Нысандармен жұмыс істеу 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:30.11.15

Сабақтың тақырыбы: Нысандармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға нысандарды жылжыту, көшіру, алмасу буфері, алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту, көшіру тәсілдері, нысандарды жою және қайта қалпына келтіру туралы үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: топтық, практикалық.

Сабақты жүргiзу әдiсi: Баяндау, ауызша, көрнекіліктер, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу.

Сабақта пайдаланатын көрнекiлiктер: ДЭЕМ, оқулықтар, графапроектор, оқушы өзі толтыратын бланкілері, электронды оқулық, Microsoft PowerPoint презентациясы.

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, орыс тілі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

а) Сәлемдесу, түгендеу;

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

б) Оқушыларға жауап беру бланкілерін, бағалау парағын тарату.

ІІ. Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру.

Алдыңғы сабақтарда танысқан материалдардың сұрақтарын "Ғажайып алаңы" және тест сұрақтары арқылы қойып, қайталау. Сұрақтар алдын-ала дайындалып, кездейсоқ таңдалып ауызша беріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ

Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

  • Көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

  • Орын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

  • Жою;

  • Атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді);

Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тәсілмен орындауға болады. Әдетте бұйрықты мәзірдің, контекстік мәзірдің немесе перетақтаның көмегімен береді.

Барлық амалдар ерекшеленген нысандарға қолданылады. Нысан тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.

Экранда әртүрлі орналасқан нысандар тобын ерекшелеу амалдарын қарастырайық.

Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады. Осы нысандарды ерекшелеу тышқанмен де, пернетақтамен де орындауға болады.

Нысандарды жылжыту/көшіру

Нысандарды жылжыта отырып, біз оларды бумаларға тарта аламыз. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аламыз.

Алмасу буфері

Нысандарды жылжыту мен көшірудің басқа тәсілдері алмасу буферін пайдаланады. Windows -тың алмасу буфері дегеніміз- компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.Алмкөру үшін біз екі бұйрықты орындаймыз: Көшіру (Копировать) және Кірістіру (Вставить) бұйрығы.Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі біз көрсеткен жерде пайда болады. Ақпарат алмасу буферінде жаңа нысандарды көшіргенге дейін сақталады. Алмасу буфері компьютер өшкенде ғана тазарады.Алмасу буферінің көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері

Кірістіру-көшіру-Ерекшеленген нысан-нысан-нысан-нысан

Алмасу буфері

Мәзірдің Реттеу (Упорядочить) пункті

Нысандарды ерекшелеп Реттеу - Көшіру немесе Реттеу- Қиып алу бұйрығын таңдаймыз. Нысандарды апаруға тиісті терезеге ауысамыз. Реттеу- Кірістіру бұйрығын таңдаймыз.

  1. Контекстік мәзір.Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтары. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеупунктінің бұйрықтарымен бірдей

  1. Пернетақта.Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:

Ctrl +C - көшіру

Ctrl +Х- қиып алу

Ctrl+V - кірістіру.

Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру

Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасақ маңызды ақпаратты жойып алуымыз мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows -те арнайы құрал - Қоржын қарастырылған.Қоржын - барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.

Нысандарды Қоржынға жою (орналастыру) тәсілдері:

  1. Нысанды Қоржынның белгішесіне сүйреу

  2. Мәзірдің Реттеу - Жою бұйрығымен

  3. Пернетақта көмегімен: нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.

Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындау керек.

ІV. Практикалық жұмыс

Деңгейлік тапсырма.

V. Сергіту сәті

VI Сәйкесін тап

Жүйелік блок Ақпаратты қағаз бетіне шығарады

Монитор Ақпараттық процестерді жүзеге асырады

Тышқан Ақпаратты енгізу құрылғысы

Пернетақта Пернетақтаның жұмысын жеңілдетеді

Принтер Дыбыс шығаратын құрылғы

Колонка Ақпаратты шығаратын құрылғы

VII «БББ» стратегиясы

VIIІ. «Кубизм» әдісі бойынша кубтың қырларындағы сұрақтарды оқи отырып жауап береді.

  1. Шектес нысандарды қалай ерекшелейміз?

  2. Тышқанмен нысанды жылжытуды көрсет

  3. Алмасу буфері дегеніміз не?

  4. Нысанды жойып қайта қалпына келтіріп көрсет.

ІХ. Оқушылар бiлiмiн бағалау.

Жаңа сабаққа белсендi қатынасқан оқушылардың бiлiмдерiн бағалау.

X. Үйге тапсырма:

12 тақырып. Нысандармен жұмыс істеу.Сөзжұмбақ шешу


© 2010-2022