Информатика сабақтарында диалогті оқыту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру

Информатика сабақтарында диалогті оқыту арқылы оқушылардың  білім деңгейін көтеру   Балаға күштеп білім беруден гөрі,  баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.К. Д.Ушинский   Бүгінгі таңда білім беруде өмірдің өзі жаңа идеялар мен әдістерді талап етеді. Әр мұғалім білім беруде көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ «мұғалім» атты мәртебелі мамандық иесі бұндай қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру бағытында жұмыстанады...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика сабақтарында диалогті оқыту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру



Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№10 жалпы білім беру орта мектебі»КММ-сінің

Физика және информатика мұғалімі

Әбдіхалық Айнұр Таңатарқызы

e-mail: [email protected]





Информатика сабақтарында

диалогті оқыту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру


Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
К. Д.Ушинский


Бүгінгі таңда білім беруде өмірдің өзі жаңа идеялар мен әдістерді талап етеді. Әр мұғалім білім беруде көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ «мұғалім» атты мәртебелі мамандық иесі бұндай қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру бағытында жұмыстанады. Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, оқушылардың өз ойларын еркін және ашық айтып, көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, практикада қолдана білуге үйреткім келеді. Кембридж университетінің «Мұғалімге арналған нұсқаулығын» негізге ала отырып, мен өз сабақтарымда жеті модульді қолданып, оқыту барысын

жақсартуға тырыстым.

Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары «Бүгін сабақ ұнады. Өзімізді еркін ұстадық», «Сабақтың осылай өткені жақсы екен. Сурет арқылы ойымызды ортаға салдық», «Сабақ өте қызықты өтті. Өзіміз жаңа сабақты аштық», «Маған ұнағаны физикалық құбылыстарды ертегілерде, мақал - мәтелдерде қолданғанымыз». Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік - сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.[1, 12 - б]

Диалогтік оқытудаға мақсатым:

  • Оқушылардың сөздік қорын молайту;

  • Өз ойын ашық, анық айтуға төсілдіру;

  • Қарым-қатынас жасай білу;

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушы өз ойын ашық айта алады;

  2. Шығармашылық қабілеттері өседі;

  3. Сөздік қоры баийды;

  4. Өз қабілеттерін одан әрі ұштайды

Мысалы сабақта түрткі болуға арналған сұрақтар бойынша қарапайым, өткен материалға оралу мақсатында мен өз сабағымда үй тапсырмасын тексеру, бекітуде қолдандым. Мысалы: «Атмосфералық қысым», мысал келтіріңіз» деген сұрақтарға оқушылар нақты, дәл, өткенді еске түсіре отырып, толық жауап беруге тырысты.
Сынақтан өткізу сұрағы анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеясын дамытуға көмектеседі.[1, 41 - б] Мұндай сұрақтарды физика сабағында «Архимед күші» мен информатика сабағында «Презентациямен жұмыс» тақырыптарын өткен кезде «Ауыр кеме суда жүзіп жүре алады, суға тасталған шеге батып кетеді, мұның себебі не?» т. б. және жуан (Жұмыртқа таза суға батып кетеді,тұзды суда жүзіп жүреді. Неліктен?), жіңішке (Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?) сұрақтар дайындауда қолданылды.

Онлайн кезеңіңде өткізген сабақтарымда «диалогтық оқытуда оқушыларымның сабаққа деген ынтасы қалай болар екен, бір нәтижеге қол жеткізе аламын ба?» деген сұрақтар төңірегінде ойланып, сабақтарыма бар ынта жігермен кірістім. Сондықтан зерттеу жұмысым барысында 5 сыныпта өткізілген әрбір сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым.

Диалог арқылы оқыту оқушылар логикалық ойлай алатын, қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасай алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді және оқушыға жеңілден күрделіге бағытталған сұрақ қоя отырып, оның дұрыс жауап беруіне мүмкіндік беретін болсақ, оның өзіне деген сенімі артып, алған білімін қолданып, талдай алатындығына көзім жетті.

Сондықтан жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.

Пайдаланылған әдебиеттер

Мұғалімге арналған нұсқаулық, ресурстар.

cpm.kz

  1. Alexander, R., (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну.] Cambridge: Dialogos UK.

  2. Barnes, D., (1971). Language and Learning in the Classroom. [Сыныптағы тіл және білім беру.] Journal of Curriculum Studies, 3(1), 27-38.

  3. Barnes, D., (1976). From communication to curriculum. [Сұхбаттасудан білім беру бағдарламасына дейін.] Harmondsworth: Penguin.


© 2010-2022