Конспекты по информатике на тему Windows-тің басқару элементтері (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 7

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова Арайлым Аргынгазықызы

Мектебі: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылы,

«Л.Н. Толстой атындағы орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: § Windows- тің басқару элементтері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Windows ортасының ерекшеліктерімен таныстыру, "Пуск" батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және "Маус" монипуляторын меңгерту.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту

  3. Тәрбиелік: Мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, іскерлік ойын.

Көрнекіліктер: суреттер, тапсырмалар, мазайка.

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық тренинг

  2. Арқан тарту (үй тапсырмасын тексеру)

  3. Білім еліне саяхат (жаңа сабақ)

  4. Іскерлер кезеңі (білімді тексеру)

  5. Теңге алу (білімді бекіту)

  6. Сабақты қорытындылау

  7. Үйге тапсырма

  8. Бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдерме балалар. Сабаққа көңіл-күйлерін қандай? Бүгінгі сабағымыз жақсы өтсін деген мақсатпен бір-бірімізге жақсы тілектер арнап сабағымызды бастайық. (Психологиялық тренинг)

  2. «Арқан тарту» (Үй тапсырмасын тексеру)

1.Компьютерді қалай іске қосамыз?

2. Компьютер іске қосылған экранға не ашылады?

3. Компьютерді қалай өшіреміз?

4. Компьютердің құрылғыларын атап бер.

5. Ақпаратты тасу құрылғыларына не жатады?

  1. «Білім еліне саяхат» (Жаңа сабақ)

Жұмыс үстелінің терезесінде объектілерден басқа басқару элементтері де болады. Оларға: "Іске қосу" батырмасы, Басты меню, меню жолындағы меню мен командалар жатады.

Команда деп осы команданың белгішесіне тышқан нұсқағышын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.

Тышқанмен жұмыс істеу

Батырма

Әрекет

Әрекет нәтижесі

Сол жақ батырмасы

Объект бойынша шерту

Объектіні белгілейді, яғни қолдануға дайындайды.

Басқару элементін шеру

Басқару элементін іске қосады.

Екі рет шеру

Объектімен операциялар жүргізеді: программа іске қосады; қапшық ашады.

Апару

Қолданбалы белгішелер, терезелер, таң башалар, тапсырмалар тақтасы, құрал-саймандар тақтасын жылжыту.

Созу

Терезенің өлшемін диагоналі бойынша тік және көлбеу бағыттарда өзгерту.

Оң жақ батырмасы

Объектіні немесе басқару элементін шерту

Динамикалық менюді шақыру.

Тасу

Жылжыту, көшіру, таңбашалар жасау командалары

Тышқанды шерту деп оның нұсқағышыны қажетті объектіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басуды және жіберуді айтады.

Тапсырмалар тақтасы

Экранның төменгі жағында жіңішке сұр жолақ бар, оны Тапсырмалар тақтасы деп атайды.

  1. «Іскерлер кезеңі» (Жаңа сабақта түсінгенді тексеру)

Джиксо әдісі арқылы мазайкамен сабақты қорыту.

1-мазайка.

2-мазайка.

3-мазайка.

4-мазайка..

1-мазайка.

2-мазайка.

3-мазайка.

4-мазайка.

  1. «Теңге алу» (Білімді бекіту)

Тест сұрақтары

1. Менің компьютерім - пограммасын ашу үшін:
а) тышқандының оң жағын 2 рет шерту;
ә) тышқанның сол жағын 2 рет шерту;
б) тышқанның сол жағын 1 рет шерту;

2. Программалар - командасы қайда орналасқан?
а) жұмыс үстелінде; ә) есептер панелінде; б) бас менюде;

3.Файл ашылу үшін тышқанның сол жағын шерту керек:
а) 1 рет; ә) 2 рет; б) басып тұру;

4. ЭЕМ -мен жұмыс жасау кезінде қандай қашықтықта отыру керек?
а) 60-70 см; ә) 10-20 см; б) 40-50 см;

5. Ақпараттың ең кіші бірлігі қайсысы?
а) байт; ә) Кбайт; б) бит.


  1. Сабақты қорытындылау.

    Не білемін?

    Не білгім келеді?

    Не білдім?




  2. Үйге тапсырма. §13 оқып келу. Өзін - өзі тексеру сұрақтары бойынша дайындалу.

  3. Бағалау.

Әр оқушыныі бағалау парақшасы бойынша бағалаймын.

Оқушының аты-жөні

Арқан тарту

Теңге алу

Білім еліне саяхат

Іскерлер кезеңі

Мазайкамен жұмыс

Қорытынды балл

Баға

1



2



3



4



5



10-20 балл - «3»

21-30 балл - «4»

31-50 балл - «5»

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді смайлингке жазып қалдыруларыңа болады.

Конспекты по информатике на тему Windows- тің басқару элементтері (7 сынып)Конспекты по информатике на тему Windows- тің басқару элементтері (7 сынып)

© 2010-2022