Мәтіндік редактор Word аралына саяхат

Раздел Информатика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор Word аралына саяхат

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: MS Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, беттің параметрлерімен, абзацтың, символдық параметрлерімен жұмыс жасау, мәтінге жақтау қою, кестемен жұмыс, интернетпен іздене білу, жалпылау және жүйелеу.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Дамытушылығы: Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, студенттердің ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, компьютер (MS Word прогаммасы).

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру (5-минут)

  2. Шын жүйрікте шаршау жоқ (7-минут)

  3. Білгір болсаң тауып көр (5-минут)

  4. Сөз тапқанға қолқа жоқ (3-минут)

  5. Кім епті, еркін ойлы? (15-минут)

  6. Қорытынды бөлім (5-минут)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде топтар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 7 студенттен болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Мәтіндік редактор Word аралына саяхат» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

1. «Таныстыру» . Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1 - топ «Компьютер»
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2 - топ «Ақпарат»
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»

2. «Шын жүйрікте шаршау жоқ»

Ойынның шарты: Әр командаға 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.

І командаға:

1. Мәтіндерді өңдеуге арналған бағдарлама:

A) MS Word;

B) MS Excel;

C) MS Access;

2. Фрагменті көшіру үшін қандай команда қолданылады:

A) Главная / Вырезать;

B) Главная / Копировать;

C) Главная / Вставить;

3. Аты бар файлды сақтау үшін қандай команда қолданылады:

A) Файл / Сохранить;

B) Файл / Сохранить как;

C) Файл / Открыть;

4. Белгіленген объектіні қиып алу батырмалары:

А) Ctrl + Х;

В) Alt + Х;

С) Ctrl + РgUр;

5. Құжатты жабу үшін қандай команда қолданылады:

A) Файл / Создать;

B) Файл / Открыть;

C) Файл / Закрыть;

ІІ командаға:

1. Кеңейтілуі .doc болатын файл, қандай бағдарламада жасалған:

A) MS Word;

B) MS Excel;

C) MS Access;

2. Құжатты баспаға шығару үшін қандай команда қолданылады:

A) Файл / Открыть;

B) Файл / Печать;

C) Файл / Создать;

3. Құжатты жабу үшін қандай команда қолданылады:

A) Файл / Создать;

B) Файл / Открыть;

C) Файл / Закрыть;

4. Ms Word құжаттың ориентациясы қандай мәзірде таңдалады:

A) Формат;

B) Файл;

C)Разметка страницы;


3. «Білгір болсаң, тауып көр»

Ойынның шарты: Ms Word мәтіндік редакторының интерфейсімен жұмыс. Learning.apps қосымшасында дайындалған тапсырма беріледі. Маркерленген тапсырмалар беріледі. Егер дұрыс жауап берсе, маркердің түсі - жасыл, ал қате болса, маркердің түсі - қызыл. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.

4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Ойынның шарты: Ойын қатысушыларына бір сөз беріледі. Сол сөзден бірнеше сөз құрастыруларыңыз керек. Қай команда 1 минут ішінде көп сөз жазса, сол команда жеңіске жетеді. Әр сөзге 10 ұпай.

І команда: «Информатика»

ІІ команда: «Бағдарлама»

5. «Кім епті, еркін ойлы?»

Ойынның шарты. Екі бөлімнен тұрады:

  1. Шығармашылық жұмыс, әр командадан бір студент шығып, кешегі өткен Тәуелсіздік күніне арнап «Тәуелсіздік - тұғырым!» тақырыбында Ms Word мәтіндік редакторында мәтін құрастырады. Мәтінді тек қана жазып қоймай, оны форматтау керек.

  2. Әр командадан екі студенттен шығып, бір студент жасырылған сөзді екіншісіне іс қимыл арқылы түсіндіреді. Әр командаға 3 сұрақтан жасырылады, дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

І команда: принтер, кесте, колледж

ІІ команда: модем, әріп, студент

6.Қорытынды.

Студенттердің ұпайлары есептеліп, жеңімпаз анықталады.


© 2010-2022