Информатикадан 9 сыныпқа сабақ жоспары деректер қорының құрылымы

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай қаласы С. Мәуленов атындағы гимназияның информатика пәнінің мұғалімі: Ермағамбетова Ұлдықыз ТөлегенқызыСабақтың тақырыбы:Деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі, жазулар, жиектер, деректер типі.

Сабақтың мақсаты : Деректер қоы, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі, жазулар, жиектер, деректер типімен таныстырып,практикада есептерді шығаруға үйрету.

Оқыту нәтижелері: Оқушылар топтық, ұжымдық жұмыс арқылы бірігіп жұмыс жасап, компьютерде тапсырмаларды орындай алады.

Технология: «БЛУМ» таксономиясы, Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі ұсынған «Құзырлы оқыту» технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар, презентация.

Қолданылатын модуль:Жеті модуль: СТО, АКТ, ДТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, бағалау, басқару және көшбасшылық.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Уақыты

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

Диалог:

Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу.



Оқушылармен тақтада жұмыс істеу.

2 мин



5 мин (карточка тарату)

Бүгінгі күн керемет!

-Сәлеметсіз бе!

-Керетемет!

-Жақсы!

-Рахмет!

Топқа бөлінеді

Білу (жаңа сабаққа дайындық)

Модель дегеніміз не?

Не үшін қолданылады?

Қандай түрлері болады?

2 мин (ауызша)

Толықтырады.

Түсіну (жаңа тақырыпты меңгерту)

  • Деректер қоры - бұл бір тектес критерий бойынша реттелген ақпарат. Деректер қоры « қағаз » және компьютер түрінде болады.

  • Деректер қоры - ақпаратты сақтауды және де деректерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Деректер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.

15 мин (жазбаша)

Дәптермен жұмыс.

Қолдану (білімдерін пысықтау)

1 тапсырма

Берілген мысалға қарап, өз бетімен берілген тапсырма орындайды

2 тапсырма

Оқушылар жайлы деректер қорын құру.

3 тапсырма

Флипчарт арқылы білімдерін тексеру

Сергіту сәті

Оқушылар видеоға қарап, қимылдарды қайталайды

7 мин

7 мин

3 мин

2 мин

Өз бетімен жұмыс істеу.



Интерактивті тақтамен жұмыс.

Билейді.

Бағалау

Сабаққа белсенді оқушыларды таңдау. Бағалау.

1 мин

Бағаланады.

Үй тапсырмасын беру

Берілген оқушылардың емтихандағы бағаларын санау деректер қорын құру.

1 мин

Күнделіктеріне жазады.

Қорытынды

Сұрақ-жауап жүргізу.

Сұрақтарға жауап береді.



© 2010-2022