Білім беру жағдайында информатика пәнін оқытудың әдістемесі

Білім беру жағдайында информатика пәнін оқытудың әдістемесі           ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз. Білім мен ғылым саласында жаңа талаптар пайда болды. Халықаралақ білім кеңістігін құру - әр түрлі ұлттық білім беру жүйелерін мүмкіндігінше жақындастыру, осы арқылы әр елдегі білім беру сапасы мен деңгейін бір қалыпқа келтіру, мам...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру жағдайында

информатика пәнін оқытудың әдістемесі


ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз. Білім мен ғылым саласында жаңа талаптар пайда болды. Халықаралақ білім кеңістігін құру - әр түрлі ұлттық білім беру жүйелерін мүмкіндігінше жақындастыру, осы арқылы әр елдегі білім беру сапасы мен деңгейін бір қалыпқа келтіру, мамандар даярлауды халықаралық сұраныстар мен талаптарға сәйкестендіру болып табылады.

Қоғамның дамуы оның әрбір мүшелерінің білім дәрежесімен өлшенетіні белгілі, өйткені өркениет әлеміне жеткізетін жалғыз құрал - білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның, болашақтың егесі бола алады. Осы мақсатта информатика пәнін оқыту әдістерін мұғалім мен оқушының оқып - үйрену кезіндегі әрекет айырмашылығына қарай екі түрге бөлуге болады:

1) оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) - оқушының әрекеті мен ақпаратты басқару әдістері;

2) оқу әдістері (оқушы әрекеті) - оқушының оқу материалын танып білу әдістері.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеті артады.

Оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіреді.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсат - міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал - тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс - әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Информатиканы оқып - үйренудің әдістері оқушылардың өздерінің информатика жөнінде белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруына бағытталған. Олар ғылыми әдістер және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Информатиканы ғылым ретінде зерттеп білу құралы. Орта мектеп информатикасын оқытуды жетілдіру үшін арнайы жасалған әдістер. Мысалы, эвристикалық әдісі, модельдеу арқылы үйрену әдісі, программалық оқыту әдісі т.б.

Оқу мен оқыту, үйрену мен үйрету өзара бірлікте, қатар жүретін процестер. Информатиканы оқыту (үйрету) әдістері мен формаларына ерекше мән беріледі. Жалпы алғанда, оқыту әдістері оқушыларға информатикалық білім берудің, іскерлік пен дағды қалыптастырудың белгілі бір жүйесі десек, оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрісі, түсіндіруі, жаттығу кезінде өзіндік жұмысты басқаруы жатады.

Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуі дидактикалық негізгі функцияны - оқытумен тығыз байланысты. Іс - әрекет тәсілдерін игерудегі репродуктивті оқыту оқушы белсенділігі төмен болады, ол проблемалық - ізденімпаздық оқыту кезінде жоғарылап, өзінің шығармашылық іс - әрекетін дамыту арқылы ең жоғары деңгейге көтерілуі тиіс.

Оқыту әдістерін басқаша түрде жіктеуге де болады. Дәстүрлі әдістер ақпаратты қабылдау тәсілдеріне байланысты сөздік шолу және практикалық әдістер болып бөлінсе, жіктелу барысында білім алу тәсілдері (теория және практика); кері байланыс орнату тәсілдері (бақылау, өзін - өзі бақылау); оқушылардың ойлау операциялары (логикалық аспект) енеді.

Оқыту әдісі оқушының жеке басын қалыптастыруға, дамытуға бағытталған танымдық қызметін басқару арқылы ақиқат дүниені танып - білуін қамтамасыз етеді.

Оқыту әдістері оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған мұғалімнің әрекетін қамтиды. Осы мәселелерге сүйене отырып, оқыту әдістерін оқыту мазмұны арқылы бірнеше топқа жіктеуге болады:

1. Әлем туралы білім;

2. Іс - әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;

3. Шығармашылық іс - әрекет тәжірибесі;

4. Сезімдік - құндылық қатынас тәжірибесі.

Оқыту әдістері және білім мазмұны

  1. Әлем туралы білім. Әлем туралы білімді игеру оқушылардың қабылдауы, түсінуі, есте сақтауы арқылы іске асады.

  2. Іс - әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесін игеру - оқушыларға нұсқаулар беру арқылы немесе іс - әрекеттер үлгісін көрсету арқылы орындалады.

  3. Шығармашылық іс - әрекет тәжірибесі - оқушыларға таныс емес программалық құралдарды игеру, модельдеу, проблемалық, конкурстық есептерді шешу кезінде қалыптасады.

  4. Сезімдік - құндылық қатынастар тәжірибесі - оқушылардың мұғаліммен және құрбы - достарымен өзара қарым - қатынасында пайда болады.

Информатикада теория мен практика жалпы ғылыми категориялармен қатар жүреді. Теория - компьютер әлеміне, ақпарат қасиеттеріне түсініктеме берудің, болжам жасаудың құралы болса, практика - теорияны теориядағы болжау көзі және тексеру құралы болып табылады.

Алгоритм құру немесе оны модельдеу теориялық тұрғыда компьютердің жұмыс істеу принципіне негізделіп, болжам түрінде жасалуы керек. Теориялық мәселе баяндалмаған жағдайда компьютерлік ортаны зерттеудің практиканың ерекше формасы деп есептеуге болады. Теория мен практиканың ұштасуы программаны жүргізу кезінде көрінеді. Практика - программадағы қателердің туындау себептеріне теориялық талдау жасау.

Информатика сабағына тән бақылау әдістерінің бірі - компьютерлік бақылау. Бақылау компьютер әлемін мақсатты да, жүйелі түрде оқушылардың қабылдау мүмкіндігін зерттейтін әдіс. Бұл әдіс зерттеу объектісіне байланысты ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі болғандықтан оқушыларда бақылау әрекетін қалыптастырады.

Оқытудың ұйымдастыру тәсілдеріне сәйкес бақылауды ауызша және жазбаша жүргізуге болады. Жазбаша жұмыс тиянақты әрекет жасауды қажет еткендіктен, оның нәтижесі де сапалы болады. Шын мәнінде, компьютер экранында бейнеленген текст жазбаша тілдің бір көрінісі.

Оқыту прцесінде мұғалім - оқушы тура және мұғалім - оқушы кері байланысы жылдам немесе баяу жүргізілуі мүмкін. Көбінесе жылдам байланыс тиімдірек болып есептелінеді. Бірақ өте жылдам байланыс шығармашылықпен ойлауға бейімі бар оқушылардың ойлауына кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, жазылған алгоритмге өзгерістер енгізе білу тиімді, әрі тез әрекет. Себебі, енгізілген өзгерістералгоритмнің орындалуын болжау, түсіну дәрежесін көрсетеді. Егер оқушы әрбір алгоритмнің қадамындағы нұсқауларға мән бермей жалпы текст жөнінде айтып, өзгеріс енгізілген алгоритмді онша орындай алмаса, онда берілген тапсырманы қайта талдап, сонан соң жалпылау қажет. Оқушылар өзгеріс енгізу барысында өте ұқыптылық керек екенін көрсеткен жөн. Өйткені, кішкене өзгертудің өзі алгоритмнің мақсатын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайларда мұғалім алдын - ала ескеріп отыруы тиіс.


© 2010-2022