Информатика 5-сынып 1-сабақ Қауіпсіздік техника ережесі

Сабақтың тақырыбы:Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.Тәрбиелік:Оқушыларды  ұқыптылыққа, тиянақ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


1 сабақ Тексеруші:_______________

Сынып

Күні


Сабақтың тақырыбы:Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу тезникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.

ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртәп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттердеге бөлуге болады:

  1. Жалпы

  2. ДК - де жұмысты бастау алдында

  3. Жұмыс істеу кезінде

  4. Авариялық жағдайларда

  5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. ДК -де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  5. Үстелге, ДК- дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК -де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК -дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орында керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК - де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК - де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері:

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумбілерді өшіру)

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілір беру (анальгин, валерьянка)

  2. Күйген жеріне май жағу (винилин)

  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын - ала целофанмен орап, суық судың астына ұстау.

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі тоқтағанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру.

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан - ауызға) керек.

Көз талғанда жасайтын жаттығулар

1 - жаттығу

  • Көздің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

  • Көздеріңді бұлшық етін босаңсыты, ашыңдар.

  • Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.

2 - жаттығу

  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3-рет терең дем алыңдар.

  • Көздеріңді талдырмаңдар.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

3 - жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

4 - жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

5 - жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

6 - жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

7 - жаттығу

  • Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау

© 2010-2022