Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Жарияланды 8-01-2015, 21:08 Категориясы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс: PAINT сурет бөлігі түсінігін, бөліктермен орындалатын операцияларды, орындау тәсілдерін, мәтінді баптау мүмкіндіктерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді. Суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді. Жазу құралын пайдалануды. Салынған суретті ашуды.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
Сұрақтар:
1. PAINT графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық?
2. Бүгін біз «Ерекшелеу» сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін - фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Ерекшеленген фрагменттің жан - жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады.
Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.
1. Мөлшерді өзгерту - тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

2. Орнын алмастыру - ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -
3. Тазалау - ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.
4. Түстерді айналдыру.
5. Көшіру.
Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.

1 - тәсіл - фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз - жеке
көшірмесін аламыз;
2 - тәсіл - фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз - оның ізі бар көшірмесін аламыз;
3 - тәсіл - фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.
Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.

Мәтінмен жұмыс істеу
PAINT - графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба - белгілеулер құрылады.
Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі - енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас. Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Жолақта бірден жаңа тіркеме бет - Мәтін енгізу саймандары - пайда болады.
Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады:
- Әріпті және оның мөлшерін таңдау;
- Мәтінді жуан әріппен курсивпен ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу;
Мәтіннің әрбір фрагментін әртүрлі баптауға болады.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІІ Қорытынды
1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады?
2. Ctrl немесе пернелерін басып көшірулердің бір - бірінен айырмашылығы неде?
3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
4. Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама - қарсы?
5. Фрагментті 90 градусқа бұру үшін не істеу керек?
VІІІ Үйге тапсырма: Paint программасын пайдалана отырып, «Қыс» тақырыбына сурет салу.









Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: §16. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларға графикалық редакторде сурет бөліктерімен жұмыс істеу тәсілдері мен амалдарын үйретіп, одан әрі таным деңгейін арттыру.

2. Дамытушылық. Оқушылардың графикалық редактор арқылы логикалық ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдысын қалыптастыру және болашақта қолдануға үйрету, компьютерлік сауаттылық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік. Оқушыларды ақапараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық, баяндау арқылы түсіндіру.

Көрнекілігі: компьютер, 5 сынып информатика оқулығы, электрондық оқулық, презентациялар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын сұрау. «Ақпараттық диктант»

1. Графикалық редактор. (Paint)

2. Paint графикалық редакторын іске қосу.

(Пуск-Все программы-Стандартные-Paint)

3. Paint графикалық редакторының терезе элементтері (Жылдам қол жеткізу тақтасы, жолақ,сурет салу аймағы, жай -күй жолы)

4. Paint графикалық редактордың сурет салу құралдар. (Қарындаш,өшіргіш,қылқалам,бояу құю құралы)

5. Өшіргіш (қарапайым және түрлі түсті) режимдері болады?

3.Жаңа сабақ

Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін-фрагментті ерекшелеп алады. Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.

Ерекшеленген франгменттің жан-жағында пунктирлі сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады.

- Ерекшелеу сайманы.

Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу-Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

Ерекшеленген фрагменттерді қолдану амалдары:

1) Мөлшерді өзгерту-тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып(сілтеме екі басты жебе кейпіне айналады), тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

2) Орнын алмастыру-ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі.

3) Тазалау-ерекшеленген аймақ фонның түсімен боялады.

4) Түстерді айналдыру.

5) Көшіру.

Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.

Фрагментті көшіру тәсілдері.

1-тәсіл - фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз-жеке көшірмесін аламыз.

2-тәсіл - фрагментті Shift пренесін басып жылжытамыз-оның ізі бар көшірмесін аламыз.

3-тәсіл- фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру.Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.

Мәтінмен жұмыс істеу.

Paint - графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба -белгілеулер құрылады.

Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек.Жұмыстың бірінші кезеңі-енгізу өрісін құру.Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас.Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады.Жолақта бірден жаңа тіркеме бет-Мәтін енгізу саймандары -пайда болады.

Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады:

- Әріпті және оның мөлшерін таңдау;

- Мәтінді жуан әріппен, курсивпен ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу;

- Мәтіннің әрбір түсін таңдау. Мәтіннің фрагментін әр түрлі баптауға болады.

4. Сергіту сәті.

Оқушылар шеңберлене тұрып, жаттығулар жасайды.

- Егерде сендер мектепке көңілді келсеңдер, оң қолдарыңды бұлғандар.

- Егер сендер адам бойындағы адалдық пен шындықты бағаласаңдар, бір қадам алға басыңдар.

-Егер сендер адамның ұлтына, әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан, әрқашан құрмет етсеңдер, артқа қарай бір рет қадам басыңдар.

-Егер сендерді біздің Отанымыздың болашағына толық сенімді болсаңдар, екі қолдарыңды көтеріңдер.

- Егер сендер Қазақстанның болашағы өздерің екеніне сенімді болсаңдар, бір-бірлеріңнің қолдарыңнан ұстаңдар.

Қызықты ақпарат. Кез келген терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында үш батырма бар. Ол батырмалар: жималау, жаймалау, жабу.

Үш отау ауылдың шетінде орналасқан,олар сол ауылды басқарады.

Бірінші отаудың есігін қақсаң,ауыл түгел оранып жатып алады.

Екінші отаудың есігін қақсаң, ауыл жайылып қалпына келеді.

Үшінші отаудың есігін қақсаң, есіктерің тіпті тас қылып жауып алады

5.Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар.Оқулықтағы

А деңгейі.

1.Paint-те жаңа құжат құрыңдар.

2.Сурет салудың оңтайлы тәсілін таңдаңдар

3.Жұмысты «Электровоз» файлында сақтаңдар.

В деңгейі.

1. Paint-те жаңа құжат құрыңдар.

2. Мынадай түрде сурет салуға арналған рамка дайындаңдар:

3. Paint-ті тағы іске қосып,Ойыншық файлын ашыңдар.

4. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.

5. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны еркешелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.

6.Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар:

7. Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.

С деңгейі.

1.Paint-те жаңа құжат құрыңдар.

2.Баптау-Барлық программалар-Microsoft office- office құралдары- Microsoftтың бейнебаян ұйымдастырушысы бұйрығын орындаңдар.

3.Пайда болған коллекциялар тізімінен (91 сурет) Оffice коллекцияларынан - безендіру(оформление)бұйрығын таңдаңдар.

4. Шекараны таңдаңдар және оны алмасу буферіне көшіріңдер.

5. Paint-ке ауысып, шекараны алмасу буферінен кірістіріңдер.

6.Кескін- Бұру бұйрығын пайдаланып, шекаралық сызықтар мен әшекейлерден фоторамка құрыңдар.

7. Paint-ті тағы да қосып және Ойыншық файлын ашыңдар.

8.Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.

9.Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.

10.Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар.

11. Файлды Рамка деген атаумен сақтаңдар.

5. Қорытынды.

Өзіңді тексер! Тест тапсырмалары.Оқулықтағы (139-140 бет) орындау.

1. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасын шерсек, онда:

А) Контексті мәзір пайда болады.

В) Ерекшеленген фрагмент жоғалады.

С) Фрагмент басқа түске боялады.

Д) Ештеңе болмайды.

2. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа пара-пар?

А) Қиып алу

В) Көшіру

С)Бейнелеу, бұру

Д) Түсін алмастыру

3.Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?

А) Экранның ортасына

В) Төменгі оң жақ бұрышына

С) Жоғарғы сол жақ бұрышына

Д) Экранның төменгі жағына

4.Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?

А) Esc В) Tab С) Ctrl Д) Shift

5) Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?

А) Өшіргіш В) Мәтін С) Қарындаш Д) Қылқалам

6) Мәтіннің түсі:

А) Өзгертілмейді

В) фонның түсімен бірдей

С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.

Д) Әрқашан қара

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма.

§16. « Сурет бөліктерімен жұмыс істеу» оқып келу;

Қалаған суреттерін салып келу.


© 2010-2022