Баяндама Әлеуметтік информатика қолданбалы курсын мектепте оқыту

Мектепте әртүрлі тақырыпта қолданбалы курстар ұйымдастырып оқыту ісі қолға алынғалы  әртүрлі өзекті мәсетелерді тақырып қылып алуға болады. Солардың бірі "Әлеуметтік информатика" курсын оқыту. Курсты тек мектепте ғана емес  жаппай халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін де ақылы-ақысыз етіп  әлеумет үшін де оқытуға болады деп есептеймін, ұсынамын.  Курсты оқыту мектеп базасында іске асырылады. Компьютерді пайдалана отырып оқытуға негізделген.  сабақтар практикалық, лекциялық болып бөліне...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әлеуметтік информатика» қолданбалы курсын

мектепте оқыту


Есенова Сәулет Саматқызы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы

№9 орта мектептің информатика пәні мұғалімі


«Шығармашылық- ол сезімтал гүл секілді,

тек қана мадақтау оның жайқалуына мүмкіндік береді,

сонымен қатар оны қолдамау бүршік жаруына да мүмкіндік бермейді.

Кез-келген адам жақсы да құнды идея айта алады,

тек оның осы ісін дұрыс бағалай білсек»

(Александр Осберн)


1.1. Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және оның адам өміріндегі барлық салаларға екпіндей енуі нәтижесі қазіргі өмір талабына сай «Әлеуметтік информатика»атты информатиканың жаңа бағытын тудырды. Бағдарлап оқыту саласында оқушыларға «Әлеуметтік информатика» қолданбалы курсын оқыту - оқушылардың әрі қарай өз бетімен білім алуында маңызды роль атқарады, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып материалды өз беттерімен тереңдете түсіну міндетін қояды. Қазіргі таңда оқытуды жетілдіру Интернет ауқымды желісін, Ақпараттық коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланумен тығыз байланысты. Елімізде әлеуметтің ақпараттануына жалпылама, білім саласына жекелеп мемлекеттік дәрежеде көңіл бөлінеді. Осыған байланысты АКТ технологияларды пайдаланып білім алу маңызды роль атқарады. «Әлеуметтік информатика» қолданбалы курсын оқыту тақырыпты тереңдей түсінуге негізделген және мемлекеттік стандарттағы информатика пәнін оқытудың минимумына кірмейді. Курстың бағыты-дамытушылық бағыт, өйткені ол оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру мен марапаттауға арналған.

Курс 10-11 сынып оқушыларына арнап жасақталған, 1жылдық оқыту, сабақ аптасына 1 сағаттан өтіледі. Оқушыларға бұл курсты оқыту кезінде оқу процесіндегі пәнаралық байланыс артады, өйткені курсты оқытудың басты бағыты-ақпараттық қоғам.

Бұл курс оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, шығармашылық ойлауын дамытып, пәнге деген қызығушылығын тудырады.

Курстың сабақтары әңгімелесу, диалогтар, оқушылардың пікірталас тудыратын ауызша хабарламаларынан, әлеуметтік қоғамның тарихы жөнінен хабарламалардан және шығармашылық жұмыстардан тұрады.

Өтілген материалды тексеру мақсатында ағымдық бақылаулар үшін әртүрлі сынақ жұмыстарын, ал қорытындысын тест түрінде өткізуге болады.

Курстың басты мақсаты: оқушылардың әлеуметтік информатика туралы бұрынан қалыптасқан білімдерін тереңдету, информатика саласындағы ғылыми түсініктер негізінде әлемді тануына жол ашу.

Курстың міндеттері:

  1. Оқушыларда ақпараттық қоғам туралы түсінік қалыптастыру;

  2. Ақпараттық қоғамның пайда болуы жөнінде түсінік беру;

  3. Оқушылардың математикаға және информатикағадеген қызығушылықтарының артуына мүмкіндік бере отырып, өз беттерімен білім алып, оны пайдалана білуге жағдайлар туғызу;

  4. Шығармашылық қабілеттері мен коммуникативті машықтарын дамыту;

  5. Оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту;

Курсты оқытудағы тапсырмалар мен олардың мақсаттары қызықты әрі шешуге күрделірек болып келеді. Бұл жағдайда оқушылардың оқуға деген қызығушылығы оянып, информатика пәнінен өздерінің қабілеттерін байқап көрулеріне болады.


Түсінік хат

«Әлеуметтік информатика» қолданбалы курсын мектеп базасында оқыту ісінің қолға алынғанына да көп болған жоқ, нормативті құжаттар мен әдістемелік құралдар әлі де жеткіліксіз. Мұғалімдер үшін бұл қолданбалы курсты ұйымдастырып, оқыту қиынға соғып тұр. Қолданбалы курсты ұйымдастыруды жүйелеу, оның мамндыққа бағдарлау жайы және оларды өткізу әдістерінің ерекшеліктері: ашық мәселе болып қалып отыр.

7-сыныптың 2012 жылы шыққан оқулығында осы тақырып тарау ретінде қаралып, 1 сағат қана берілген. Бұл өте аз. Сондықтан 10-сынып оқушылары үшін «Әлеуметтік информатика» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасын жасақтап, ұсынып отырмын.

Бағдарлама «2012-2013 оқу жылында ҚР-ң жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаттың» ұсынысымен, орта мектептің 10-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне негізделіп алынды. Апталық сағат саны 1-сағат, жылдық 34 сағатқа негізделген.

Курстың мақсаты: бағыттап оқыту сыныптарында информатика пәнін оқыту кезінде қолданбалы курсты ұйымдастырып, оқытудың маңызы мен өзектілігін анықтау;

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді шешу керек:

  1. Зерттеу кезінде пайдаланылатын әдебиеттерді тауып, талдау жүргізу;

  2. Қолданбалы курсты үйымдастырып оқытудың өзектілігін анықтау:

  3. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сынып оқушыларына «Әлеуметтік информатика» курсын оқыту үшін әдістемелік құралдар жасақтау;

«Әлеуметтік информатика» курсы мынадай мәселелерді қарастырады:

-Ақпараттық қоғамның қалыптасуының заңдылықтары мен мәселелері

· ақпараттық қор- қоғам мәдениеті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі фактор;

· ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғаның қалыптасуы;

· ақпараттық мәдениет;

· ақпараттық қауіпсіздік;

10-сыныптар үшін «Әлеуметтік информатика» тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы

(аптасына 1 сағат, жылдық 34 сағат)

Тақырыбы

Сағ саны

күні

Сабақтың түрі

1/2

Әлеуметтік информатика курсына кіріспе

2




Кіріспе. «Әлеуметтік информатика» ғылымы, мақсаты, мәселелері

2

Лекция+ практикалық


«Ақпарттық қоғам» ұғымы

2

3/4

Ақпараттық қоғам, ақпараттық қоғамның қалыптасуы негізінде пайда болған өзгерістер

2

лекция


Адамзаттың ақпараттық қоғам қалыптастыру тарихы

7

5

Адамзат дамуындағы ақпараттық төңкерістер туралы жалпы түсінік

1

практикалық

6

І-Ақпараттық «төңкеріс»

1

лекция

7

ІІ-Ақпараттық «төңкеріс»

1

практикалық

8

ІІІ-Ақпараттық «төңкеріс»

1

Лекция+ практикалық

9

ІV-Ақпараттық «төңкеріс»

1

лекция

10/11

Практикалық жұмыс жасау

2

практикалық


Ақпараттық ресурстар, ақпараттық қызметтер

5


Ақпараттық қор түсінігі

1

лекция


Қазіргі қоғамның ақпараттық ресурстары

1

практикалық


Ақпараттық ресурстар нарқы :ұсынушылар мен тұтынушылар

1

лекция


Ақпараттық қызметтер ортасы

1

практикалық


Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін іс-шаралар

1

Лекция+ практикалық


Интернет ортасымен жұмыс

2


Интернет ауқымды желісінің сервистері

1

Практикалық

11

Word Wide Web. Іздестіру жүйелері. Чаттар, форумдар.

1

Лекция+ практикалық


Ақпараттық қызмет түрлері

4

12

Электрондық үкімет сайтымен жұмыс жасау

1

Практикалық

13/14

Білім саласындағы қашықтан оқыту технологиясының әдістері

2

Практикалық

15

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

1

Лекция+ практикалық

16

«Информатика алғырлары» ойыны

1

практикалық(инф. Нег.№4 2012)


Жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігінің мәселелері

5

17

Ұлттық мүдде

1

практикалық

18

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері туралы

1

Лекция

19/20

ҚР ақпараттық қауіпсіздігі туралы

2

Лекция

21

Ақпараттық дағдарыс

1

Лекция

22/23

«Интернет кафе» танымдық ойыны

2

Танымдық ойын (инф. нег.№4)

24

Компютермен жұмыс

1

практикалық


Курсты қорытындылау

5

25/26

Шығармашылық жұмыс: «Әлеумет әлеуетінің артуында ақпараттық технологиялардың орны»

2

Лекция практикалық

27

Шығармашылық жұмысты қорғау

1

практикалық

28

Қорытынды тест жұмысы

1

практикалық

29

Қорытынды сабақ

1

практикалық

30-34



© 2010-2022