Иманкулова Т. 3-класс Симметрия

Сабақтың тақырыбы: СимметрияСабақтың мақсаты:1.Симметриялы денелер ұғымын беру.2.Тiк және жатық симметрия өстерiнiң ұғымын беру.3.Симметрия осiн табу мен симметриялық денелердiң суретiн салуды үйрету4.Кеңістікте елестету қабілетін қалыптастыру. 5.графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту.6.Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеуСабақтың типі: жаңа білім беруСабақтың түрі: аралас сабақСаба...
Раздел Информатика
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2Пәні: Ақпараттық мәдениет негiздерi. 3 сынып. Сабақ №20

Мұғалімі: Иманқұлова Т.И. Мерзімі:26-28.01.2015

Иманкулова Т. 3-класс Симметрия

Сабақтың тақырыбы: Симметрия

Сабақтың мақсаты:

  1. Симметриялы денелер ұғымын беру.

  2. Тiк және жатық симметрия өстерiнiң ұғымын беру.

  3. Симметрия осiн табу мен симметриялық денелердiң суретiн салуды үйрету

  4. Кеңістікте елестету қабілетін қалыптастыру.

  5. графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту.

  6. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: сөзбен-көрнекі түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интеракт.тақта, компьютер, кітап

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ (түсіндіру)

ІV. Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытынды

VІ. Үй тапсырмасы

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу Ә) Оқушыларды түгелдеу Б) Сынып жағдайын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Лототрон» ойыны

1. Paint графиктік редакторын қалай іске қосады?

2. Суреттің үзіндісін қалай көшіреді?

3. Терезе элементтерін атаңыз

4.Құралдар тақтасында неше құрал бар?

5.Суреттің белгілі бір бөлігін өшіру үшін қандай құрал пайдаланамыз?

6.Түстер палитрасының көмегімен неше түс таңдауға болады?

7.Шеңберді қандай құрал арқылы саламыз?

8.Суретті бірінші рет қалай сақтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ (түсіндіру)

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға симметрияны түсiндiру үшiн, «Айна» ойынын ұсынуға болады. Сiз оң қолыңызды көтерсеңiз, балалар да оң қолдарын көтередi. Сiз басыңызды сол жаққа бұрсаңыз, балаларда сiзбен бiрге қайталауы керек. Кiм қателессе, сол орнына отырады, соңғы қалған адам - жеңiмпаз. Симметрия - бұл заттың тiк немесе көлденең өсiне байланысты екіге тең бөлінiп орналасуы екенiн түсiндiру керек. Өс ролiн тiк немесе көлденең тұрған айна атқара алады. Симметрияны қағазда екi бүктеп, кейiннен жазылған суреттермен көрнекi түрде түсiндiруге болады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

"Симметрия адамзаттың сан ғасырлар бойы сәндікті жетілдіру үшін ашуға әрекет еткен ұсынысы болып келеді"

«Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.

  1. PAINT редакторын аш.

  2. Шыршаның жарты бөлiгiнiң суретiн сал.

  3. Шыршаның екiншi жарты бөлiгiн жаса.

Ол үшін:

- ВЫДЕЛЕНИЕ құралын («Без фона» құралын қолдануды ұмытпа) таңда.

- Шыршаның жартысын ерекшелеп белгіле.

- ПРАВКА менюіне кіріп, КОПИРОВАТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

  • ПРАВКА менюiнен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

- РИСУНОК менюіне кіріп, ОТРАЗИТЬ/ПОВЕРНУТЬ командасын таңда.

- «Отражение и поворот» терезесінен «Отразить слева - направо» командасын таңда.

- Шыршаның екiншi жартысын бірінші жартысына қосып, бояп шық.

Шыршаны орындаған тәсiлмен симметриялы фигураларды толықтырып сал.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Постермен жұмыс

Әріптердің айнадағы өзгермейтін бейнесін атап көрсет

Иманкулова Т. 3-класс Симметрия

Ребус шешу

Иманкулова Т. 3-класс СимметрияИманкулова Т. 3-класс Симметрия

Сергiту сәтi

Компьютермен жұмыс

V. Қорытынды

  • Симметрия салу әдістері

  • 2)Оқушыларды бағалау

VІ. Үй тапсырмасы

  1. Ережелерді жаттау

  2. №2 кітап, №2,3,4-тапсырма, 54-бет.


© 2010-2022