План урока по информатику на тему Қашықтан оқыту жүйесі

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қашықтан оқыту жүйесі

  • 0

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)



Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары», «қашықтық оқыту», «электронды оқыту» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.

Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей еліміз 2015 жылдан бастап электронды оқыту жүйесіне көшкелі отыр.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Интернет желісіне қосылып жаңа үлгіде жабдықталған мультимедиа кабинеті, интерактивті тақтамен жабдықталған математика, физика, химия, биология кабинеттері жұмыс жасауда. Бұл кабинеттер, тақталар мен компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез - келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз. Тек қана информатик ұстаздар ғана біліп қоймай басқа да пән мұғалімдерін ақпараттық технологияны сапалы қолдану, компьютерді пайдалану әдістерін игеруі тиіс.

Осы орайда мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары онлайн сабақтарға, семинар және конференцияларға, қашықтық олимпиадаларға қатысып қашықтық оқыту жүйесінің ұтымды тұстарын байқап көруде. Мектеп бітірушілер үшін де қашықтан ұйымдастырылатын онлайн консультациялардың берері көп.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген «өмірлік білімнен - баршаға өмір бойы игерілетін білім» қағидасы мектебімізде оқу - тәрбие процесінде ақпараттық технологияларды қолдану ісінде «Оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру - заман талабы» атты практикалық сабақ өтті. Мектебімізде интерактивті тақтаны, интернетті, сабақтарда электронды оқулықтарды пайдалану курстары өткізіліп нәтижесінде пән мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шараларында сәтті пайдаланады.



© 2010-2022