Ашық сабақ Paint графикалық редакторы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Күні: 19 ақпан 4 - сабақ

Уақыты 16.30 -17.15 6 "Ә" сынып

Мультимедиа кабинеті

Сабақтың мақсаты

Paint графикалық редакторы.Оқушыларды бірлесе жұмыс жасауға үйрету, ойын ашық жеткізу

Оқыту нәтижесі

Компьютер қолданудағы білімін арттыру. Оқушының компьютерлік біліміне Paint туралы білімді қосу.

Негізгі идеялары

Оқушы бойында көшбасшылықты, жауапкершілікті, ұйымшылдықты, топпен бірлесіп жұмыс істеу қасиетін арттыруды, қалыптастыруды мақсат етемін. Өзін және әріптестерін шынайы бағалауға үйренулерін көздеймін

Уақыты

Бөлімдер


Іс-әрекет

Мұғалімнің қызметі:

Мен не істеймін?

Оқушылардың жұмысы:

Оқушылар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?



Психологиялық дайындық (сыныпта жылы қарым-қатынас орнату)

Қоңыраудан кейін амандасып, оқушыларды бір шеңбер бойымен тұрғызып, әрбір адам - туысым, досым, жұрағат. Әрбір сабақ - ұғыну, ұғу, ұлағат. Әрбір ісім - тірлік, адамдық, тірек. Іс-әрекеттердің шынайы орындалуын қадағалаймын

Құрылған шеңберде менің айтқанымды жалғастырады.



Оқушыларды топқа бөлу

Суретті бала санына байланысты қиындыларға бөлемін де, балаларға таңдатқызамын.

Оқушылар қолындағы қиындылардан 1 сурет құрып, сол суреттің иелері бір топ құруы тиісті.

Екі сурет қиындылары


Білу

Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл.

Алмаларға сұрақтар жасырынып тұрады.

Сәйкестендіру кестесі.

Жасырылған алмалардағы сұрақтарға жауап береді.

.

Бағалау парағы, алма стикерлері.


Тақырып ашу
Ой қозғау

Крассворд

Оқушылар крассворд шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.


Түсіну

Тапсырма 1

Кітаптан тапсырма беремін. Қосымша мәліметтер беремін.

І топ Paint туралы, ІІ топ Paint-тың сурет салу құралдары туралы кітаптан оқып, екі топ бір-біріне түсіндіреді.

Кітап қосымша мәліметтер


Қолдану

Тапсырма 2

Постер жасату.

Екі топта постер жасап, жасаған постерлерін қорғайды.

Плакат, стикерлер, маркерлер, қаламсап



Сергіту сәті

Катюша әнін орындату

Оқушылар қатарға тұрып, Катюша әнін орындайды


Жинақтау

Ия-жоқ ойынын ойнату. Сұрақ-жауап арқылы

Оқушылар берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап береді.

Слайд


Бағалау

Өзін-өзі бағалауды талап етемін

Бағалау парағына сабақ барысында алған суммативті ұпайларын қосып, формативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып өзінің бағасын есептейді

Бағалау шкаласы

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, алма ағашына ілдіремін.

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып алма ағашына іледі.

Алма ағашы, стикерлер

Үй тапсырмасын тақтада көрсетемін

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады





© 2010-2022