Алгоритм түрлері, қасиеттері (тест)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамаладин

Қымбат

Қыдырқызы

20 орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерінің деңгейін тексеру;

Білімділік: Оқушыларға өткен сабақатардан тест жұмысын алу арқылы білімдерін шаңдау;

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін бір -бірімен ұштастыра отырып, ойларын жинақтай білуін, ойлау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды тест жұмысын бер арқылы өз бетімен жұмыс жасай білуге, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ ;

Сабақтың көрнекі - құралдары: интербелсенді тақта, тест паракшалары, есептеу кестелері ;

Пән аралық байланыс: математика, ағылшын ;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық (тренинг)

ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары:

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм атауы қайдан шыққан?

3. Модель дегеніміз не?

4. Неше түрі бар?

ІІІ. Негізгі бөлім :

Тест тапсырмалары бар парақшаларды үлестіріп беру (әр оқушы компьютерге отырып, есептерді компьютерде орындап, сақатуы тиіс)

1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?

А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан Б) Латынның algoritm сөзінен

Ә)Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан В)әл-Фараби атының латынша

2. Алгоритм дегеніміз не?

А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері

Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар

Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым

В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет

А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі

Ә) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы

Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы

В) алгоритмнің айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі

4.Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсет

А) алгоритмдік тілде, блок-схема түрінде, программалау тілінде

Ә) алгоритмдік тілде, программалау тілінде, Паскаль тілінде, математикалық тілде

Б) блок-схема түрінде, графикалық түрде, программалау тілінде

В) программалау тілінде, математика тілінде, графикалық түрде, блок-схема түрінде

5.Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды?

А) тіл төртбқрыш, ромб Ә) стрелкалар, параллелограм

Б) ромб, параллелограм В) шеңбер, үшбұрыш

6. Алгоритмнің түрлерін көрсет

А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік Ә) тармақталу, қайталану, шарттық

Б) сызықтық, тармақталу, циклдік В) циклдік, қайтьалану, шарттық, сызықтық

7. Паскаль программалау тілінің авторы кім?

А)Блез Паскаль Ә)Никлаус Вирт

Б) Н. Верджино В) Чарльз Беббидж

8. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?

A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X)

9. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет

А) ** Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ

10. 14 DIV 5 - функциясының мәні неге тең?

А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11

11. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?

А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X)

12. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторын көрсет

А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ

13. Паскаль тіліндегі енгізу операторын

А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ

14. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет

А) VAR Ә) WRITE Б) CONST B) READ

15. Өрнек нәтижесі типтерін анықта

А) 1/(2+1/4) - Ә) x+5

Б) 1/(2*sqrt(x+1)) В) sqrt(x)+sqr(y)-

16. Қай өрнекте қате бар?

А) (х1/х2)*у Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p)*q)/r В) (a(b/(c*(d/(ef)))))

17. Sqr операторының қызметі

А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі

Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы

18. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет.

А) VAR Ә) WRITE Б) CONST В) READ

19. := қандай белгі?

А) теңдік Ә) айнымалыларды салыстыру Б) меншіктеу В) бөлу.

20.Объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін құру... деп аталады.

А) прототип Ә) модельдеу Б) зерттеу В) программалар

21. Оқу, тәжірибелік, ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық модельдер

модельдердің несіне байланысты жіктелуі?

А) уақыт факторына Ә) көрсетілу әдісіне

Б) тарату тәсіліне В) қасиеттеріне

22.Көрсетілу әдісіне қарай модельдерді топтау

А) компьютерлік және компьютерлік емес Ә) статистикалық және динамикалық

Б) материалдық және ақпараттық В) вербальдік және таңбалық

23.Ақпараттық модельдер қандай топтарға бөлінеді?

А)компьютерлік және компьютерлік емес Ә)статистикалық және динамикалық

Б)материалдық және ақпараттық В)вербальдік және таңбалық

24.Алдын ала нәтижелері белгілі болатын бастапқы мәліметтер жинағы не деп

аталады?

А) тест Ә) тестілеу Б) модель В) модельдеу

25. Динамикалық модель дегеніміз не?

А) алдын ала нәтижелері белгілі болатын бастапқы мәліметтердің жинағы

Ә) уақыт барысындағы объектінің қасеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігі

Б) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

В) графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар

Тест жауаптары:


1

А

15

Б

2

Б

16

А,Б-real, Ә, В integer

3

Ә

17

В

4

А

18

А

5

В

19

А

6

Б

20

Б

7

Ә

21

Ә

8

Ә

22

В

9

А

23

Б

10

В

24

В

11

Ә

25

В

12

Ә

26

А

13

Ә

27

Ә

14

В



ІV. Сабақты бекіту:

«Фишбоун» (балық қаңқасы) әдісі арқылы сабақты бекіту.

V. Сергіту сәті:

VІ. Үйге тапсырма

Барлық өткен тақырыптарды қайталап, әр оқушы 10 сұрақтан тұратын тест дайындап келу.

VІІ. Бағалау

Сабақ аяқталды . Сау болыңыздар!

© 2010-2022