Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып:

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: §8. Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы

Білімділігі: программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты мазмұндау.

ІІІ. Білімді өзектендіру, тексеру

Сұрақтар :

  1. Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады ?

  2. Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма , неліктен ?

  3. Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма ? Неге ?

  4. Ақпаратты қандай құрылғы өңдейді ?

IV. Мақсат қою

«Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін білу.

V . Жаңа сабақты түсіндіру

Жүйелік программалық жабдықтама

Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ -ға мына программалар жатады :

  1. Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.

  2. Драйверлер - компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.

  3. Утилиталар - компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

Программалау жүйелері

Жаңа программалар - олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір - құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

Операциялық жүйе - компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

VI. Жаңа сабақты бекіту:

Осы тақырып бойынша берлген «өзіңді тексарді» орындау.

VII. Қортындылау, бағалау.

VIII. Үйге тапсырма

Оқулықтан §8. тақырыпты оқу, мазмұндау,конспекті жазу

© 2010-2022