт өлшемі - 14, Times New Roman, абзац тегістелуі орталық бойынша, жол аралық интервал - бір жарымдық, алғашқы жолдың шегінісі - 1 см.

  5. Т.А.Ж және топ, курсын көрсететін колонтитул қойыныз.

  6. Беттерді нөмірлеңіз, алғашқы бет нөмірленуі көрінбесін


  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту.

  1. Беттерді форматтау әдістері?

  2. Жоларалық ты қалай тағайындаймыз?

  3. Мәтінді бағандарға бөлу әдісі?

  4. Коллонитул дегеніміз не?

  5. Коллонтитулді қалай қоямыз?

  6. Беттердің түрлерін қалай белгілейміз?

  7. Мәтінді форматтауда қандай қаріп, өлшем қолданамыз?

  1. Баға қою. Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларды бағалау, ескерту жасау.


  1. Үй тапсырмасы:

1.Информатика Симоновича С.В. 2-е издание 2004.

2. Рапаков Г.Г., Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль». 2005.

3. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики: учебное пособие / пер. с англ. Под ред. Кузнецова П.П., Сайткулова К.И. - М., 2011. - 160 с.

4. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы «Білім» 1995.

.


© 2010-2022