Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. (5 cынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы: 5 б

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.

Сабақтың жалпы мақсаты: Жалпы мәтін теру ережесін меңгеру.

Түйінді идеясы:

Керекті жабдықтар: Компьютер, оқулық, слайд-шоу, бос флипчарттар, маркерлер, гүл, техникалық құралдар

Ойлау деңгейлері


Мақсат

түрткі

Күтілетін нәтиже

ОүБ

Критерий (талап)

Бағалау

дискриптор

Ұпай

білу

Мәтін теру ережелерін қолдануда мәтін элементтерін білуі тиіс

Топтарға бөлу.

  • Компьютер құрылғылары

  • Ақпаратты қабылдау мүшелері

  • WordPad программасын ашу жолдары

Психологиялық ахуал орнату

«Гүл сыйлау»

«Аукцион» тәсілі

/үй тапсырмасын сұраймын/

Техникалық заттар берілген, олардың артында сұрақтар жасырылған. Әрбір құрылғының артындағы сұраққа жауап берген де ғана сатып ала алады.


  • Монитор, пернетақта, жүйелік блок, тышқан

  • Көз, құлақ, ауыз/мұрын

  • Пуск, Программы, Стандартные WordPad

Оқушылар топтарға бөлініп, отырады.

Әрбір құрылғыны ала отырып, сұрақтарға жауап берулері керек.







бағдаршам

Топқа бөлінді

Мәтін теру ережелерін қолдануда мәтін элементтерін біледі.

Мәтін элементтерін

-біледі

-білмейді

2

0

түсіну

мәтінді жылжыту барысында әмірлермен қоса пернетақтаны қолданудың қызметін түсінуі тиіс

Топпен мәтінді жылжытуда қолданылатын ыстық пернелер жөнінде түсіндіру.



«Тақырыптық түйінді сөздер»

Мұнда екі банка болады. Бірінші сөздер банкасында өткен сабақтың кез-келген сөздері болады, ал соның ішінен таныс емес сөздерді екінші банкаға шығару керек.

Өткен сабақ бойынша сөздер болады. Соның арасынан таныс емес сөдерді екінші банкаға тауып шығару керек. Бұл шығарған сөздер бүгінгі өтілетін жаңа сабақ.

мәтінді жылжыту барысында әмірлермен қоса пернетақтаны қолданудың қызметін түсінеді.

Бағдар-шам

мәтінді жылжыту барысында әмірлермен қоса пернетақтаны қолданудың қызметін түсінуі.

-түсіндіреді

-жартылай түсіндіреді

-түсіндіре алмайды

2

1

0

Қолдану

Мәтінді теру барысында ережені орындау.

«Түртіп алу»

Insert әдісі

Оқулықпен жұмыстану

Мәтінмен жұмыс

§20 Мәтінді теру және түзету ережелері /158-159 беттер/

Жеке, топтық жұмыстары ұйымдастырылады.

/Жеке мәтінмен танысып, топпен бөлісіп, сыныптастарымен ортаға ой електерінен өткізеді./



Сергіту сәті

Мәтінді теру барысында ережені орындайды.

Оқулықпен жұмыстанады.

/әр топ мәтінмен танысады/

/компьютерде wordPad-ты іске қосып, интерфейісімен танысады /

Өзара кестені толықтырады.

жұмыстарын жасайды.

Ортаға ой бөліседі және талқылайды. Кестені толтырып, білімдерін толықтырады.

Оқушылар бойларын жазу мақсатында сергіту

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Мәтінді теру барысында ережені орындауы.

Мәтінді теру барысында ережені орындауы:

-толық

-жартылай

- ережені сақтай алмады



3

2

1

Талдау

Сабақта алған білімдерін талқылау

І топ - Редактор интерфейсі

ІІ топ - Мәтінді теру, түзету ережелері

ІІІ топ - Мәтінді жылжыту тақырыптарын постер арқылы қорғау

Сабақта алған білімдерін талқылайды

Бағдар-шам

Сабақта алған білімдерін талқылауы

-мазмұны

-жеткізуі

-безендірілуі

3/0

2/0

1/0

Жинақтау

Берілген сауалдарға жауап бере алуы тиіс

«Серпілген сауал»



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Берілген сауалдарға жауап бере алады

«Бағдаршам» арқылы бағалау



«Ең жақсы адам...» тақырыбын-да эссе жазады.

Берілген сауалдарға жауап бере алуы .

Сұраққа жауап:

-10

-7

-4

-1

-жазды

-жартылай жазды

3

2

1

0

3

1

Баға-лау

Сабақта алған білімін анықтау

«3:2:1»

Сабақ бойынша өз ойларын қорытындыларын «3:2:1» кері байланыстарын толтырады.

Сабақта алған білімін анықтай алады

Ең соңында топтық өзара смайликтермен бағалайды

Бағалау критерий парақшаларына өз бағаларын түсіріп, қорытынды баға шығарады.

Сабақта алған білімін анықтай алуы





Сабақтың талдауы

«Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту» тақырыбындағы «Жалпы мәтін теру ережелерін меңгеру» мақсаты қойылып, оқушыларға түсінікті белгіленді.

Бүгінгі сабақ бойынша бір-біріне тілек тілеу үшін психологиялық «Гүл сыйлау» тренинг өткізе отырып, оқушылардың қызғушылықтарын анықтап, бүгінгі сабаққа зейіндерін аударттым. Бұл тілекте оқушылар бір-бірлеріне «бүгінгі сабақта бестік ал!», «жақсы көңіл-күй тілеймін», «бағаға әділ бола біл» сынды жақсы тілектер айтты. Оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста жұмыс жасау үшін, сабақтың әрбір кезеңдерінде ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуын қадағалап отыруды басты назарға ұстадым. Өзара кекілжіндер болмау үшін, оларды «Компьютер құрылғылары» (монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан), «Ақпаратты қабылдау мүшелері» (көз, құлақ, ауыз/тіл), «WordPad мәтіндік редактордың ашылу жолдары» (Пуск, Программы, Стандартные, WordPad ) бойынша 3 топқа топтастырып, олардың топ ережелерін сақталуын талап еттім.

Әрбір өтілген тақырып баланың жадында қалу үшін еске түсіре отырып, сұрау және жаңа тақырыппен байланыстыру, әрбір мұғалімнің міндеті. Сол себепттен үй тапсырмасын қайталау, сұрау, бекіту мақсатында «Аукцион» тәсілі арқылы берілген техникалық заттарды сатып алу бойынша жүргізіліп, сонымен бірге артындағы сұрақтарға жауап берген кезде ғана ала алатындары ескерілді. Мұнда әрбір оқушы қызығушылық танытып, затты сатып аламын дегенмен, бірақ артындағы кейбір сұрақтарға жауап беруге қиналып, жолдастарының жауап беру көмектері арқылы заттарды алып жатты. Дегенмен оқушыларға бағыт бере отырып, нақты жауап алуға тырыстым. Соның ішінде Асар, Алина Д., Аяна, Мадина, Дина, Дильназ сынды оқушылар өте жақсы жауап беріп, белсенді қатысты. Нақтырақ айтсам, Бұл үй тапсырмасы бойынша өзін-өзін бағалауда «Бағдаршам» арқылы оқушылардың үй тапсырмасын жақсы түсінгендерін аңғардым.

«Оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпіршелер салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалім көпіршелерді қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады» (МАН, 39 бет) Осы идеяны ескере отырып, жаңа тақырыпқа өтпес бұрын, оқушыларды қызығушылықтарын ашу мақсатында «Тақырыптық түйінді сөздер» тұсаукесерін жасап алдым. Мұнда слайдта жасалған екі банка болды. Бірінші сөздер банкасында өткен сабақтың кез-келген сөздері салынды, ал соның ішінен таныс емес сөздерді екінші банкаға шығару керек еді. Нәтижесінде бұл тәсіл арқылы оқушылар өткен тақырыпқа сай таныс сөздерді тез тауып, жат сөздерді екінші банкаға шығарып, ажырата білді. Бұл шығарған сөздер өтілетін жаңа тақырыптың аты болатын. Сол бойынша бүгінгі таныс болатын «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту» жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазғысып, таныстырдым. Бұл әдісім сәтті шығып, көңіліме қонымды болды.

Әрбір оқушыға бағалау критерий парақшаларын таратып, бүгінгі сабақтың мақсаты мен табыс критерийлерімен таныстырып өттім.

«Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады» (МАН, 74 бет, Екінші тезис) идеяны басшылыққа ала отырып, жаңа тақырып ашылғаннан кейін, негізгі бөлімге көштім. Негізгі бөлімде «Түртіп алу» әдісі бойынша кестені толықтыру арқылы жүзеге асты. Әуелі жеке жұмыс бойынша мәтінмен танысты.(158-159 беттегі §20 Мәтін теру ережелері. Мәтін бойымен жылжыту) Одан кейін «V білемін», «- мен үшін таныс емес», «+ мен үшін жаңа ақпарат», «? Білгім келеді» кестесін мәтіндегі әрбір абзацтарды белгілеу арқылы толықтырды. Мұнда жақсы толықтырылған кесте таныстырылды. Жақсы жазған Дина, Дильназ, Аяна сынды оқушылар өз кестелерін таныстырып, топ бойынша толықтырды. Осы «Түртіп алу» әдісін жасағаннан кейін, оқушылардың жасау нәтижелерін көргеннен кейін, бұл әдісті тиімсіздігін байқадым. Себебі, уақытты көп қажет етті және оқушылар ойларын жүйелей алмады. Дегенмен мұғалім тарапынан бағыттар, қолдау болып, әдіс өз дәрежесіне жеткізілді.

Информатика пәнінің әрбір сабағында теорияға көңіл бөліп отыруды жолға қойылған негіз мақсаттың бірі еді. Осыған сай «Әр қалыпты жазу» әдісі арқылы «мәтін жазарда біз қандай ережелерді ескереміз? деген сауал бойынша жасырылған негізгі 6 сөздерді табу болатын. Олар: «Сөздер арасындағы бос орын (пробел)», «Бас әріп», «Абзац соңында Enter пернесі», «Ұзын сызықшаның екі жағына бос орын», «Бірыңғай бас әріптер үшін Caps Lock», «Shift, Ctrl мәтін бойынша жылжыту ерекшелеу» Оқулықта берілген мәтіннен мәтін теру ережелерін атап, түртіп отыру. Осы мақсатты ұстану барысында өтілген тақырып бойынша компьютермен практикалық

жұмысты ұштастыра отырып оқулықта берілген 160-162 беттердегі А,В,С деңгейлердегі тапсырмаларды оқушылар өз таңдау еріктеріне сай таңдап, орындады. Практикалық жұмыста оқушылар компьютерде қызығушылықпен тапсырмаларды өте жақсы орындап шықты. Бaрлық бaлaлaр өзін-өзі бaғaлayдa «Бaс бaрмaқ» aрқылы өздерін өте жақсы бaғaлaды.

Бойларын жазy мақсатында әрдайым практикалық жұмыстан кейін сергітy сәттері ұйымдастырылады. Солардың бірі оқyшылар денелерін шынықтырy мақсатында 1 минyттық

сергітy жұмыстары жүргізілді.

Сабақта алған білімдерін талқылау мақсатында әр топқа түрлі тақырыпта постер қорғауға берілген болатын. І топ - Редактор интерфейсі, ІІ топ - Мәтінді теру, түзету ережелері,

ІІІ топ - Мәтінді жылжыту тақырыптарында берілген постерлерін әр топ бірлесе, ұйымшылдықпен, ынтымақта, белсенді жұмыс жасай отырып сабақтың басында құрылған «Алтын ережелерін» сақтай білді.



Бекіту сұрақтары негізінде «Серпілген сауал» әдісін пайдаландым. Бұл әдістің идеясына келетін болсам, тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру арқылы жүзеге асады.

Оқушылар берілген сұраққа жауап іздеп, идеяға сай талқылау жүргізілді. Оқушылар шамасы келгенше жауап берді, соның ішінде Аяна, Асар, Әз-Жәнібек, Алина сынды оқушылардың жауаптары қанағаттандырды.

Бекіту сұрақтары болған кезде олар дарынды және таланты оқушылар үшін кеңейтілген тапсырмалар «сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту» идеясы бойынша осы программада эссе жазды.

Кері байланыс 3:2:1

Бағалау

Сабақ бойынша өзгертулер

© 2010-2022