Информатика сабағына АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТУІ

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекбаулова Эльвира Ермахановна

Информатика пәнінің мұғалімі, білімі-жоғарғы

ҚММ «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі»


Ақпараттық технологияның адам денсаулығына әсер етуі


Компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса, ол біздің ақылды, сүйкімді, қайырымды досымыз бола алады.

Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді. Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады.

Компьютер - бұл бірнеше түрлі денсаулыққа қауіпті сәулелерді таратады. Көптеген электромагниттік сәулелерді зерттеулер нәтижелерінде ғалымдар денсаулыққа зияны көп екенін дәлелдеді. Сонымен қатар компьютер электромагниттік кеңістік тудырады. Ол монитор экранынан зарядталған ағымдағы сәулелер бөлшектерін тарату кезінде пайда болады. Электромагниттік аумақ әсерінен шаң және аэрозолдық бөлшектері бетке, мойынға, қолға қонуын туғызады, сондықтан бұнын әсерінен сезімтал адамдарда аллергия, терінің құрғаушылығы пайда болады. Монитордың кинескоп бетінде жағымды заряд пайда болып, ион қабатындағы жағымсыз пайдалы зарядтарды жою әсерінен компьютерлер тұрған бөлменің ауасын нашарлатады.

Компьютердің алдында отырғанда үнемі беретін ескертуіміз: «Компьютердің алдында көп отырма!», «Тіке отыр!», «Бұл ойындарды саған ойнауға болмайды!». Балаларда мынандай сұрақ туындайды «Ал неге болмайды, маған қызықты ғой!!!» Бұл сұраққа бере жауабымыз: «Компьютер адам ағзасына кері әсерін тигізеді, барлық ойындар пайдалы емес.». Ең қорқыныштысы -компьютерлік ойындарға тәуелді болу.

Мен оқушыларға мынандай сұрақ қойдым, мен өзімнің шағын зерттеуімді жүргіздім:

  • Үйде компьютер бар ма?

  • Қандай мақсатпен компьютерді қолданасың?

  • Қандай ойындар ойнайсың?

  • Қанша уақытыңды компьютерге жұмсайсың?

  • Компьютердің адам ағзасына әсері туралы көзқарастарың қандай?

  • Компьютер сабаққа көмектесе ме?

  • Ғылыми дәлелдемелер бар ма, бұл мәселені дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын, әлде бұл тек ересек адамдардың ойлары ма?

  • Компьютерлердің шығу тарихын білесің ба?

  • Бұл машиналардың шығу мақсаты қандай?

  • Топ арасында қандай ойындар атақты және оған қанша уақыт жұмсайсың?

Сұрағандардың (43%) жартысынан азының үйінде компьютерлер бар екендігі көрінеді.

Зерттеудің болжамы: ата-анасымен қарым-қатынастары нашарлайды, оқу үлгерімдері төмендейді. Көру мүшесіне үлкен күш ақпаратты енгізу кезінде, сондай-ақ пайдаланушы экраннан мәтінге, клавиатураға үнемі қарау қажеттілігінен, әр түрлі ара қашықтықта және жарықта болғанда өткізеді. Ойлау жүйесі мен көру органдарына күш түсіреді, өйткені экранға жақын отырып, майда әріптерді, сандарды оқуға, ойлануға тура келеді. Осылардың бәрі көз бұлшық еттеріне күш түсіреді, оның үстіне экранның жарықтық тербілестері де оған әсер етеді. Компьютерлік көру синдром белгісі көрудің төмендеуі, жақын заттардың алыстауы фоксировкасының ақырындауы және керісінше заттардың екеу болып көрінуі, оқу кезіндегі тез шаршау, көздің қышу сезімі, қабаққа құм тығылғындай сезіну, көздің қызаруы, көздің қозғалуы кезінде көз алмасы мен шекенің ауырсынуы байқалады. Экраннан ақпараттты оқу оны енгізуге қарағанда қиынырақ болады.

Сонымен компьютермен жұмыс істегендегі көздің қызметі басқа жұмыстардан - оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Оған организмге статистикалық күш түсіретін және қимылды азайтатын олардың тұрақты отырып істеуін қоссақ, өскелең балаға оның дамуын тежейтін біраз қиындық туындайтыны белгілі шығар.

Және де… Тағы бір фактор- нервтік-эмоциональдық жүйеге күш түсуі. Компьютермен қатынасу кезінде, әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп, тез қимылдауды талап етеді. Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді.

Компьютер әсерінен қолданушылардың көру қабілеті төмендеуімен қатар, дәрігелер тағы бірнеше синдромдарды анықтайды. Яғни, ол синдромдар ЭЕМ (ЭВМ) қолданушыларда кездеседі. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылуы жағдайы байқалады. Бұл белдің қисаюына және қаңқаның басқадай өзгеруіне, бұлшық ет ұлпасының өсуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Бөлмеде, компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы табиғи, жасанды жарық болуы керек. Кеңселерде тек қана жылыту құрылғылары ғана емес, сонымен қатар ауаны алмастыратын жүйелер немесе тиімді жел айдағыш жабдықтармен қамтылады. Қабырға мен төбе жылтыр және беті жылтырамайтын шынылар болуы керек-бұл көздің шаршамауын және жұмыстан көңілін аударады. Үй жайда күнделікті дымқыл тазалық жүргізілуі керек.

Жұмыс орны міндетті түрде кем дегенде 6м2, ал көлемі 20м3 құрау керек. Столды терезенің жанына қою керек, өйткені жарық сол жақтан түседі. Компьютермен жұмыс үшін жақсы жарық жайылған тікелей емес жарық, яғни экранға шағылыспауы керек.

Қолданушының көру кеңістігінде ашық өткір жарықтар түспеуі керек, сол үшін терезеге перде әлде жалюзимен жабылуы қажет. Жасанды жарықта жалпы және біркелкі болуы керек, бірақта жалғыз стол шамын қолдану жеткіліксіз.

Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру-бұл тек болатын аурулардың алғашқы алдын алу. Компьютермен жұмыс істегенде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін, оның үрдісінде үнемі дене қалпына қарау керек. Дене бітімін дұрыс ұстау бұлшық етті көбірек қимылдату және көп жұмыс істеуге болады. Аз шаршайды. Дұрыс дене бітімін ұстағанда құлақ тура иық жазықтығында орналасады, ал иық жамбас деп саналады. Басты тур иық бойынша ұстау керек. Сіз төмен қараған кезде бас алдыға еңкеймеуі керек. Қисық (бүкіреюу) жағдайы, яғни иық сызығы дәл жамбаспен және құлақ сызығымен орналаспаса иық сіңірлері мен иық бұлшық еттеріне бірталай күш түседі. Бұндай жағдайдағы ұзақ уақытты жұмыс ауру себебі болуы мүмкін.

Өкінішті, мен келесі сұрақ қойып мынадай нәтиже алдым: көпшілігінде арнайы столдар мен орындықтары жоқ, яғни адамның бұлшық еті мен арқасының әр түрлі қисайуына әкелуі мүмкін.

Біздің мектепте оқу бөлмелерінің жақсы компьютеризациясы болып жатыр: 1 компьютерлік сынып, 1 мультимедиялық кабинет интеративтік тақталар бар. Сөзсіз, әр мұғалім сабақта ақпараттық технологияны, сабақты түрлендіріп компьютерді, экранды, видиопроекторды қолдануға тырысады. Бұл әрине, жақсы!

Менің зерттеулерімнен, бақылауымнан кейін келесі шешімге келдім:

1. Көптеген оқушылардың көру қабілеті төмендейді.

2. ЭЕМ-да жұмыс нормасын түгелдей дерлік қолданушылар біле бермейді.

3. Көзге және қол үшін арналған жаттығуларды ДК-де жұмыс жасағанда, үзіліс жасауды сирек орындайды.

  1. Оқушылардың көбінің үйінде арнайы компьютерлік үстел мен орындықтары жоқ

  2. Сабақта компьютерді қолданудың, көбеюінде дәлелі (оқушылар қатарынан 2-3 сабақ жұмыс істей алмайды).

Мен оқушылардың денсаулығын сақтау үшін төмендегі ұсыныстар қажет деп санаймын:

  1. Шаршауды болдырмау үшін көзге арналған жаттығулар (офтальмотренаж) жасау қажет.

  2. Жұмыс орны ыңғайлы,оқушы жасына сай реттелген сапалы бағдарламаларды қолдану қажет.

  3. Басқа пән мұғалімдері информатика пәнінің сабақ кестелерін есептей келе компьютерді қолдану керек.

4. Қамтамасыз ету бағдарламасында арнайы бағдарлама болуын, сергіту сәтін, динамикалық үзіліс жасау кестесін құру керек.

5. Компьютермен жұмыс нормасын міндетті түрде сақталуын оқушыларға қажеттендіру.

Осы жұмыс нәтижелері зерттелген проблемаларды толық ашуға бәсекелеспейді. Сондықтан осы бағытта ары қарай оқу мен зерттеу өткізу қажет.

Келген ғасыр - ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады.

Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса, үлкендердің істейтін қателіктерін қайталамау керек.

Біздің зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: компьютердің зиянымен қоса пайдасы бар. Соңғы кезде біз әрдайым компьютердің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы естиміз.

Соңғы зерттеулер көрсетеді: тек компьютерден ағзаға зиянды ықпал ететіні, адамның қате орналасуы, демалуы мен жұмысындағы ережелерді сақтамауы. Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу өте қызықты.

Компьютер программасының негізгі құралдарымен, әртүрлі әрекеттермен таныстым.

Артықшылығы:

- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі әрекеттер көмегімен кез-келген құжаттар жасауға болады. Компьютермен жұмыс істеу пайдалы, біздің ақпарат іздеу жұмысына зор көмегі бар деген шешімге келдім. Бірақ ол қатаң ережелерді сақтауын талап етеді және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек. Баланың ағзасына әсер етпеу- бұл сәтте маңызды. Біздің мектепте барлық компьютер бөлмелерінде компьютердің қауіпсіздігі туралы ақпараттар бар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Энциклопедия для детей. Т. 22. Информатика / Глав. ред. Е. Хлебалина; вед. Науч. ред. А. Леонов. - М.: Аванта, 2005. - 624 с.: ил.

  2. Катя Ром. Что делать, если вы засиделись за компьютером? // Мой друг компьютер, №10, 2007, с. 35.

  3. Кателл Дж.П. Разворот супертанкера: трансформация процесса обучения через использование ИКТ // Информатика и образование, №8, 2007, с. 93.


© 2010-2022