Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Анимация» түсінігін беру,оқушыларға оны түсіну әрекеттерін көрсету және түрлерін пайдалану.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтары мен пәнге деген сүйіспеншіліктерін пәндік аяда программалық өнімдерді қолдану арқылы дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;

Ақыл - ойын,қиялын,жадын дамытуға,эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме-көрнекілік, практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, тестілеу.

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта.

Қолданылған әдебиеттер: Информатика 6 сынып, интернет материалдары

Сабақтың жоспары:

Жоспары

Әдістемелік тәсілдер

Уақыты

1

Ұйымдастыру

Сұрақ - жауап

1 мин

2

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап

2 мин

3

Білімді жан-жақты жетілдіру

Терезе элементтерін еске түсіру.Картачкалар тарату.

3 мин

4.

Жаңа сабаққа даярлық

Иә немесе жоқ ойыны

1 мин

4

Жаңа сабақ

Түсіндіру, демонстарциялау

15 мин

5

Жаңа сабақты игерту

Практикалық сабақ

17 мин

6

Жаңа сабақты бекіту

Теңге алу ойыны

2 мин

7

Қорытындылау

Сәйкестендіру тесті

2 мин

8

Үйге тапсырма беру.Бағалау

2 мин

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Кестені қалай енгізуге болады?
2.Кестеге жолдарды қалай қосамыз?
3.Презентацияға бейнені қалай енгіземіз?
4.Түрлі фигураларды қалай кірістіруге болады?
5.Дыбысты қою жолдары?
6.Экранға суретті қалай қояды?

ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Карточкамен жұмыс:


Microsoft Power Point программасында презентацияны қалай сақтаймыз?


Презентация дегеніміз не?



Абзац дегеніміз не?



Enter пернесінің қызыметі қандай?



Шаблондар не үшін пайдаланылады?



Презентацияның негізгі мақсаты неде?



Жауаптары:

1.Microsoft Power Point программасында презентацияны файл сохранить как командасын орындау арқылы сақтаймыз.

2.Презентация - белгілі бір тақырыпты көрсетуге арналған құжаттар немесе құжаттар жиынтығы.

3.Абзац - Enter пернесін басқанда абзац белгісінің арасына қойылатын символдар жиынтығы.

4. Enter - Жаңа жолға өту.

5. Шаблондар - презентацияны жылдам құру үшін пайдаланылады.

6.Презентацияның мақсаты - нысан туралы толық ақпаратты аудиторияға ыңғайлы түрде жеткізу,көрсету.

ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық

Сонымен балалар осы уақытқа дейін қандай тақырыппен танысып жатырмыз. Дұрыс айтасыңдар. Олай болса мына төмендегі сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп қысқаша жауап беріп кетейікші:

  • Power Point қарапайым мәтіндік редактор тобына жатқызуға бола ма? Жоқ

  • Power Point редакторды іске қосу үшін: Пуск- Все программы - Microsoft Office - Microsoft Power Point тізбегін орындау керек пе? Иә

  • Power Point терезесінде кесте сызуға бола ма? Иә

  • Power Point терезесінде «Пішімдеу» құралдар үстелі болмайды? Жоқ

Дұрыс айтасыңдар балалар «Пішімдеу» тақтасы болады. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету» деп аталады. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты дәптерімізге түсіріп аламыз.

Ү. Жаңа сабақ.

Анимациялық эффектілер слайдтар,тақырыпшалар, жазбалар,белгіленген тізімдер, диаграммалар, суреттер және басқа да слайдта орнатылған нысандардың бір-біріне өзара өту кезінде қолданылады.

Слайд беттеріне анимация қою лентадан анимация қосымшасының көмегімен жүзеге асады.

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Нысандарға анимация қою - Настройка анимации командасын орындап, слайдтағы объектті белгілеп, пайда болған терезеде Добавить эффект батырмасын басып,қажетті белгісін таңдау керек.

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсетуАнимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсетуАнимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету



Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсетуАнимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету



Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету



Қозғалыс жолы бар анимация қолдану.Оқиғаны тиімді көрсететін ретте слайд нысандарын жылжыту үшін қозғалыс жолы бар анимацияны қолдануға болады.Мысалы, оң жақтағы (төмендегі) жазықтық жазықтықтың басталу нүктесін көрсетеді және екі жазықтық арасындағы үзік сызық анимация ойнағанда алатын жолды көрсетеді. Сол жақтағы мөлдір кескін қозғалыс жолы бар анимация аяқталған уақыттағы жазықтықтың бітетін нүктесі.

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

  • Анимация қосқыңыз келетін нысанды басыңыз.

  • Анимациялар қойындысынан Анимацияны қосу түймешігін басыңыз.

  • Қозғалыс жолдарына төмен жылжытып, біреуін таңдаңыз.

  • Өзгертпелі жолды сызуды тоқтату үшін, Esc түймешігін басыңыз.

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Анимация баптау қосымшасының оң жақ төменгі бұрышында Алдын ала қарау батырмасын шерту арқылы көруге болады.

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Анимацияны алып тастау үшін слайдтағы қозғалыс жолын басып (көрсеткісі бар үзік сызық), Delete пернесін басыңыз.

Дайын слайдтарды көрсету үшін слайдты көрсету қосымша бетінен басқа слайдтар тобын таңдау арқылы Басынан бастап(с начала) командасын немесе F5 пернесін басамыз.

Техника қауіпсіздік ережесі (видео) .

Компьютерде практикалық жұмыс

1- тапсырма
1.Power Point программасын іске қос

2.Үш беттен тұратын презентация құр.
3. Қосымша параметрлерді пайдаланып беттерге анимация қой.

Сергіту сәті

2 - тапсырма

1.Жұмыс үстеліндегі "Ұшақ" суретін алмастыру буфері арқылы көшіріңіз.
2.Ұшақ суретін қозғалыс жолы бар анимацияны қолдану арқылы қозғалысқа келтір.
3.Жасған презентацияны "Менің ұшағым" атауымен сақтаңыз.

VI.Жаңа сабақты бекіту. «Теңге алу» ойыны
1.Анимация эффектісі не үшін қолданылады?
2.Анимацияны қалай құрады?
3.Презентацияны көрсету режимін қалай іске қосуға болады? (Слайдты көрсету-Басынан бастау )
4.Слайдтардың ауысуын қалай баптауға болады?(Лентадағы Анимация - Қосымша параметрлер арқылы)
5. Қандай перне слайдтарды көрсетуді бастау әмірін орындайды?(пернесі)
6. Қандай перне PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдтарын көрсетуін тоқтатады? ( пернесі )

7. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдтарын ағымдық слайдтан бастап көрсетуді қандай әмірдің көмегімен іске қосуға болады? (Слайдты көрсету-Ағымдағы слайд )

8. Презентацияны сақтау командасы?(Файл - Сохранить как)

VII.Қорытындылау Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

VIII. Үйге тапсырма. §4.21. Анимация әсерлерін баптау.
Презентацияларды көрсету. Оқулықтан(122-125 бет)

Бағалау

© 2010-2022