Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Модельдерді сипаттау әдістері.Модельдердің қасиеттері

Сабақтың мақсаты Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру

Сабақтың міндеттері

• модель түсінігінқалыптастыру

• модельді анықтау жолдарын үйрету

• модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

• модель түрлері мен таныстыру

Дереккөздер мен жабдықтарҮлестірмелі парақшалар, жаңа тақырып ресурстары, компьютер, стикер, лента

Жүру барысы Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

"EXPO-2017" қалалығының компьютерлік моделінің бейнеролигі

Білім, Түсіну-"Дана үкілер" техникасы бойынша түсіндіру.

1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері - мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларға анықтама беру

2. Маңызды өмірлік даналық (мәтіннің негізгі ойын бір сөйлем мен білдіріңіз)

3. Таныс және таныс емес( мәтіннен сізге алдын ала таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз)

4. Иллюстрациялық бейнелеу (мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелеп көрсету)

5. Үлгі боларлық қорытынды (оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды)

Қолдану - "Модельдер сыры"

Шарты: 1. Модельдерді пәндік салаға топтау

Химиялық, Физикалық, Географиялық, Биологиялық

Шарты: 2. Берілген модельдерді материалдық және

Ақпараттық бағытқа топтаңыздар

1. Глобус

2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті

3. Театр спектаклінің костюмдерэскизі

4. Адам қаңқасының макеті

5. Химия реакцияларының теңдеуі

6. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі

7. Қуыршақ

8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)

9. Пойыздар қозғалысының кестесі

10. Паровоз ойыншығы

11. Метр оның сызбасы

12. Шаршының ауданын табу формуласы

13. Чарльз Бэббидж суреті

Материалдық модельдер Ақпараттық модельдер

1, 2, 4, 7, 8, 10 3, 5, 6, 9, 11, 12, 13

Талдау: "Логикалық есеп"

Кімнің қандай іспен айналысатынын анықтап, шешімін

кесте түріндекөрсетукерек.

 3 жасөспірім: Қайрат, Мақсат және Архат біркөшеде тұрады. Біреуін барлығы мықты шахматшы ретінде біледі, екіншісі - футболшы, үшіншісі - достары мен жиналып, уақытын солармен өткізгенді жақсы көреді.

Бірде футболшы досына шахмат ойынын үйренуге барады, бірақ анасы баласының сол көшеде тұратын, барлығына таныс досымен бикешіне кеткенін айтады.

 Архат Мақсат жайлы ешқашан естімегені белгілі

Көмек: Есепті шешу жолын Архат шахматшы емес деген ойдан бастау керек. Өйткені шахматшы футболшыны да, бикешін жақсы көретін баланы да тануы керек. Мақсат - бикештеріне қызықпайды, өйткені бикешін жақсы көретін баланы барлығы таниды, ал Мақсатты Архат танымайды.

Қайрат Мақсат Архат

Шахмат - + -

Футбол + - -

Би - - +

Сергіту

"Сөзжұмбақ" Тақтағамынандай сөздер жазылады: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"

Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?

Жауабы: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғыз құмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"

"Ұшқырой" графикалық модель құру

Қорытындылау

"Электрондық тапсырма" - электрондық оқулықтан тапсырма орындау

"Кемпірқосақ"- жаңа сабақты түйіндеу

Үйге тапсырма

1. Адамдардың қалыптан тыс жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының моделін құру

1 - топ "Жер сілкінісі"

2 - топ "Кеме апаты"

2. EXPO-2017 қалашығының графикалық моделін құру



© 2010-2022