- Преподавателю
- Информатика
- Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Раздел | Информатика |
Класс | 5 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Токушева Г.Т. |
Дата | 13.10.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Г.Т. Токушева
Қарақамыс негізгі мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Жалпы мақсаты: Оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
А. Оқушылар жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню, Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін біледі.
В. Оқушылар Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар терезесін баптауды меңгереді.
Әдіс-тәсілдер: Жеке, жұптық, топтық жұмыс. Диалогтық оқыту, АКТ. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының көзбен көретін айғақтар стратегиясы.
Тапсырмалар:
-
Тренинг, топқа бөлу.
-
Үй тапсырмасын қайталау.
-
Жаңа сабақты түсіндіру.
-
Топпен кластер құру, қорғау.
-
Практикалық жұмыс.
-
Қорытынды. Бағалау.
-
Рефлексия.
Керекті жабдықтар: Информатика оқулығы (5-сынып), интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, ресурстар, жүрекше, үлестірме парақтары, кластер, маркер, стикер.
Сабақтың барысы
Кіріспе:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тренинг «Жүректен-жүрекке»
Бірлескен ынтымақтастық құру.
2. Топқа бөлу.
Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөлу.
3. Екі топқа бағалау парағы беріледі, топ басшысын сайлайды.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:
«Домино» ойыны.
Тұсаукесер
Ой қозғау. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша топпен бірлесіп жауап береді.
-
Қосымшаларға қандай программалар жатады?
-
Программалық жабдықтаманың қандай түрін өздеріңізге құруға болады?
-
Программалау жүйелерінің қызметі қандай?
-
Драйвер программалық жабдықтаманың қай түріне жатады?
-
Драйвер-программалар не үшін керек?
-
Утилиталар деген не?
-
Программа-утилитаға мысал келтіріңіздер.
-
Утилиталар программалық жабдықтаманың қай түріне жатады?
-
Операциялық жүйе деген не?
-
Операциялық жүйенің негізгі қызметі не?
-
Компьютер операциялық жүйесіз жұмыс істей ала ма?
-
Кең тараған операциялық жүйелерді атаңыздар.
Негізгі бөлім
Білімді өзектендіру
Сұрақтар:
-
Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды?
-
ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?
-
ОЖ-ға мысал келтіріңіздер.
-
Компьютерлеріңізде қандай ОЖ орнатылған?
Мағынаны тану.
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Әр топқа ресурстар тарату. Ресурстан мәтінді оқу.
Топтық жұмыс.
І топ: Жұмыс үстелі.
ІІ топ: Есептер тақтасы.
Оқушылар:
-
Ресурстан мәтінді оқып, өз түсінгендерін топта талқылайды.
-
Кластер жазып, оны қорғайды.
-
Топ бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Сергіту сәті. Бейнежаттығу.
Қорытынды. Оқушы қызығушылығын арттыру. Практикалық жұмыс.
«Тау шыңына шығу» ойыны.
Тау шыңына шығу үшін оқушыларға оқулықтың 74-75-ші беттеріндегі деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындату.
Рефлексия. Кері байланысқа стикер тарату. Оқушылар өз көңіл-күйлерін стикерге жазады.
-
Бүгінгі сабақтан алған әсерім?
-
Маған не ұнады/ұнамады?
Бағалау. Топтың белсенділігін бағалау:
1. Топтағы белсенділігі 1-3 балл
2. Диалогтық сұрақ-жауап 1-3 балл
3. Өзіндік жұмыс істеуі 1-3 балл
Сумативті бағалау. Сабаққа қатысқан, өз ойларын айтып дәлелдеген оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма. Оқулықтың §9-ын оқып-үйрену, тест және бақылау сұрақтарына жауап беру.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы,
Қарақамыс ауылы.