Сыныптан тыс сабақ Информатика білгірлері мен тапқырлары

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі














Сыныптан тыс сабақ тақырыбы:

Информатика білгірлері мен тапқырлары

/8 «А» және 8 «Ә» сыныптар/




Пән мұғалімі: Дильманова Ү.М.


















Әли ауылы

2014-2015 оқу жылы

Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: Информатика білгірлері мен тапқырлары


Мақсаты:
1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін
нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті
ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,
ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге
қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, үлестірме қағаздар.
Қатысатындар: 8 «А» және 8 «Ә» сынып оқушылары (әр сыныптан 6 оқушыдан)

Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Информатика білгірлері мен тапқырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Біз бүгін 8 а және 8ә сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.
2-жүргізуші:

Өмірге өзек болған нақты ғылым
Әлемге ақпараттың шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің,
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, топтарды ортаға шақырамыз.

8 а сынып оқушыларынан құрылған «Эврика» тобы

8 ә сынып оқушыларынан құралған «Google.kz» тобы
1-жүргізуші:
Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс 8 кезеңнен тұрады:
І кезең «Таныса жүр, тани біл»

ІІ кезең «Дешифратор»

ІІ кезең «Программист»
ІІІ кезең «Жарнама»
IV кезең «Айтыс»
V кезең «Үй тапсырмасы»
VI кезең «Эстафета»

VII кезең «Ширату»


2-жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған әділ - қазыларды таныстырайын.
1. Математика пәнінің мұғалімі Узакова М.К.

2 . Математика пәнінің мұғалімі Жайынбекова С.К.


1-жүргізуші:
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір - бірімен жатқан тулап арбасып.
О толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі - деп Т. Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Ендеше сайысымыздың бастайық.

2-кезең. «Дешифратор» кезеңі
Ойынның шарты: Әр топқа 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады.

2-жүргізуші:
Google.kz» тобына
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. WinRar және WinZip артивирустық программалар (жоқ)
4. Экраннық ең кіші нүктесі - пиксель (ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Паскальда программа 3 бөлімнен тұрады (ия)
8. Интерфейс - адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілі (ия)
9. Windows - операциялық жүйе (ия)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ (жоқ)
12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
13. Write нәтижені шығару операторы (ия)
14. Антивирус вирустың кері әсерін жоя алмайтын программа. (жоқ)
15. Word-тың типі .doc (ия)

1-жүргізуші:
«Эврика» тобы
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Антивирус - вирусқа қарсы программа (ия)
5. Драйвер - компьютердің қосымша құрылғыларына арналған программалар (ия)
6. Дискжетек дискілерді оқуға арналмаған (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. WinRar және WinZip архиватор программалар (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. Паскаль программалау тілін құрған Никлаус Вирт (ия)
11. Паскальда программаның әр жолы қос нүктемен аяқталады (жоқ)
12. Процессор - ол компьютердің миы (ия)
13. Паскаль тілінде программа program түйінді сөзімен басталады (ия)
14. Х батырмасы терезені жималау батырмасы (жоқ)
15. Паскальда программа begin түйінді сөзімен аяқталады (жоқ)

2-жүргізуші:
3 кезеңіміз «Программист». Әр топ есеп таңдап алып, паскальда блок-схема және программасын құру тапсырмасы беріледі. Блок схемаға 5 ұпай, программасын құрғанға 5 ұпай. Жалпы ұпай 10 ұпай.

Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз, - деп, сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

Сыныптан тыс сабақ Информатика білгірлері мен тапқырлары

1-жүргізуші:

Келесі кезең "Жарнама" деп аталады. Бұл турда оқушылар Paint немесе Word программасында сурет салу арқылы жарнама жасау керек. Әр топ ұяшық таңдау арқылы таңдап алған затқа жарнама жасайды. Жоғарғы ұпай 10 ұпай.

Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға


Алма шырыны және жұмсақ орындық


2-жүргізуші:

Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

5- кезең - айтыс.

Қызыл түсті алған топ мақтайды, келесі көк алған ойыншы даттайды. Әр айтылған дұрыс ойға 1 ұпай беріледі. Сөзден жеңілмеген топ айтыстан жеңген болып есептеледі.

Компьютердің зияны мен пайдасы.
1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.

1-жүргізуші:

6-кезең. «Үй тапсырмасы». Компьютерге байланысты таныстырылым құру.
Сайыстың шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимация, эффект беру отырып, 3 бет болатын презентация құру. Қорғауға 5 минут уақыт беріледі.

2-жүргізуші:

7- кезең. «Эстафета». Бұл кезеңде берілген тапсырманы әр топтан кезекпен бір-бір оқушыдан шығып, тапсырманы сәйкестендіреді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

1-жүргізуші:

8- кезең. «Ширату». Бұл кезеңде әр команданың бір мүшесі шығып, компьютерге байланысты 5 әзілін ортаға салады. Әзілдері қызықты болған топқа 1 ұпайдан беріліп отырады.
***************************
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма,
Туыс, досқа, сыныптас таныс емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос, соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ - жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың, бар жеңіске.

2-жүргізуші:

Қорытынды, марапаттау.
Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары __________________________ апайды шақырамыз.
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп - көп рахмет!

5


© 2010-2022