Дербес компьютердің бөліктері және олардың мақсаты тақырыбында дәріс

  Компьютер құрамына кіретін құрылғылар: Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.       Негізгі құрылғыларға: жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуін жатады.       Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:   –       енгізу құрылғылары (мәтін алғы, дигитайзер, сандық фотокамера, графикалық планшет);   –       шығару құрылғылары (басып шығарғыш, плоттер);   –       бір мезгілде енгізу және шығару...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ДӘРІС №3

Тақырыбы: Дербес компьютердің бөліктері және олардың мақсаты.

Компьютер құрамына кіретін құрылғылар: Компьютер - бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.

Негізгі құрылғыларға: жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуін жатады.

Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

  • енгізу құрылғылары (мәтін алғы, дигитайзер, сандық фотокамера, графикалық планшет);

  • шығару құрылғылары (басып шығарғыш, плоттер);

  • бір мезгілде енгізу және шығару қызметтерін атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдегіш, желілік бейімдегіш).

Жүйелік қорап: Компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:

  • жүйелік (аналық) тақша;

  • процессор;

  • желдеткіш (кулер);

  • оперативті жады;

  • тұрғылықты диск;

  • иілгіш дисктермен жұмыс істеуге арналған диск житегі;

  • CD және DVD диск житектері;

  • бейнесызбалық бейімдеуіш;

  • дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);

  • желілік тақша;

  • енгізу - шығару порттары (ажыратқыштар);

  • қоректендіру блогы.

Аналық тақша - компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өнделеді. Аналық тақша - бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер-жолдар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

Процессор немесе микропроцессор - компьютердегі орталық мәліметтердің өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жылдам болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory (RAM) мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады.

Иілгіш дисктерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дисктердің оқыйды. Бұл дисктер ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы - 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе иілгіш дисктерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде иілгіш дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.

CD және DVD диск жетектері - мәліметтерді ықшам дисктерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дисктер ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискке 700 МБ-тан жоғары, ал DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды.

Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланатын меншікті жедел жадысы бар. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (video RAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Порттар корпустың алдынғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.

Модем - компьютерлерге өзара (телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы) мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секундына). Dial-Up модем - 56 кбит/сек дейін, ADSL модем - 128 кбит/сек бастап.

Ақпараттарды тасмалдауға арналған тасымалдаушылар:

  1. «Иілгіш диск» (флоппи-диск) немесе дискета. Дискетаға 1,44 Мб ақпарат сыяды.

  2. USB диск немесе флеш-диск. Жақын арада флеш-дисктер флоппи-дисктерді толығымен ығыстырады. Флеш-дискке 128 Мб-тан 4 Гб-қа дейін ақпарат сыяды.

  3. CD диск немесе компакт-диск. CD дискке 400 Мб ақпарат сыяды.

  4. DVD диск немесе компакт-диск. DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды.

ДК-дің қосымша бөліктері:

  1. Принтер - мәтіндік және графикалық ақпаратты баспаға шығаруға арналған құрылғы.

  2. Сканер - ДК-ге мәтін, сурет, слайд және басқа да графикалық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

  3. Дыбыс зорайтқыштар (колонкалар) - дыбыс және әуендерді жаңғыртуға арналған. Егер ДК-де дыбыс колонкалары мен дыбыстық тақша бар болса, онда оны мультимедиялық деп атайды. Мультимедиа - бұл дыбыс пен бейненің (видео) бірігуі.


© 2010-2022