Сабақ жоспар 6 сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «А»

Күні__________________


Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы..

Білімділік: Оқушыларды MS Power Point бағдарламасының интерфейсімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ:

МS Offiсе барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті біркелкі көрсетуінде, сондықтан РоwerРoint интерфейсі осы операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады. РоwerРoint мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:

Меню арқылы: Пуск - Программы - Місrosoft РоwerРoint .

Қолданушы тышқанның оң батырмасын басып:

Создать - Презентация Місrosoft РоwerРoint-ты таңдайды.

Қосу барысында диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны дайындауды ұсынады. Стандартты баптау кезінде Місrosoft РоwerРoint терезесі келесі элементтерден тұрады:

Терезе тақырыбы (Заголовок окна) - Windows терезесі үшін - стандартты.

Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан.

Құралдар панелі (Панели инструментов) - үнсіз келісім бойынша Стандартная және Форматирование панелдері көрсетіледі.

Жұмыс аумағы (Рабочая область) - құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс. Оң жақтан жұмыс аумағы айналдыру жолымен шектелген. Word немесе ЕхсеІ салыстырғандағы үлкен айырмашылық, жүгірткі мәтін бойынша бір слайдтың ішінде емес, слайдтан слайдқа өту мүмкіндігін береді. Жұмыс аумағының нақты түрі редактор жұмысының режиміне тәуелді.

Жағдай жолы (Строка состояния) - көру режимі және презентация жайлы әр түрлі ақпарат : слайдтар саны, тіл, слайдты көркемдеу параметрлері және т.с.с. көрсетілетін ақпараттық жол.

Меню жолы келесі элементтерден тұрады.

1. Файл. МS Offiсе стандарттық менюі. /почталық хабар жіберу, оған презентациялар салу, презентацияны WORD-қа жөнелту/;

2. Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау, ойып алу, көшіру, кірістіру, табу, алмастыру, басқа файлдармен байланыс жасау, және объектіні редакциялау;

3. Көрініс. Презентация көрінісін таңдау, инструменттер панельдерін, сызықтар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайдтар үлгілерін, берулер және жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту командалары;

4. Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күні, уақыты, диаграмма, кесте, дыбыс, фильм және т.б.);

5. Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркері түрін, фонды, түсті схемаларды, безендіру шаблондарын және т.б.өзгерту командалары;

6. Сервис. МS Offiсе әдеттегі инструменттері және де РоwerРoint ерекше командалары;

7. Слайдтарды көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен манипуляция жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, презентацияны баптау, проекторлар мастерін пайдалануды қоса);

8. Тезере. Бұл меню слайды бар терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін береді;

9. Анықтама. Бұл меню арқылы презентациялар редакторы көмек жүйесі, сонымен қатар Көмекшіні шақыру мүмкін болады.

РоwerРoint интерфейсінің Місrosoft Offiсе құрамына кіретін программалардан негізгі айырмашылығы, құжаттың жұмыс үстеліндегі арнайы бейнелену режимдері. Төрт негізгі бейнелену режимі қарастырылған:

1. Әдеттегі.

2. Құрылымдық.

3. Слайдтар.

4. Слайдтарды сорттаушы.

Слайдтарды сорттаушы режимінде кадрлар бүкіл жұмыс үстелін алатын эскиз түрінде көрінеді, олардың әрқайсысының астында слайдтарды, анимацияларды ауыстыру параметрін, кадр экспозиция уақытын көрсететін бағдаршалар орналасқан. Әрине қажет басқару элементтері пайда болатын құралдар панелі де, слайд эскизінде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын контесттік меню де өзгереді. Слайдты көрсету режиміне ауысқан кезде слайдтарды сорттаушы режимінде орналасқан параметрлерімен толық-экранды демонстрация қосылады. Демонстрация таңдалған слайдтан басталады. Оны Еsс батырмасын басып әр уақытта аяқтауға болады.

Сабақтың бекіту сұрақтары:

  1. Презентацияны қалай құрады?

  2. Қандай бейнелеу режимдерін білесің?

  3. Меню жолының элементтері.

Үйге тапсырма:

Тақырыпты қайталау.

© 2010-2022