Графиктік ақпаратты өңдеу сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәнінің мұғалімі Ж. Темиргалиева

Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графиктік ақпараттарды өңдей алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету;

Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, жаңа сабаққа зейінін аудару.

Смайликтер бойынша 3 топқа бөлу

Бағалау критерийлері

• Өз бетімен білім алуы

• Дербес жұмыс жасауы

• Жұпта жұмыс жасауы

• Практиклық білімі

• Информатикалық терминді пайдалану


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Сурет дәптерге салынған суреттерин әр топ ертегі ретінде қорғау.

Үй тапсырмасын бекіту.

Сұрақ жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.

Ә) Суреттерді топтастыру.

Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен

жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторларыңғайлы
Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe IUustrator, т/б.

4. Сабақты пысықтау

  1. Сурет сал:

а) экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;

ә) кеме сал;

б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;

в) аспандағы шағалаларды сал;

г) кеменің сол жағына күннің суретін сал;

д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.

2. Суретті боя.

3. Мұғалімджі шақыр.

4. Күннің суретін өшір.

5. Күннің орнына айдың суретін сал.

6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.

7. Жұлдыздар сал.

8. Кеменің сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.

9. Кемені басқа жаққа бұр.

10. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.

5. Сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Графикалық примитивтерді (сызық, төртбұрыш т. б) салу.
    2) Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.
    3) Сурет салу, бояу.
    4) Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.
    5) Көркем хабарлама дайындау.

Рефлекция / 1 минут

1. Мен бүгінгі сабақта не білдім.......

2. Маған қызықты болды........

3. Маған қиындық тудырған.......

4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын6. Сабақты қорытындылау.

7. Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы бойынша бағалау.

8. Үйге тапсырма:Графиктік ақпаратты өңдеу оқу. Практикалық жұмысқа дайындалып келу.

© 2010-2022