ҚМЖ информатика 5 сынып. Мәтін бөліктерін (үзінділерін) ерекшелеу

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Молдагалиева Гулзия Каршыгиевна

Математика және информатика пәнінің мұғалімі

№36 ЖОББМ

БҚО, Орал қаласы

І (ілгері) деңгей.


Сыныбы:

5 «А»

Күні:

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы:

§ 21 Мәтін бөліктерін(үзінділерін) ерекшелеу.

Сілтеме

Оқулық Информатика 5 сынып, Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.К.Әбенов Алматы «Арман ПВ» 2013 жыл

Әдістеме Информатикада 5 сынып.

Мақсаты:

Мәтін бөліктерін ерекшелеу, алмасу буферінен мәтіннің қанша көшірмесін кірістіруге, символдарды жою үшін қандай пернелер қолданылатыны туралы мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже:

  • мәтін бөліктерінің ерекшелеу жолдарын біледі;

  • мәтінмен жұмыста командалар мен «ыстық пернелер» қолданады;

  • мәтін бөліктерін жою, қосу, жылжыту, көшіру және алмастыруды қолдана алады.

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, флипчарт, үлестрме тапсырмалары, көңіл күй дидары, топ ережесі

Әдіс -тәсілдер:

Диалог, жеке, жұптық , топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, «Көршіңе баянда», «Стикерлер», сәйкестендіру, талдау, қорыту, бағалау

Жоспар

Сабақ кезеңдері

уақыт (45 мин)

Сабақтағы жоспарланған жұмыстар

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдас-тыру (2 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу «тіркесті тілектер»; (оқушылар бір-біріне тілек білдіру)

- Оқушыларды топқа бөлу (мәтіннің элементтері бойынша), бағалау парағы үлестіріледі.

«Ақыл білімде ғана емес, сол білімді пайдалана білуде» (флипчартта)

- Оқушыларда жағымды ахуал қалыптастырады

- Оқушылар мәтіннің негізгі элементтері:сөз, абзац, мәтін бойынша топқа бөлінеді.

«Білу» деңгейі

(5 мин)

Үй тапсырма

сын тексеру.

- «Сиқырлы конверт»ойынын жургізу

(Әр топқа тапсырма салынған конверт ұсынылады. Әр топ мүшесі жауап беру керек, ережесі түсіндіріледі)

Қандай мәтіндік бағдарламаларды білесіңдер?

WordPad мәтіндік редакторын қалай ашамыз?

Мәтіннің элементтерін ата?

Абзацтың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Мәтіндік редакторда мәтінді қалай сақтаймыз?

Бас әріпті қалай енгіземіз?

Бос орын қай кезде қойылады?

Enter пернесін қай кезде басады?

Оқушылар үй тапсырмасын «Сиқырлы конверт»ойыны арқылы орын-дайды. Онда топтағы бір оқушы өзіне түскен сұрақты оқиды. Ал жауабын әр топтағы оқушылар тауып, ол оқушы өзіне түскен сұрағын оқиды т.с.с. жалғасады.

«Түсіну» деңгейі

(13 мин) Мағынаны тану

Оқушылар топқа бөлуде мәтіннің қандай элементтерін қолдандық. Символ, сөз, жол, абзац, мәтін, бет бойынша бөліндік. WordPad -та терілген мәтінді көрсетемін. Енді осы мәтінді түзету және пішімдеуді қалай орындаймын.

Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз «Мәтін бөліктерін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты ерекшелеу»

Топтар арасында «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша жаңа сабақты оқып, бір-біріне баяндап берулері жайлы тапсырма беріледі.

Тақырыппен танысқан соң «Стикерлер» әдісі бойынша интерактивті тақтада сұрақтар беріледі, осы сұрақтардың жауабын компьютермен көрсетеді.

Стикердегі сұрақтар:

Мәтіндегі жолды қалай ерекшелейміз-

Абзацты қалай ерекшелейміз -

Мәтінді тұтас қалай ерекшелейміз -

Мәтіндегі оң жақтағы символды жою үшін қандай пернені басамыз -

Мәтіндегі сол жақтағы символды жою үшін қандай пернені басамыз-

Мәтін үзінділерінің көшірмесін алу қалай орындалады -

Мәтіндегі сөзді және сөздер тіркесін алмастыру(заменить) қалай орындалады?



Топта бағалау: 2:1 әдісі

- Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

- Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта «Көршіңе әңгімлеп бер» әдісі бойынша жұмыс жасайды.

- Оқушылар берілген тақырып бойынша оқып, жұпта талқылайды

- «Стикерлер» әдісі бойынша жұмыс жасайды. Әр жұптағы оқушылар өздеріне берілген стикердегі сұраққа жауап беріп, интерак-тивті тақтада (дайын мәтінмен) практикалық түрде көрсетеді. Стикер келесі жұпқа ауыстырылады. Тапсырма толық орындалғанда бір-біріне баяндайды.

«Қолдану» практикасы.

(12мин)

(Компьютер

де тапсырма

лар)



Сергіту сәті

«Өзін таңда» ойыны арқылы оқушылар тапсырманы таңдап, орындайды.

Тапсырма 1. «Сәтемір хан» құжатын ашып, көрсетілген тапсырмаларды орындау

Тапсырма 2. Мақалдар файлын ашыңдар:

Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық сөздерді алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар

Мәтіндегі әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер. Enter, BackSpace, Delete пернелерін қолданыңдар.


Оқушылар компьютерде «Сәтемір хан» мәтінің ашып, әр абзацын ерекшелеп, түске ауыстырады. Қайта сақтайды.

Мақал файлын ашып, сөздердегі қателерді түзетіп, тапсырмада көрсетілгендер бойынша орындайды. Нәтижесін айтады.

«Талдау» деңгейі

(5 мин)

Қызметі (үш тілде жазу)

«Ыстық пернелер»

Көшіру-

Ctrl+C

Қию-

Ctrl+X

Қою-

Ctrl+V

Болдырмау -

Ctrl+Z

Бәрін ерекшелеу

Ctrl+А

Тапсырма (флипчартта көрсету)

Сәйкестендір (жеке жұмыстанады, сағат тілі бағыты бойынша топта тексеріледі)

Ctrl + Home

Таңдалған бұйрықтан бас тарту

Page Up

Бас әріптерді теру режиміне өту

Delete

Курсорды құжаттың басына апару

Caps Lock

Курсордың сол жағындағы сөзді жою

Esc

Курсорды бір бетке жоғары апару

Insert

Абзацты енгізуді аяқтау

Enter

Курсордың оң жағындағы сөзді жою

Ctrl+BackSpace

Мәтінді енгізгенде ауыстыру режиміне көшу

Оқушылар жеке берілген тапсырманы дәптерге орындайды. Интерактивті тақтада үш тілде жазады.

Сәйкестендіру үлестірмеде орындайды.



«Жинақтау» деңгейі (3мин)

Тест. 10 сұрақ. (QuizMaker бағд.компьютерде)

«Бағалау» практикасы. (2мин)

Критерийлері арқылы бағалау

Оқушылар өздерін бағалайды

Рефлексия (3мин)

Смайлик арқылы оқушы пікірі

Сабақ туралы не айта аласың?

Сабақ несімен ұнады?

Сабақ соңындағы көңіл күйлеріңіз?

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын смайлик арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма.

§21. Мәтін бөліктерін ерекшелеу.

Бақылау сұрақтары мен тапсыралар №1-6

№6 тапсырма: 5 кесте дәптерге толтыру.

Қорытынды

Ал, балалар сабағымыз аяқталып келеді, енді істеген жұмысымызды қорытындылайык. Мәтіңді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін ерекшелеуді білдік. Бүгінгі сабақта көп жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар! Келесі сабақты қалай ұйымдастырып өткізу туралы пікірлеріңіз бар ма?

Оқушы пікірі





Бағалау парағы:

Сабақ бөлімдері

сұрақтар

Тапсырмалар

Жалпы балы

1

2

3

4

5

6

7

№1 (2б)

2 (3б)

3 (5б)

Әр сұраққа 1 балдан

1

Үй тапсырмасын тексеру «Сиқырлы конверт»



2

Жаңа сабақты түсінуі

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі



3

Стикердегі сұрақтар

Интерактивті тақтадан көрсету



4

«Өзін таңда» ойыны компьютерде тапсырмаларды орындау



5

Жаңа тақырыпты жинақтауда үлестрмедегі тапсырмаларды орындауы



6

Бекіту. Тест. (QuizMaker бағд.компьютерде)

10% - 30% - "2"40% - 60% - "3"

70% - 80% - "4"90% - 100% - "5"

7

Қорытынды



Бағалау критерийі

1 - 3 балл - « 2 »

4 - 9 балл - « 3 »

10 - 15 балл - « 4 »

16 - 25 балл - « 5 »



















Сабаққа талдау жасау

Сабақты - Бүгінгі күніміз, сабағымыз сәтті болсын!,- деп тіркесті тілектер арқылы оқушыларда жағымды ахуал қалыптастырдым.Ондағы ойым оқушылардың сабаққа қатысын белсендіруге итермелеу еді. «Ақыл білімде ғана емес, сол білімді пайдала білуде» нақылын сабақты бастарда қолдандым. Топқа бөлу кезінде жаңа сабақтың тақырыбы ашылатындай етіп құруға тырыстым.

Сабақтың өту барысынан жаңа тақырыпқа көшу үшін, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелеуші сұрақтар қою арқылы зейіндерін сабаққа аудардым. Ол үшін - «WordPad -та терілген мәтінді көрсеттім. Енді осы мәтінді түзету және пішімдеуді қалай орындаймын?» - деу арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға бағдар бердім. Негізгі бөлімінде бастаған кезде сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені айтқаным, нәтижелі жұмыс жасау үшін түрткі болу еді. Сол күнгі сабақтағы бірлескен жұмысқа оқушылар өте жақсы қатысты, оны оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың орнауынан байқадым. Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру кезінде белсенді жұмыстанды. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы жұптық, топтық жұмыстануды ұйымдастыра алдым деп ойлаймын. Нәтижесінде топпен жұмыста бір-бірін тыңдай, тақырыпты түсініп орындауға қойылған сұрақты интерктивті тақтадан көрсетіп білді. Сабақта жасалған жұмыстардан соң, кері байланыс болды. Үн-түнсіз сабаққа өз үлесін қоспай отырған оқушы болмады. Білімдерін толықтыруда «Өзін таңда» ойыны арқылы компьютерде тапсырманы оқушылар бүгінгі және бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, нақты орындауға тырысты. Оқушылар жеке берілген тапсырманы дәптерге орындады.

«Жинақтау» деңгейінде компьютерде тест тапсырмасы өтіліп жатқан тақырыпты бекіту үшін қолданды, және оның нәтижесі бойынша оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін, әрі дұрыс жауабын қарап кері байланыс болды.

Сыныпта оқушылар өздері айткан жауаптарын бағалау парағына белгілеп қорытындылады. Сабақтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруда, топтық жұмыс және сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің пайдасы зор екеніне көзімізді жеткізді. Оқушылардың топтарда жұмыс істеу, ұжымда қарым қатынас жасау әрекеттерін қалыптастыра отырып күтілетін нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан сабақ күтілетін нәтижеге жету мақсатында жүйелі құрылса оқушылардың қызығушылығын тудыра отырып, сапалы білімге қол жеткізуге болады.

ҚМЖ информатика 5 сынып. Мәтін бөліктерін(үзінділерін) ерекшелеуҚМЖ информатика 5 сынып. Мәтін бөліктерін(үзінділерін) ерекшелеу

ҚМЖ информатика 5 сынып. Мәтін бөліктерін(үзінділерін) ерекшелеу

© 2010-2022