Сабақтың тақырыбы: Енгізу және шығару операторы

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Енгізу және шығару операторлары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Сабақта оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылу ережесін түсіндіру, теориялық білімдерін жетілдіру, Оқушылардың Паскаль программалау тілінде сауатты программа құра алатындығын тексеру
б) дамытушылығы: Жұмыс істеу принциптерін түсіну мен қатар алгоритммен программалау тілінде жазылу ерекшеліктерін ұғынып, қарапайым сызықтық программаларды жазуға дағдыландыру. В) тәрбиелілігі: ойлау, өзін - өзі тексеру қабілетін арттыру. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру. Оқушының пәнге деген қызығушылығын және шығармашылығын арттыру.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту тақырыбы.
Көрнекіліктері: 1интерактивті тақта, компьютер, сызбалар.
Оқыту формасы: Блум жүйесінің элементтері
І. Психологиялық даярлықты қамтамсыз ету (оқушыларды түгендеп бүгінгі сабаққа назар аударту)
ІІ. Білім (дағдысы бойынша).
Үй тапсырмасын пысықтау: қайталау сұрақтары.
А) Операторлардың жалпы жазылу түрі қалай сипатталады?
BEGIN
1 - оператор
2 - оператор
--------
П - оператор
END
Б) Тілдің қарапайым объектілеріне қандай ұғымдар жатады.
(«сан»тұрақты: айнымалы: функция: өрнек: идентификатор)
В) паскаль тілінде қандай сандар пайдаланамыз? (ондық, оналтылық бүтін сандар)
Г) Алгоритм дегеніміз не? (берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру). Алгоритмді өмірмен байланыстырып мысал келтір:
Д) Блок - схема дегеніміз не? (алгоритм схемасы)
ІІІ. ТҮСІНУ (дағдысы бойынша) енгізу, шығару операторларына түсінік беру, Енгізу операторы read (ағылшынша оқу) идинтификаторынан және айнымалылар тізімінен тұрады, мәндерді оқып, айнымалыға меншіктейді. Жазылуы (read(): мысалы: read (а, в, с):
Readln операторының read операторынан айырмашылығы Readln операторы қатар жазылса, келесі мәні жаңа жолдан теру керек.
Ескерту: енгізу операторының соңынан нүкте - үтір (;) қойылады.
Мәлімет шығару операторы Write (жазу) идентификатордан және айнымалы тізімнен тұрады, өрнектің нәтижесін экранға шығарады.
Жазылуы: Write (): мысалы: Write (153); (өрнек тұрақты түрде берілген)
Write (а+в/с); өрнектің нәтижесі шығады. Writ (а[1]); өрнек индексті айнымалы түрінде берілген.
ІҮ. ТАЛДАУ (дағдысы бойынша) енгізу мен шығару операторларының ұқсастығымен айырмашылығын ВЕНН диаграммасы арқылы салыстыру



© 2010-2022