Коучинг. Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Коучинг. Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.



Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Өткізген күні: 18.02.2015 ж.

Мұғалім: Сеитбаева Э.З.

(І деңгей курсын аяқтаған информатика пәні мұғалімі)



Коучинг

Тақырыбы: "Оқыту мен оқуда ақпараттық -коммуникациялық

технологияларды пайдалану"


Мақсаты: Ақпараттық - коммуникациялық технологияларының маңызын ашу. АКТ оқушылар үшін ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік берітіндігі, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін құрал болып табылатындығына ерекше назар аудару.

Коучингтен күтілетін нәтижелер: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы ақпатараттық -коммуникациялық технологияларының басты рөлін түсінеді.
2. Оқыту барысында ғылыми жетістіктерді әр сабақтарда тиімді пайдалануды.

3. Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды тиімді қолдана біледі.
4. Оқытудың бес аспектісіне: «көрсетілім»; «модельдеу»; «бағалау мен талдау»; «ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас», «тестілеу және растау» ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде АКТ-ны қалай пайдалануға болатындығын түсінеді.

Пайдаланылған құрал-жабдықтар: презентация, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, «БББ» парағы, тор жібі, себет.






Уақы

ты:

Іс-шараның түрі:

Мазмұны

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

ресурстар

3-4 мин

Топтық жұмыс

Топқа бөліну (технологиялар атауы бойынша)

Топтық жұмыс туралы қысқаша нұсқау береді, ережелерін еске түсіреді

Үш топқа бөлінеді, топ мүшелері міндеттері бөліседі.

Қиылған топ атаулары:

1-топ «Мазмұндық білім»

2-топ

«Педагогикалық білім»

3-топ «Технологиялық білім»

12-15 мин

Топтық жұмыс.

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегеніміз не?

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар модулі бойынша бағыт беріп, бақылайды.

Өз түсініктері бойынша тұжырымдамалық карта жасайды, спикерлер қорғайды.

Постер

5-7 мин

Ұжымдық жұмыс

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы түсінік беру: тарихи шолу, заманауи түсінік, ПБ, ПедБ, ТБ, БПА, БТА, ТПМБ

Презентация арқылы таныстырылым

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы түсінік беру: тарихи шолу, заманауи түсінік, ПБ, ПедБ, ТБ, БПА, БТА, ТПМБ түсінік алу.

Презентация

5 мин

Кері байланыс коучинг бойынша

«Білемін, білдім, білгім келеді»

Тыңдау, нұсқау, бағыт беру

өз пікірін топта талдау, ортаға салу, ортақ шешім қабылдау.

БББ кестесі

2 мин

Сергіту сәті

«Сандық кампаниялардың бірлестігі»

Ұйымдастырады, топқа бөледі, топ мүшелерінің әс-әрекетін бақылайды.

Топ мүшелері өз бірлестіктеріне топтасады, әр сандық құралына лайық қимылын орындайды.

Сандық құралдың атаулары, кампаниялар бірлестігі

8 мин

Кері байланыс пән бойынша «Әлемдік тор»

Информатика пәні бойынша пән мұғалімідерінде өз тәжірибелерінде қиыншылыктардың туындауы және шешу жолдары.

Кері байланысты басқарады, нұсқау береді.

Сұрақ алмасады, шешу жолын корсетеді, бір-біріне әдістемелік көмек береді.

Тор жібі

2-3 мин

Рефлексия «Себетті толтыру»

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша не білдім?

бақылайды

Коучингтен алған әсерлерін жазады, коучке арналған ұсыныстар, және әр информатика пәні мұғаліміне арналған тілектерді орнына себеттен алады.

Стикерлер, себет, тілектер




© 2010-2022