Сабақтың тақырыбы: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару

Раздел Информатика
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.02.2016ж

Сыныбы: 6 «А» , «Ә»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушылардың мәтінді теру, редакторлау және пішімдеу туралы білімдерін қайталау, жалпылау, бекіту. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру. Бет параметрлерін түсіндіру.

ә) Дамытушылығы: білім, білік, дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Компьютерде жұмыс істеу дағдысын дамыту (қалыптастыру).

б) Тәрбиелігі: дәлдікке, ұқыптылыққа, оқушыларды жан-жақты баулуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқулықпен, дәптермен, интербелсенді тақтамен, компьютермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, карточкалар(үлестірмелік қағаздар), компьютер, презентация.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың және сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін тексеру, сынып журналымен жұмыс(түгендеу).

  1. Үй тапсырмасын тексеру (қосымша ақпараттық диктант)

Үйге берілген тапсырманы сұрау, қайталау сұрақтары.

  1. Бағандарды құру бұйрығы жолақтың қай тіркеме парағында орналасқан?

  2. Бағандарды құрудың алғашқы кезеңі?

  3. Бағандарды анықтауға болатын ең үлкен мүмкін мәні?

  4. Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

  5. Бағандар бұйрығы мәзірдің қай пунктінде орналасқан?

  6. Пішімдеу сызығы бойынша мәтін бағандарының санын анықтауға бола ма?

  7. Бағандардың енін өзгертудің қандай тәсілдері бар?

  8. Мәтінде ең көп дегенде қанша баған қолдануға болады? Қалай ойлайсыңдар?

  1. Жаңа сабақ

Суретке, кестеге немесемәтінге жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

  • Жиек үстеу қажет мәтінді, суретті немесе кестені бөлектеп аламыз.

  • Пішім мәзірінде Жиектер мен бояу(Формат - Границы и заливка) әмірін таңдап, «шекаралар және ішін бояу» сұхбат терезесіндегі «Шекаралар» астарлы бетіне көшеміз.

  • Қажетті шамаларды жақтаудың типін, сызықтың түрін, түсін, енін, қолдану өрісін таңдап белгілеп аламыз,

  • ОК батырмасын шертеміз.

Осы іс-әрекеттердің нәтижесін үлгіден көріп отырып,

істелген жұмыстың нәтижесі қанағаттандырмаса, «Тип» бөліміндегі Жоқ пунктін таңдап, барлығын қайтадан бастауға болады. Осы сұхбат терезесі кестенің жанама менюіндегі «Шекаралар және ішін бою» командасын орындағанда да ашылады. Саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегімен де орындау мүмкіндігі бар.

Мәтінді беттерді белгілеу режимінде көру үшін мынандай әрекеттер орындалады.

  • Оқылатын «өңделетін» Құжатты экранға шығару, яғни ашу керек.

  • Түр-Бетті белгілеу (Вид-Разметка Страницы» командасын орындау немесе көлденең жылжыту белдеуінің сол жақ шетінде орналасқан бетті белгілеу режимінің батырмасын шертеміз.

  • Басқа бір режиміне өту үшін , Түр (Вид) менюінің тиісті режим командаларын немесе көлденең жылжу белдеуінің сол жақ шетінде орналастырылған көру режимдерінің ауыстырып қосқыш батырмаларын шертеміз.

Бұл режимде құжаттың бір немесе бірден бірнеше беттерін кішірейтілген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтінге өзгерістер енгізеуге болады. Алайда элементтердің өзара орналасуы жайлы толық мәлімет алып, төменгі сілтеме қатарларды байқап, артық кеткен бос ін Файл - Алдын ала көру (Файл- Предарительный просмотр) командасын қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын ала көру үшін саймандар тақтасындағы Алдын ала көру батырмасын шертеміз.

Белсенді құжатты түгел басып шығару үшін Файл→Печать командасын орындаңдар. Печать (Баспа) сұхбат терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Көшірме саны өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.

Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл→Пребварительный просмотр командасын орындаңдар. Печать сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді баптаңыз да ОК батырмасын басыңыз.

4.Практикалық жұмыс.

  1. Сәйкестендіру тесті.

1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл - Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл - Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7. - батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету



  1. Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.

Пернетақта индикаторын ауыстыру үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?

Мәтінді Times New Roman шрифтімен, символ өлшемі 14, Абзацтық шегініс 0,7 см, жоларалық интервал - 1,5 алыңыздар. Құжатты «Ирби» атымен сақтаңыздар.

Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.

Пернетақта индикаторын ауыстыру үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?

Мәтінді Times New Roman шрифтімен, символ өлшемі 14, Абзацтық шегініс 0,7 см, жоларалық интервал - 1,5 алыңыздар. Құжатты «Ирби» атымен сақтаңыздар.

Ирби

Қысқы спорттық мереке кезінде Азиаданы қабылдайтын қалалар жалын мен мұз секілді сайыстың шынайы рухын білдіретін қызыл-көк түсті қарша түріндегі оның эмблемаларымен безендіріледі. Сонымен қатар қала көшелерінен ойынның бойтұмары болып табылатын Ирби есімді барысты көп кездестіруге болады. Барыс - мәнді әрі маңызды символ. Скифтердің мифологиясында барыс әділеттілік қорғаушысы ретінде бейнеленеді. Сондай-ақ, барыс - қазіргі тәуелсіз Қазақстанның символы.

  1. Сабақты бекіту.

1. Азат жол, парақтың оң жақ, сол жақ шеті деген не?

2. Қатар аралық, абзац аралық интервал деп нені айтады?

3. Қатар аралық, абзац аралық интервалдарды форамттау кезінде қандай өлшем бірлігі қолданылады?

  1. Үйге тапсырма. Практикалық В деңгейіндегі жұмыстарды орындап келу.

  1. Бағалау. Оқушыларды біліміне сай бағалау.



© 2010-2022