Алгоритм атқарушылар (4 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушылар. Қайық. Құйғыш Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Қайықтың” атқаратын қызметiмен, командалар жүйесiмен таныстыру. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Құйғыш” үшiн алгоритмдi құрастыруға үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: -          Алгоритм атқарушылары – қайық пен құйғыш туралы түсінік қалыптасады; Сабақтың тип...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: 24 Сыныбы:4а,ә,б,в,г Күні:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушылар. Қайық. Құйғыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды алгоритм атқарушы - "Қайықтың" атқаратын қызметiмен, командалар жүйесiмен таныстыру. Оқушыларды алгоритм атқарушы - "Құйғыш" үшiн алгоритмдi құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Алгоритм атқарушылары - қайық пен құйғыш туралы түсінік қалыптасады;

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, венн диаграммасы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, плакаттар, маркер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

  3. Үй тапсырмасын бекіту;

  4. Жаңа сабақ;

  5. Жаңа сабақты бекіту;

  6. Бағалау;

  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә)Назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Атқарушы - Робот

3. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

- Алгоритм дегеніміз не?

- Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

- Тармақталу алгоритм дегеніміз не?

- Циклдік алгоритм дегеніміз не?

- Атқарушылар дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ

Бұл өте ерте заманнан келе жатқан есеп: Қасқыр, ешкi және орамжапырақ.

Өзеннiң арғы жағасына қасқырды, ешкiнi және орамжапырақты өткізуі керек. Бірақ қайықшы олардың тек біреуін ғана - не қасқырды, не ешкiнi, не орамжапырақты өткiзе алады. Ешкiнi орамжапырақпен бiрге қалдыруға болмайды, себебi ешкi оны жеп қояды. Ешкiнi қасқырмен де қалдыруға болмайды. Қасқыр ешкiнi жеп қояды. Сонда бұл есептi қалай шешу керек?Алгоритм атқарушылар (4 сынып)

Атқарушы - ҚАЙЫҚ.

ҚАЙЫҚТЫҢ командалар жүйесi:

- қасқырды өткізу

- ешкiнi өткізу

- орамжапырақты өткізу

- қайта оралу

2. Есеп: Бiзде апельсин және алма шырындары құйылған ыдыстар бар. Үшiншi бос ыдысты пайдалану арқылы атқарушы ҚҰЙҒЫШҚА апельсин мен алма шырындарын бiр-бiрiмен алмастыруға көмектес.

Атқарушы - ҚҰЙҒЫШ

Құйғыштың командалар жүйесi:

-ҚҰЙ

Алгоритм:Алгоритм атқарушылар (4 сынып)

Басы

1-ден 3-ке ҚҰЙ

2-ден 1-ге ҚҰЙ

3-тен 2-ге ҚҰЙ

Соңы



3. Заңдылықтарды анықтап, бос торкөздердi толтыр. Алдымен, бос торларды диагоналы бойынша, содан кейiн көлденең жолдары бойынша толтыру қажет.

Жауабы:

3

7

11

15

19

23

4

6

8

10

12

14

1

5

9

13

17

21

24

20

16

12

8

4

35

30

25

20

15

10

33

30

27

24

21

18

Логикалық есеп

Самат, Медет, және Алмат үш ағайынды. Олар бір мектепте, әр сыныпта оқиды. Самат Алматтан үлкен емес, Медет Саматтан үлкен емес. Қайсысы үлкен, ортаншы және кішісі екенін анықтаңдар.

Ребус

Алгоритм атқарушылар (4 сынып)Алгоритм атқарушылар (4 сынып)'''УАлгоритм атқарушылар (4 сынып)'''

Алгоритм атқарушылар (4 сынып)'' '''Алгоритм атқарушылар (4 сынып)Алгоритм атқарушылар (4 сынып)''' Й '''Алгоритм атқарушылар (4 сынып)

Оқушылар өздері де ребус құрайды.

Сергіту сәті

5.Жаңа сабақты бекіту.

  • Атқарушы дегеніміз не?

  • Атқарушы құйғышқа мысал келтір

6.Бағалау. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.

7.Үйге тапсырма: «Атқарушы» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру


© 2010-2022