Краткосрочное планирование для 7-классов на казахском языке

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып 09.01.2015

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттық модельдеу

Сілтеме

Интернет желісі, оқулық, МАН, әдістемелік нұсқаулықтар

Жалпы мақсат

Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.
Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушы модель не екенін біледі, оны өмірде қолдай алады, модель жасай алады, модельға қойылған талаптарды зерттей алады

Негізгі идеялар

Топқа бөлу, жаңа сабақты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіру.

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сәлемдесу, үш топқа бөлемін

«Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі





Жаңа сабақты түсіндіру



















Жаңа түсінікті тексеру: «Шыңға шығу!» ойыны





Жаңа тақырыпты бекіту: Тәжірибелік жұмыс (жұптық жұмыс)

Қорытындылау

Үйге тапсырма: Модель және модельдеу

Оқушылар еңбегін бағалау:

рефлексия

2 мин

5мин





10















10



15

Ұйымдастыру, топқа бөлу, оқушыларды сабақтың басталуына дайындау.

1. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі....................................................... деп аталады.
2. Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты................................................. фигураға жазылады.
3. Шарт циклдік алгоритмнің...................................................... немесе соңында келуі мүмкін.
4. Алгоритм түрлері:........................................................................................................................
...........................................................................................................................................................

Модель - бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды - модель деп атаймыз.
Модель - нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу - нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.

Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате - бұл да нәтиже болып есептелінеді.
Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
 Қоршаған ортаны танып - білу;
 Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
 Әсердің нысанға тигізер салдары;
 Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

Төмендегі сұрақтар қойылады

1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу дегеніміз не?
4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?
5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
6. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.



  1. Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар.
    2. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер.
    3. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?

Краткосрочное планирование для 7-классов на казахском языке

Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, топқа бөлінеді.

Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.





Оқушыларға мәтін жазылған қағаздар таратылады, тпта танысып оқушылар өз пікірлерін айтады. Түсініктер дәптерге жазылады













Оқушыларға шыңға шығу барысында жол бойындағы жалаушаларды алу керек. Ол үшін олар сол жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап берулері тиіс.

Дереккөздер мен жабдықтар

Интерактивті тақта, суреттер, бейне жазба, сергіту сәті, флирпчат, түсті маркерлер қарындаштар, сызғыштар, стикерлер


© 2010-2022