MS Word мәтінді теру және түзету ережелері

Пән:ИнформатикаСыныбы: 6 «а», «б», «в»Күні: 28.01.2015жыл Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтінді теру және түзету ережелеріСабақтың мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қызығушылықтарын, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру мақсатында. 1.Білімділік: Оқушылардың білім білік дағдыларын жүйелеу, зейіндік қабілеттерін дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық австракциясын дамыту, қызығушылығын арттыру теориялық білімді практикамен ұшта...
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Информатика

Сыныбы: 6 «а», «б», «в»

Күні: 28.01.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтінді теру және түзету ережелері

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қызығушылықтарын, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру мақсатында.

1.Білімділік: Оқушылардың білім білік дағдыларын жүйелеу, зейіндік қабілеттерін дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық австракциясын дамыту, қызығушылығын арттыру теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, оқушы білімдерін толықтыру.

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың ақпараттық және компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу.

4.Сабақтың әдісі: Жеке және топтық басқару.

5. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, электрондық оқулық

«Білім» аялдамасы тобы «Қазба байлықтар» аялдамасы тобы екі топқа бөлініп отырады.

«Озық ойлы оқушы»атты сайыс 1 кезеңде әр сұраққа 5 ұпай беріледі.

  1. Компьютердің қосу өшіру батырмасы қайда орналасқан?Жблок

  2. Жол басындағы шегініс? Абзац

  3. Word- та баған мен жолдарға ақпараттың көрнекі түсуі?Кесте

  4. Құжатты қалай сақтаймыз? Файл- Сохранить как

  5. Бірінші электрондық сандық есептеуіш машинасы қай жылы қай елде таныстырылды? АҚШ-та 1946ж

  6. Мәліметтер енгізу пернесі? Пернетақта

«Мені мәңгі есте ұста» атты сайыс сәкестендіру 2 кезең әр дурыс сәйкестендірілген дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Құрылғылар

Қызыметі

Сәйкес сандар

1

Жүйелік блок

Ақпаратты қағаз бетіне шығарады

5

2

Монитор

Дыбыс енгізетін құрылғы

9

3

Тышқан

Ақпаратты енгізу құрылғысы

4

4

Пернетақта

Пернетақта жұмысын жеңілдетеді

3

5

Принтер

Графикалық ақпаратты компьютерге енгізеді

7

6

Колонка

Ақпараттық процестерді жүзеге асырады

1

7

Сканер

Ақпаратты шығаратын құрылғы

2

8

Модем

Дыбыс шығаратын құрылғы

6

9

Микрофон

Интернет желісіне қосады

8

«Кім шапшаң» атты сайыс 3 кезеңде жұмбақ беріледі әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі

  1. Әуез сазды беретін,

Ол да керек құрылғы

Дыбыс шықса тосыннан

Бәрі соған бұрылған Жауабы: «Колонка»

  1. Компьютермен енеді

Қағазға басып береді Жауабы: «Сканер»

3. Бұрқыратып қағазға

Жазғаныңды басады

Жұмысыңды көргенде

Көңілің сенің тасады Жауабы: «Принтер»

  1. Компьютеріңіз ауырса

Қызметі дайын үнемі

Кірген зиян-залалды

Күмәнсіз ол өлтірер Жауабы: «Антивирус»

«Рефлекция» Сөйлемді аяқтаңыздар:

Бүгінгі сабақта маған ұнағаны............................................

Бүгінгі сабақта маған ұнамағаны........................................

Сабақта тағы да мына нәрселер болса..............................

Сабақты қорытындылау кезеңі: Озық ойлы: «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзді есімізге берік ұстанып сайысымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022