MS Excel кестелік процессоры

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сыныбы: 8 «Б»

Күні: _________

Сабақтың тақырыбы: MS Excel кестелік процессорында графиктік объектілермен жұмыс. Диаграмма құру.

Сабақтың мақсаты: Электрондық кестедегі графиктік объектілермен жұмыс жасауды

қалыптастыру. Диаграмма құруды үйрену.

Сабақтың міндеттері:

  1. Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

  2. Диаграмма құру барысында сыни ойлауға ынталандыру.

  3. топтық жұмыс барысында оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрi: Аралас сабақ

Қолданылған технологиялар: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Білім берудегі АКТ - пайдалану.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, аквариум, білемін, білдім, білгім келеді..

Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: интер. тақта, ДК, презентация, таратпа қағаздар, кері байланыс кестесі.

Пәнаралық байланыс: математика

Күтілетін нәтиже:

  1. Excel -дің графикалық мүмкіндіктерін, диаграммамен жұмыс істеуді, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастырды;

  2. Диаграмма құру барысында сыни ойлауға ынталанды.

  3. топтық жұмыс барысында оқушылардың көшбасшылық қасиеттері дамыды.







Сабақ барысы:


Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Топқа бөлу: стикерлерге тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылып, кері байланыс парағына жапсырылады.

  1. Хорда, центр, диаметр, радиус қай геометриялық фигурада кездеседі?

  2. Египеттегі жеті кереметтің бірі?

  3. Төбесі біреу, табаны шеңбер тәріздес геометриялық фигура қандай фигура?

  4. Қарама -қарсы қабырғалары тең, барлық бұрыштары тік болатын геометриялық фигураны тап?

Шеңберге тұрып, көршісіне мадақтау сөздер айтады.

Оқушылар стикерлерді таңдап, сұраққа жауап бере отырып,төрт топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын пысықтау.

4 топқа төрт сұрақ беріледі. Аквариум әдісі.

. Мәтін мен сан еңгізудің қандай айырмашылығы

бар?

2. Формула қандай математикалық белгімен

басталып еңгізіледі?

3. Автосумма дегеніміз не?

4. В 11 - H 18 аралығындағы ұяшықтардың қосындысы қалай орындалады

Әр топ өз жауаптарын ортаға салып талқылайды. Топтар ортадан өкіл сайлайды. Өкілдер ортаға шығып, топ жауаптарын жариялайды, сұрақтарға жауап береді. Өкілдер үй тапсырмасына қорытынды жасайды.

Жаңа сабаққа дайындық

Тапсырма: Алдарындағы фигураларға қарап Не? Не үшін? Қайда қолдануға болады? Деген сұраққа жауап айтыңдар.

Сыни ойлай отырып, өздерінің жауаптарын жариялайды.

Жаңа сабақ

Интерактивті тақтада: MS Excel кестелік процессорында диаграмма құру кезеңдеріне толықтыру жүргізіледі.

Алдағы сабаққа дайындық арқылы білімдерін толықтырады.

Жаңа сабақты бекіту

Практикалық бөлім. Дербес компьютерде бес пән бойынша жасалған білім сапасын диаграмма түрінде көрсетіп, Excel программасында орындау.

Оқушылар дербес компьютерде диаграмма құруды үйренеді.

Сабақты қорыту

Оқушылар жұпқа бөлініп, мұғалім мен оқушы рөлін атқарды. Сабаққа байланысты сұрақтар қойылады.

Мұғалім сұрақ қояды, оқушы жауап береді. Келесі жолы рөльдер ауысады.

Бағалау

Білемін, білдім, білгім келеді әдісі бойынша өтілген тақырыпты талдау.

Топтарды формативті бағалау.

Үйге тапсырма:

1. Диаграмма құру қалай орындалады?

2. Тақырып, аңыз, тор дегеніміз не?

3. Дайын сурет немесе фигура қою қалай орындалады?

Кері байланыс парағына білемін, білдім, білгім келеді әдісі бойынша оқушылар өз ойларын жазады.

Жұптар өздерін бағалайды. Үздік сұрақ пен үздік жауап анықталады.





© 2010-2022